Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Потанин Григорий Николаевич (1835-1920 гг.), саяхатшы, этног
Потанин Григорий Николаевич (1835-1920 гг.), саяхатшы, этног
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:38 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Григорий Николаевич Потанин - орыс географы, этнографы, фольклорисі, саяхатшы, түркі-монғол халықтары мәдениетін зерттеуші. Әскер отбасында туған.

Омбыдағы кадет корпусында оқып жүрген кезінде жас Ш. Уәлихановпен достасып, оның және корпус оқытушысы Н.Ф.Костылецкийдің ықпалымен қазақ даласын, көшпелілердің тұрмыс жағдайларын, тарихын танып-білуге М.Перемышльскийдің әскери жасағы құрамында Іле жорығына қатысты, Алтайда әскери қызмет атқарды.

1856 ж. Омбыдағы Батыс Сібір және Қазақ даласы Әскери басқармасына ауыстырылды. Осы уақыттың ішінде ауыз әдебиетіне, этногафияға қатысты материалдарды жазып алып, Ш.Уәлихановтың нұсқауымен Орта, Ұлы жүз қазақтарының және жоңғарлардың Россиямен қарым-қатынастарына байланысты архив материалдарымен танысты. "Сібір үйірмесі" атты жасырын ұйым 1861 ж. талқандалды да, оған қатысқан Потанин Г.Н. Петропавл қамалына жабылды, Омбыға жер аударылды.

1863-64 ж. астроном К.В.Струвенің басқаруымен Зайсан көлі мен Тарбағатай, Жоңғар Алатауы атырабына ұйымдастырылған экспедицияға қатысты. 1871 ж. "Томскі губерниясында түркі және фин тайпаларының 17-19 ғ. басында таралуына шолу" атты еңбек жазды. 1876-77 және 1879-80 ж. Солт. Қытай, Шығыс Тибет, Орталық Монғолия, 1899 ж. Үлкен Хинган экспедицияларына басшылық етті. Зайыбы А.В.Потанина мен бірге жүргізген экспедициялық зерттеулер нәтижесінде сол уақытқа дейін белгісіз Орта Азия атырабының этнографиясы және географиясы туралы кең көлемді ғылыми мәлімет берді. Экспедиция кезінде жиналған көптеген гербарий, зоол. коллекциялар негізінде Азияның кең байтақ бөлігінің органикалық дүниесіне сипаттама жасалды.

Географиялық озық еңбектері үшін Потанинді Орыс географиялық қоғамы 1886 ж. Константинов медалімен наградтады. "Солтүстік-батыс Моңғолия очерктері" атты еңбегіне географиялық, биологиялық, этнографиялық материалдармен қатар қазақ, тува, алтай, хакас, бурят, монғолдардың 222 аңыз, аңыз-әңгіме, ертегі, шежіре, жыр текстері енді. Осы материалдардың ішінде Потаниннің Баянауылдағы Мұса Шормановтың ауылында жазып алған және Ш.Уәлихановтың қолжазбаларынан алынған текстер бар. Ш.Уәлихановтың Сырымбеттегі ауылына барып қайтқан сапарында Потанин Г.Н. "Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері" атты жинақ және "Қазақтың соңғы ханзадасының үйінде" атты мақала бастырып шығарды. Бұның бәрі Потаниннің түркі - монғол ғылымына қосқан игі жаңалығы болды.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Потанин Григорий Николаевич (1835-1920 гг.), саяхатшы, этног
Страница 1 из 11
Поиск: