Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Тұрғанбаев Ержан Сабырбекұлы
Тұрғанбаев Ержан Сабырбекұлы
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:32 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Суретші Ержан Тұрғанбаев Марқакөл ауданы, Боран ауылының тумасы. Автордың қолтаңба туындылары Шығыс Қазақстан Өнер Мұражайының түрлі тақырыптық экспозицияларынан орын алған. Ол жас суретшілердің шығармашылығын көрсетудің жаңа сериясына кіреді. Бүгінде көрермендердің назарына Ержан Тұрғанбаевтің 21 жұмысы ұсынылып отыр.

Оның суретші ретінде қалыптасуына Алматы көркемсурет училищесінің түлегі, суретші-безендіруші Бақытбек Тілеуов игі ықпалын тигізді.

Мектепті бітіргеннен кейін Ержан Тұрғанбаев 1989 жылдан 1994 жылға дейін Семей педагогикалық институтының көркем графикалық факультетінде оқыды.

В.И. Третьяков, Е.С. Асылханов, С.П. Ерошова, Н.В. Красикова, Н.Н. Өтепбаев, Г.И. Макаров, И.В. Солодухин сияқты қылқалам шеберлері мен ұстаздардан дәріс алды. Институтты тәмәмдаған жас Боран ауылында Қ.Нұрғалиев атындағы орта мектепте сызу мен бейнелеу пәнінен сабақ берді. 2000 жылы Өскеменге көшіп келіп, Шығыс Қазақстан Гуманитарлық институтында ұстаздық қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап ол Өскемен кәсіптік дайындау және сервис колледжіне сурет және кескіндеме пәнінен дәріс беруде.

Суретшінің ең жақсы көретін жанры - табиғат көрінісі (пейзаж). Автордың жұмыстарын көріп, оның туған жерге, адамдарға, қоршаған ортаға деген құштарлығын сезесің. Қылқалам шеберінің суреттерінен өзі туып өскен Боран ауылының көшелерін, аулаларын, табиғаты әсем жерлерін қызықтауға болады. Оның «Құрғақ сайдағы таң», «Аула», «Түс кезі», «Борандағы таң», «Ертістегі кеш» және басқа жұмыстары осының айғағы. Автордың «Шуақты күн» картинасы Шығыс Қазақстан Өнер Мұражайының аймақтық шығармашылық қорының коллекциясынан орын алған.

Кез-келген суретші портрет жанрына көңіл аудара бермейді. Көрмеге қойылған жұмыстардың арасында осы күрделі жанрда орындалған суреттер бар.
Көбінесе ол өзіне жақсы таныс адамдардың, туыстары мен жақындарының бейнелерін салады, оған портреттердің атаулары – «Әкемнің портреті», «Анамның портреті» дәлел.
Ержан Тұрғанбаев жұмыстарының экспозициясы суретші шығармашылығымен жақын танысуға тамаша мүмкіндіктер береді. Суретші бейнелеген туған өлкенің табиғатын өз көздерімен көріп сезінуге ынтықтырары сөзсіз.

Шығыс Қазақстан Өнер Мұражайы

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Тұрғанбаев Ержан Сабырбекұлы
Страница 1 из 11
Поиск: