Владимир Афанасьевич Обручев (1863-1956 гг.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Владимир Афанасьевич Обручев (1863-1956 гг.)
Владимир Афанасьевич Обручев (1863-1956 гг.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:38 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Академик Владимир Афанасьевич Обручевтің есімі бүкіл әлемнің геологтары мен географтарына әйгілі. Оның осы саладаәы жазған еңбектері ТМД елдерінің жер құрылысы мен беткейлерін, табиәатын тануәа зор үлес қосты.

Владимир Афанасьевич Обручевтің есімімен Орталық және Орта Азияда, Сібірде ғана емес, Шығыс Қазақстанда жүргізілген зерттеулер де тығыз байланысты.

Ол 1905 жыләы Орта Азияға саяхаты кезінде Семей облысын солтүстігінен батысына, оңтүстігінен шығысына дейін өтіп Тарбағатай сілемдерін, Маңырақ қыраттарын, Зайсан ойпатын, Қара Ертіс жағалауын зерттеді. Зайсанда болды.
Ол, әсіресе, Қалба тауларының геологиялық және географиялық құрылысына ерекше назар аударды. Алғашқы жыл өткен соң ғалым бұл жерге екінші рет экспедиция жасады.

Ғалым 1911 жылы Өскеменде болып, күнделігіне ол туралы "Орталық алаңда бірнеше тастан салынған үйлері бар үлкен село. Қалада қонақ үйлер болмағандықтан біз көмір іздеумен және оның жиналуын күтумен бірнеше бөлмелі, жиһаздары жоқ бос үйге екі күн тоқтадық", - деп жазды...

Ол Өскеменде өзіне Қалба таулары туралы деректер берген саяси жер аударылған Е.П.Михаэлиспен танысты.
В.А.Обручев жаз бойы өз баласы Сергеймен, тау-кен инженері Павловпен бірге Қалба тауларын геологиялық зерттеумен шұғылданып, бірқатар алтын қазатын рудниктерде болды. Ақжал поселкесі ауданында тау жыныстарының 300-ден аса түрлерін жинап, топографиялық және геологиялық карталар жасады.

Ол өз еңбектерінде археологтардың назарын Қалба тауларын тас дәуірінде адамдар мекендеген жерлер ретінде зерттеу керектігіне аударды. Қалба тауларына жасаған екі экспедициясы туралы Обручевтің "Менің Сібірдегі саяхаттарым" деген кітабында жазылған.

Қалба тауларында болғанда ол Алтайдың геологиясына ерекше мән берді. Алтай ежелгі тау жүйесі деген ұғым дұрыс емес деген қорытындыәа келді. Ғалымның 1914 және 1936 жылғы саяхаттары Алтайды тереңірек зерттеуге арналды.
Соның нәтижесінде маңызды ғылыми жаңалықтар ашылды. Бұл В.А.Обручевті біздің еліміздегі даңқты геологтар қатарына қосты.

Јдебиеттер:

Обручев Владимир Афанасьевич //ҚСЭ. Т. 8.- 431 б.

Черных С. Шығыс Қазақстанды зерттеген ғалым. (В.А. Обручев)// Коммунизм туы. - 1977.-1 ақпан.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Владимир Афанасьевич Обручев (1863-1956 гг.)
Страница 1 из 11
Поиск: