Шин Владимир Федорович (1924-1999 ж.ж.), суретші - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Шин Владимир Федорович (1924-1999 ж.ж.), суретші
Шин Владимир Федорович (1924-1999 ж.ж.), суретші
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:30 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Шин В.Ф. - живописьші. Суретші-декоратор. Синбар селосында туған, көп балалы шаруа отбасында өсті.

1937 Қиыр Шығыстан корейлерді депортациялау тұсында Қызылорда облысы Жалағаш стансасына келіп қоныстанады, осында мектепті тәмамдайды. 1943 жылы Самарқанда орналасқан Бүкілресейлік Көркемсурет Академиясына живопись факультетіне түседі.

Екінші курстан соң Коми АССР-не ағаш дайындауға еңбек әскеріне жіберіледі.
Соғыс аяқталған соң үшінші курсқа қайта қабылданады.

Анасының науқастануына байланысты оқуды тастап, Өскеменге қайта оралады. Театрда декоратор, Қаз. ИЗО шеберханаларында еңбек етеді. 1950 жылы Семейге көшіп келеді. 40 жыл бойы қаланың көркемөнерiне белсене қатысады. Оның жұмыстары жыл сайын қала көрмелеріне қойылды. Суретші республикалық маңызы бар көрмелерге бірнеше рет қатысты.

Қаланың көркемсурет шеберханаларында 34 жылғы адал еңбегі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.

"Жұмысшы Жаңбырбаевтың портреті" 1964

Суретші өзінің шығармашылық жолында натурализм бағытын жақтады. Портрет жанрында жұмыс істей жүріп, суретші адамның ерекшелігін, қайталанбас ішкі дүниесін ашып көрсетуге тырысты. Қызықты адамдарды таңдай білді.

Денсаулығы да, рухы да мықты замандас бейнесін сомдау үшін, суретші аяқ киім фабрикасының жұмысшысының суретін салуға кірісті. Жаңбырбаевтың портретінде денсаулығы да, жан дүниесі де мықты ер адамның қайсар да жігерлі келбеті, алысқа қадалған өткір жанары шынайы берілген.

Суретші жұмысшының көп жұмыс істеген қарулы, тамыры шыққан тармыс қолдарын дәл көрсете білген. Портреттің алуан түрлі бояулары үйлесім таба келіп, жұмысшы бейнесінің мағынасы мен құндылығын арттыра түскен.

Әдебиеттер:

1. Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. Семей. - 2003. - 204с.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Шин Владимир Федорович (1924-1999 ж.ж.), суретші
Страница 1 из 11
Поиск: