Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Өтепбаев Нұрбұлан (1951 ж.), суретші
Өтепбаев Нұрбұлан (1951 ж.), суретші
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:33 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Семей облысы Баженов аулында туған .

Әр жұмысы Ұлы Қазақ Даласының әдемілігімен, әуенімен, рухымен байланысты. Балалар, қариялар, Дала – міне суретшінің сүйікті геройлары.

Кескіндемелері қазақ тұрмысын нақты суреттейді. Суреттерінің көлемі кіші болғанмен мағынасы үлкен.

Суретші тушьпен, қаламмен, акварельмен жұмыс істейді, сондықтан да оның жұмыстары қайталанбайтындығымен де, сиректігімен де құнды.

Нұрбұлан өзінің Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты даңқты бабаларының бейнесін жасауда көп еңбектенеді.

Олардың шығармаларын зерттей келе, бүгінгі күнмен байланысын, заман талабына сай сұранысын сезіне біледі.

Нұрбұлан үш баланың әкесі.

1973 ж. Семей педагогика институтының көркем-графика факультетін бітірді.

1991 жылдан "Семей" Мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істеді.

1990 ж шығармашылық қызметі үшін Қазақ бейбітшілік қорғау комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1996 ж Семей облысы әкімінің "Өнер" қайырымдылық қорының степендиаты.

1997 ж Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі

Көрмелерге қатысуы:
1986-1997 жж. қалалық, облыстық көрмелердің белсенді қатысушысы
1993 ж. педагогикалық институттардың көркем-графика факультеттері мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарының республикалық көрмесі (Семей қаласы. Облыстық көрме залы)
1994 ж Ә. Қастеевтің 90-жылдығына арналған республикалық көрме (Алматы қаласы Көркем академияның көрме залы)
1996 ж кескіндеме жұмыстарының жеке көрмесі (Семей қаласы. Невзоровтардың отбасылық облыстық бейнелеу өнер музейі)

1997 ж жеке көрме (Алматы қаласы. "Ұлар" сурет галереясы)
1997 ж М.О. Әуезовтың 100 жылдығына арналған Семей суретшілерінің көрмесі (Семей қаласы)
1997 ж М.О.Әуезовтың 100 жылдығы мен Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының 60 жылдығына, "Семей" Мемлекеттік Университетінің тұсаукесеріне арналған облыстық көрме. (Өскемен қаласы. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың көрме залы)

Музейлер, жинақтары:
Семей қаласындағы Невзоровтар отбасылық музейі
Республикалық Абай тарихи - мемориалдық музейі. Семей қаласы
АҚШ, Жапония, Қытай, Латвия, Ресей, Қазақстанда жеке коллекциялары.

Әдебиеттер тізімі:
. Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. Семей. - 2003. - 204с.

Тоқпатаев У. Қыр суреттерi: [Облыстық
кiтапханада суретшi-график Н.Өтепбаевтың" көрмесi ашылды]// Дидар.- 1997.-8 қараша

Әдебиеттер:

1. Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. Семей. - 2003. - 204с.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Өтепбаев Нұрбұлан (1951 ж.), суретші
Страница 1 из 11
Поиск: