Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский (1827 - 1914 гг.), ғалым-г - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский (1827 - 1914 гг.), ғалым-г
Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский (1827 - 1914 гг.), ғалым-г
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:39 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Семенов -Тян -Шанский (1827, қазіргі Липецк обл. Чаплыгин ауд., Урусово с. - 1914, Петербург) - орыс географы, статист, қоғам қайраткері, Петербург ҒА-ның құрметті мүшесі (1873).

Орыс географиялық қоғамының вице-председателі (1873-1914). Мемлекеттік совет мүшесі. Дворян тұқымы. 1848 ж. Петербург университетінің жаратылыстану бөлімін бітірді.

1849 ж. Шығыс Европада (Орыс жазығында) экспедициялық зерттеу жұмысын жүргізді. 1853-55 ж. Германия, Швейцария, Италия және Францияның географиясын, геологиясы мен мен экономикасын зерттеді.

К. Риттердің "Землеведение Азия" деген еңбегін Россияның Азиялық бөлігінің жаңа деректерімен толықтырып, орысшаға аударды.

1856-57 ж. Тянь-Шаньды зерттеп, алғашқы рет оның геогр. схемасын жасап, мұндағы биік зоналықты толық дәлелдеді. Осындағы ірі мұздықтарды ашты.

1851 жылы Семенов -Тян - Шанский Тянь-Шань саяхатына шыққан кезінде Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысып, оның болашақ ғылыми жұмыстарына бағыт сілтеді. Семенов Тян - Шанскийдің кеңесімен Шоқан әйгілі Қашғар саяхатын жүзеге асырды. С -Т - Шанский сол жолы Верныйдан(Алматы) Іле Алатауы арқылы Ыстық көлге дейін зерттеп қайтады. Аса бай коллекциялар жинап, өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жүздеген түрлерін ашты. Оның басшылығымен Ш.Уәлихановтың, Н.М.Пржевальскийдің, Г.И.Потаниннің , И.Д. Черскийдің, В.А. Обручевтің т.б. экспедициялары ұйымдастырылды.

С-Т-Ш Россияда статистиканың дамуына көп еңбек сіңірді. 30 жылдан артық уақыт Россияның статистикалық басқармасына жетекшілік етті.

1864-74 ж. Орталық статистикалық комитеттің директоры, 1874-97 ж. Статистикалық советтің председателі, Россия статистерінің 1-сьезін ұйымдастырды.

1897 ж. тұңғыш жаппай халық санағын жүргізді. "Живописная Россия" деген көпшілікке арналған көп томдық еңбекті редакциялауды басқарды. Орта және Орталық Азияда, Кавказда, Аляскіде, Шпицбергендегі түрлі географиялық обьектілерге Семенов -Тян - Шанскийдің есімі берілген.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский (1827 - 1914 гг.), ғалым-г
Страница 1 из 11
Поиск: