Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Щербаков Борис Васильевич, (1939 ж.) жазушы - натуралист
Щербаков Борис Васильевич, (1939 ж.) жазушы - натуралист
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:39 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Борис Васильевич Щербаков 1939 жылдың 20 шілдесінде Өскемен қаласында дүниеге келген.

Ата -анасы соғыс уақытында қайтыс болған. Ата-анасынан ерте айырылған Борис апасының қолында тәрбиеленеді. Кішкентайынан өз күнін өзі көрген ол, білім алуға талаптанады.

Туған өлке табиғатына деген махаббаты кейін Бористің ғылыми бағытта жұмыс істеуіне жол ашады.

Алғашқыда ол қанатты құстарды байқап қадағалап жүреді де, кейін біріңғай орнитологияның ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданады.

1967 жылы Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі ШҚМУ) биология факультетін тәмамдаған. Биология ғылымының кандидаты дәрежесін қорғаған.

Б.Щербаков жиырма жылға жуық жас натуралистердің облыстық станциясының зоологиялық үйірмесін басқарған. Сол кездері ол жас натуралистермен бірге туған өлкеге саяхат жасап жүреді. Борис жол дәптеріне жорықта көргендері мен кездескен қызықты оқиғаларды жазып отырған. Осы жазбаларынан туған табиғат жайлы суреттемелері мен әңгімелері "Жас натуралист", "Природа", "Охота и охотничье хозяйство", "Казахстанская правда", "Ленинская смена", "Рудный Алтай" газет-журналдары мен "Лик земли" жинағында жарық көріп жүрді.

1976 жылы "Жалын" баспасынан "Житель лунных тугаев" атты тұңғыш кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа табиғаттың таңғажайып көріністерін суреттейтін жиырмаға жуық әңгімесі топтастырылған.

"Кулуджунские звезды", "Подруги", "Осень в лесу", "Красное, желтое...", "Зимняя сказка" т.б. суреттемелерінде жазушы-натуралистің бақылау дәлдігімен таныстырса, "Кларка", "Семка", "Житель лунных тугаев" әңгімелерінде автор өсімдік пен жануарлардың ішкі дүниесіне зер салғандай әсер етеді.

1980 жылы жарық көрген "У озера звенящих колоколов" кітабы арқылы шөл және шөлейтті жерлерді мекендеушілердің қызғылықты әлемін ашуға тырысады. Шығармада Зайсан өзені өңірі, Қара Ертіс бойы, Маңырақ шатқалдарында мекен етуші жәндіктер мен өсімдік дүниесінің өмірі тартымды баяндалған.

1983 жылы қаламгерлеріміздің "Золотыми тропами осени" деген кітабы дүниеге келеді. Бористің жас натуралистермен Батыс және Кенді Алтай алқаптарына жасаған саяхаттары жайлы "Тропа длиною в год" (1985ж) кітабында әңгімеленген. Автор нақты дәлелдер келтіре отырып бұл жерлерде қорық аймағын құру керектігі жайлы ұсынысын білдіреді.

Б.Щербаковтың кейінгі творчестволық тақырыбының өзегі - экономикалық мәселелер болды.

1996 жылы өлкетанушы Б.Щербаков "Птицы за окном" деген атпен Шығыс Қазақстанда мекендейтін құстар туралы кітабы жарық көрді. Ғалым елді мекендер мен оның маңайын мекендейтін құстардың, олардың түрлері мен санының өзгеруіне тарихи шолу жасайды да, өлкеміздің Батыс және Кенді Алтай аймақтарының қысқаша географиялық жағдайын сипаттайды. Сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау, құстардың мекендеуіне жағдай жасау, елді мекендерді көгалдандыруға ерекше маңыз береді.

Борис Васильевич Щербаковтың қай шығармасын алсаңыз да, қоршаған ортаны сақтауға, табиғат байлығын қорғап және оны аялай білуге шақырады.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Щербаков Борис Васильевич, (1939 ж.) жазушы - натуралист
Страница 1 из 11
Поиск: