Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Сухов Евгений Викторович (1950 ж.), суретші
Сухов Евгений Викторович (1950 ж.), суретші
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:31 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Сухов Евгений Викторович 1950 жылы Семей қаласында туған. График, живописьші. Бала кезінен әке-шешесі суретші болғандықтан, кенептер мен бояулардың ортасында өсті. 1975 жылы Семей педагогика институтының көркемсурет графика факультетін бітірді. Балалар көркемсурет мектебінің директоры.КГФ –де живопись кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Көптеген көрмелерге белсене қатысты. Суховтың жұмыстарына кәсіби шеберлік, дәлдік, түстерді таңдаудағы талғампаздық тән. Оның орындауындағы графикалық портреттер мен живописьтік жұмыстары, лиризмге толы пейзаждары көз қуантады

«Кешқұрым» - сүреңсіз күздің мұңды да қатал бейнесі өте шынайы берілген.

Сола бастаған гүлдер мен шөптердің қоңырқай-сұрғылт бояулары ойлылыққа, мүлгіген тыныштыққа жетелейді.

Осы бір табиғат көрінісі өмір туралы философиялық ойлар туғызып, оның өткінші екендігін сездіреді.

Кешкі аспанда батып бара жатқан күннің қызғылт сәулесі ғана суретке ерекше әр беріп тұр.

Көкжиекте созыла түскен жіңішке орманның шеті көрінеді.

Күзгі желдің лебі ағаштар мен бұталардың жіңішке бұтақтарын тербеп, аспандағы аққанат бұлттарды да көшіріп бара жатқандай.

Алашабыр бұлттар, жалаңаш ағаштардың бұтақтары мен діңдерін ерекше шынайы суреттеген.

Сурет адамның өмірге деген таңданысымен емес, жан дүниесінің ойлылығымен, ұстамдылығымен көңіл аудартады.

Әдебиеттер:

1. Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. Семей. - 2003. - 204с.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Сухов Евгений Викторович (1950 ж.), суретші
Страница 1 из 11
Поиск: