Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Пржевальский Николай Михайлович (1839- 1888 ж.ж.)
Пржевальский Николай Михайлович (1839- 1888 ж.ж.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:38 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Н.М.Пржевальский өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ұлы географ, ол-жаратылысты тәжірибе жүзінде зерттеп танудың атасы.

Николай Михайлович Европа ғалымдарының аяғы баспаған Орталық Азияның табиғаты мен оның байтақ даласын бірінші болып зерттеген ғалым. Ол үздіксіз 20 жыл жорықта болып, құпиялы жердiң сырын ашуды мақсат тұтты.

Сөйтiп, атақты саяхатшы Орталық Азияны зерттеудiң негiзiн жасап, кейiнгi шыққан саяхатшы ғалымдарға жол көрсеттi.

Н.М.Пржевальский 1839 жылы Смоленск облысы, Кимборы деревнясында туған. Пржевальскийдің жанұясы ауқаттылар қатарында болғандықтан, ол жастайынан ешнәрседен мұқтаждық көрмейді. Кішкене Коля жас кезінен-ақ өте пысық, өткір, әр нәрсеге зейінді болып өседі.

Оның алғашқы ұстаздары анасы Елена Алексеевна мен нағашысы Павел Алексеевич болған. Бірақ ол үй ішінен үйренген білімді місе тұтпайды. Баланың бұл тілегін анасы сезеді, сөйтіп он жасар Николай мен інісі Владимир екеуі бірден гимназияға емтихан тапсырады. Ол 1855 жылы 16 жасында гимназияны бітірген соң, әскери қызметке түседі. Бес жыл әскери қызмет атқарады.

1860 жылы әскери қызметтен босанып, жоғарғы штабтың академиясына түсуге мүмкіндік алады. Мұнда болашақ саяхатшы үш пәнді (тарих, география, жаратылыстану) өте жақсы зерттеп, өзінің мамандығын осыларға бейімдейді.

Сондай-ақ, ол жақсы оқумен қатар, баспасөз ісіне де қатынасады. Сөйтіп 1862 жылы "Аңшының күнделігі" атты мақаласы жарық көреді. Әдемі көркем тілмен жазылған бұл мақаласы саяхатшының әскери қызметте жүргендегі басынан кешірген уақиғаларды суреттеуге арналған еді. Бұл мақала Пржевальскийді бірінші рет көпшілікке таныстырады.
Ал "Амур өлкесін әскери статистикалық шолу" еңбегі Пржевальскийді ғалымдар дүниесімен таныстырып, оның география қоғамына мүше болып өтуіне себепші болады.

Н.М.Пржевальский әскери академияны 1963 жылы бітірген соң Варшавадағы юнкер мектебіне оқытушы болып тағайындалады. 1867 жылы Варшавадан Петербургке келіп, Қиыр Шығыстың ең бай Уссури өлкесін зерттеуге аттанады. Атақты саяхатшы 1870 жылы "Уссури өлкесіне саяхат" деген көркем тілмен жазылған өзінің алғашқы қорытынды зерттеу еңбегін шығарады.

Сол жылы Монғолияға саяхат жасады. Атақты ғалым бұл сапарында көк өзенге жетіп кері қайтады. Гоби шөлінің жаратылысын, географиясын жете зерттеу мақсатымен орталық жерін кесіп өтіп, оңтүстік шетінен теріскейіне дейін аралап шығады. "Монғолия және таңғұт жұрты" атты шығармасы оның Орталық Азияға жасаған бірінші жорығының қорытындысы еді. Орталық Азияның географиясын, халқын тануда жаңалық берген бұл шығарма өткен ғасырдағы оқымысты-ғалымдарға елеулі ықпалын тигізді және география-зерттеу-жұмысының сарқылмайтын бұлағы болып табылды.

1876 жылы Жетісу өлкесі арқылы Орта Азияның екінші жорығына шығады. Бұл сапарынан кейін "Құлжадан Тань-Шанның аржағына, Лоб-норға дейін" атты еңбегінде Қашқар өлкесімен қоса, Лоб-нор мен Алтын-таудың сырын ашып ғылыми жүйемен суреттеп жазды.

Осы сапарда күн-түн демей жұмыс істеген саяхатшының халі әлсіреп науқасқа шалдыққан соң, жол бастаушысы Зайсандық Мырзаш Алдияров ғалымды Құлжадан Зайсанға 1877 жылдың күз айында алып келеді. Үш ай аралығында Зайсан дәрігерлерінің көмегімен науқасының беті қайтқан соң, сапарға тағы шықпақшы болған саяхатшыны Петербургтен келген телеграмма тоқтатады, ол туған елі Ресейге қайтады.

Араға бір жыл салып ол Орта Азияға үшінші, Тибетке бірінші (1879-1880 жж.) жорығын Зайсан қаласынан бастаған. Бұл жолы да осы өңірдің қыр-сырын жақсы білетін жиһанкез Мырзаш Алдияров Пржевальскийдің атқосшысы болады. Сөйтіп, Зайсаннан Кендірлік ауылы арқылы Майқапшағай өңірімен Тибетке бет алады. Осы сапардан соң жарық көрген "Зайсаннан Хами арқылы Тибетке және Сарыөзеннің бас ағасына" атты зерттеу еңбегінде біздің Зайсан өлкесіне, оның таулы қыраттары мен құмды ойпаттарына, табиғатына байланысты өсетін өсімдіктеріне ерекше сипаттама берді.Cондай-ақ Орта Азия халықтарының өмірі мен тұрмысына, мәдениетіне баса назар аударылып, этнографиялық жағдайлары қызықты баяндалған.

Пржевальскийдің 1888 жылғы сапарында Тянь-Шань таулары арқылы Тибетті зерттеп Лхасаға дейін бару мақсаты сәтсіздікке ұшырап, абайсызда уланған су ішіп, Ыстықкөл маңында әйгілі саяхатшы қазан айының 20 күні дүниеден өтеді. Өз өтініші бойынша денесі Ыстықкөлдің жағасына жерленеді.

Н.М.Пржевальскийдің ғылымға қосқан үлесі үшін Берлиннің, Лондонның, Италия мен Шведтің географиялық қоғамдары өздерінің жоғары дәрежелі медальдарымен наградталған.

Зайсан жұрты орыстың ұлы саяхатшысын еске алып, пір тұтады. Зайсанда болған кездерінде тоқтаған үйінде мемориалды тақтайша орнатылып, ол үй музейге айналған.

1959 жылы саяхатшының туғанына 120 жыл толу мерекесіне байланысты Зайсан қаласындағы ежелгі саябақ Пржевальский саябақ деп аталды. Саябақ алдына ескерткіш - бюст орнатылды. Тибетке бет алған сапарында тоқтаған ы Кендірлік ауылында (қазіргі Сартерек) саяхатшы ғалымның атымен аталған онжылдық мектеп бар.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Пржевальский Николай Михайлович (1839- 1888 ж.ж.)
Страница 1 из 11
Поиск: