Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Хахлов Андрей Степанович (1845 - 1918 гг.)
Хахлов Андрей Степанович (1845 - 1918 гг.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:36 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
А.С. Хахлов 1845 жылы Баянауыл станицасында, казак отбасында дүниеге келген.

Ол Омск қаласында гимназияда білім алып, оны он алты жасында аяқтап, еңбекке араласты.

А.С.Хахлов ұзақ жылдар бойы Зайсан қаласында тұрды. Жеменей өзені жағалауындағы бірінші көшеде негізінен мекемелер орналасса, екінші көшенің басына Хахлов үй салып, ағаштар отырғызған. Қазақ халқымен достық қарым-қатынаста болып, олардың мұң-мүддесін қорғайтын.

Ол Зайсан аймағында егіншіліктің , бау-бақшаның дамуына негіз қалады. Жерді қолмен қашап, қолмен өңдеген оларға плугты пайдалануды, картоп, овощ өсіруді үйреткен. Кендірліктегі таскөмір кенін жер аударылған революционер

Е.П.Михаэлистің ашқаны белгілі. А.С.Хахлов жергілікті адамдармен бірлесе отырып көмір өндіруді бастаған.

Сібір сауда - өнеркәсіп жылнамасының хабарына қарағанда 1912 жылы бұл жерде 1632 тонна таскөмір, 265,5 тонна жанғыш сланец өндірілген көрінеді. А.С.Хахлов Зайсан өңірінде бірінші болып бал арасын өсірумен шұғылданған.

1882 жылы алғаш омарта құрған. Алынған бал өте дәмді және сапалы еді. Балды Семей т.б. қалаларға жіберіп отырған.

1883 жылы АҚШ -тың Чикаго қаласында өткен халықаралық көрмеде жоғары баға алды.

1876 жылы дүние жүзіне әйгілі "Жануарлар өмірі" деп аталатын алты томдық еңбектің авторы, аса көрнекті зоолог, жазушы-натуралист А.Э.Брэм және оның әріптесі, белгілі неміс ғалымы Отто Фринш Қазақстан мен Батыс Сібірді аралады. Сол жылы 16 мамырда Зайсанға келіп, А.С.Хахловпен танысады, оның үйіндегі зоологиялық, ботаникалық музейді көріп, көптеген мағлұматтар алған. Андрей Степанович неміс зоологтарына Зайсан өңірінде ғана кездесетін сирек жануарлар жайында кеңестер берген. Альфред Брэм ұлар деп аталатын құсқа ерекше назар аударған. Неміс зоологтары Зайсаннан қар барысының, екі құланның терісін ала кеткен. Шет қиырдан орын теуіп, табиғат таңғажайыптарын жете меңгерген Андрей Степанович Хахлов тәрізді адаммен кездескендеріне таң қалған.

Міне, соңына өшпес із қалдырған өлкетанушы, зайсандық жерлесіміз Андрей Степанович Хахлов осындай адам еді. Ол 1918 жылы мамырдың екінші жұлдызында қайтыс болған.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Хахлов Андрей Степанович (1845 - 1918 гг.)
Страница 1 из 11
Поиск: