Федоров Александр Николаевич (1857 - 1918) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Федоров Александр Николаевич (1857 - 1918)
Федоров Александр Николаевич (1857 - 1918)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:36 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Федоров Александр Николаевич 1857 жылы туған. Ол діни семинарияны аяқтаған соң Петербург университетінің биология факультетіне оқуға түседі. Осында ол заманындағы ұлы ойшылдар Д.И.Менделеев, А.М. Бутлеров, А.О Ковалевскийлердің лекцияларын тыңдайды. Университет қабырғасында Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский, Н.В.Шелгунов, Н.Н. Михайловский, т.б. революционер - халықшылдардың мақалаларымен танысады.

Ресейдің болашағы туралы қызу пікір таластыратын студенттердің бас қосу кештеріне қатысады. Осы бағыттағы алдыңғы қатарлы студенттердің революциялық үйірмесінің мүшелігіне қабылданады. Осы саяси қызметі үшін ол университеттен шығарылып, құпия полиция бақылауына алынады.

Содан кейінгі жылдары Киев, Одесса қалалары университеттеріне түседі. Онда революциялық іске белсене араласып, "Халық еркі" ұйымына мүше болады. 1883 жылы полиция Одесса революциялық үйірмесін талқандайды, оның мүшелері қамауға алынады. Оның белсенді мүшелері, оның ішінде А.Н.Федоров та бар, саяси сенімсіздер ретінде Батыс Сібірге жер аударылады. Алдымен ол Семей облысының Қарқаралы қаласына айдалады. Соңынан әскери губернатордың шешімімен 1884 жылдың тамыз айында Өскемен қаласына ауыстырылады.

Алғашында оған жергілікті үкімет Өскемен қаласында мемлекеттік органдар мен мектептерде жұмыс істеуге тыйым салады. Ол кітап түптеу ісімен, қаладағы ауқатты тұрғындардың балаларын оқытумен айналысады.

Өскеменде омарта шаруашылығымен айналысуды берік мақсат еткен ол жинаған ақшасы мен шешесінің көмегі арқылы Үлбі қонысында шағын ара омартасын сатып алады. Осы кезден бастап өмірінің соңына дейін А.Н.Федоровтың аты Өскемендегі омарта шаруашылығын ұйымдастырумен тығыз байланысты болады.

1888 жылы 5 қазанда оның айдалу мерзімі аяқталады. А.Н. Федоровке Орталық Ресейде тұруға тыйым салынғандықтан, ол Өскемен қаласында тұрақтап қалады. Өзінің саяси пікірлесі, жер аударылушы Е.П. Михаэлиспен бірге Шығыс өлкесінде омарта шаруашылығын таратуда үлкен жұмыстар атқарады. Ресей географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің мүшелігіне қабылданады.

Е.П.Михаэлиспен бірлесіп бал омартасының жергілікті табиғат ерекшелігіне сай үлгісін жасайды. 1896 жылы бүкіл Ресей көрмесінде бұл үлгі жоғары бағаланып, күміс медальге ие болады, оларға авторлық диплом тапсырылады. "Алтай омартасы" деп аталған бұл үлгі бүкіл Ресейдің барлық өлкелеріне және Қазақстанға тарайды.

А.Н.Федоров өзінің пікірлестері, саяси жер аударушылармен бірге Өскемендегі ғылыми қоғамдық жұмыстардың барлығына белсенділікпен қатысады. Революцияны насихаттағаны үшін ол үнемі жергілікті үкімет бақылауында болады.
1918 жылы 22 сәуірде дүниеден қайтты.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Федоров Александр Николаевич (1857 - 1918)
Страница 1 из 11
Поиск: