Батиньков С.А. (1920 - гг.), Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Батиньков С.А. (1920 - гг.), Кеңес Одағының батыры
Батиньков С.А. (1920 - гг.), Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:40 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Сергей Алекееевич Батиньков 1920 жылы Семейде ұсак онерші семьясында туады. Ұлты орыс. КПСС мүшесі. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1940 жылы Армия қатарына шақырылады.

Авиация училищцесінде о0иды. 1942 жылы июньде 227-Қызыл Тулы Берднчев шабуылшы авиация дивизия 208-шабуылшы авиаполк құрамында май-армияға келіп, Брянек, Воронеж, 1-және 4-Украин майдандарында ұрыстарга катысады. Жаудың Доннан Одерге дейінгі откелдеріне шабуыл жасайды. Үш рет Қызыл Ту орденіменен, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен награтталады. 1945 жылғы 29 июньде капитан С. А. Батиньковка Совет Одағының Батыры атағы берілд!.

1942 жылғы августың басында командованиенің тапсырмасы бойынша Сергей Батиньков тоғыз "ИЛ-мен" Кротояк ауданында дұшпанның 3000-нан астам атты өскері бар колоннасына атака жасады. Жауға кенеттен соққы беріліп, бірнеше жүз атты әскері жойылды. ?рыстың қызу кезінде Батиньков аяғынан жараланып, самолеті зақымданды. Машинасы жана бастады. Өмірі қыл үстінде тұрды. Не істеу керек? "Парашютпен секіріп, гитлершілердің қолына түсу керек пе... Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Онан да өлген артық" - деп ұйғарды Сергей. Қайсарлық пен ерлік өз айтқанын істетіп, ол әзер дегенде жанған машинаны өз жеріне қарай бұрды. Сол кеште майдан командашысы армия генералы Ватутин батырға алғыс жариялады.

Қызыл Армияның шабуылы басталған кезде қазақстандық жауынгер Сталинград түбінде дұшпанның қарсыласу тораптары мен танк резервтеріне шабуыл жасап, соққы беруге қатынасты. Декабрьдің аязды күндерінің бірінде Батиньков "ИЛ" звеносымен Клетска ауданында соғыс техникасы мен жаяу әскер резервін әкеле жатқан темір жол эшелондарына атака жасады. ?шқыштың қимылының тиімді болғандылгы сонша - бірнеше минут ішінде-ак, жаудың екі эшелоны мен бір оқ-дәрі қоймасы жойылды. Бір аптадан соң звено ауа райының қолайсыздығын пайдаланып, Тацинск аэродромында тұрган дұшпанның 11 самолетін жойып жіберді. І-Украин майданының жауынгерлік қимылының алғашқы күндерінен бастап С. А. Батиньков Днепрдің оң жағасындағы плацдармды кеңейту және Житомир түбінде неміс-фашист әскерлерінің қарсы шабуылын тойтару ұрыстарына, ол одан кейін Житомирді, Бердичевті, Коростеньді, Брусиловты, Львовты, Станиславты, Украинаның көптеген қалалары мен селоларын азат ету ұрыстарына қатынасты.

1943 жылдың ноябрь айының аяғында Батиньков "ИЛ" тобымен жауынгерлік тапсырманы орындап жүрген кезде Брусилов ауданында жаудың қарсы шабуылға шығу үшін топтастырылған қалтарыста тұрган танктері мен соғыс техникасын байқап қалды. Бірден-ақ атака жасау керек деген ой келді. Сөйтіп, фашистердің төбесінен ажал оғы шүйіліп түсіп жатты. Бомбы, снарядтар мен оң-дәрінің жарылуынан жер қозғалгандай. Батинысов самолетін бұрды. Кенет машина сілкініп қалғандай болды - самолетке жау снаряды тиді. Жалын бұрк, ете түсті. Ер жүрек ұшқыш саспады, ол қалған бомбасын жау танкілеріне тастап, өз жағына шығуға тырысты, Бірақ үлгіре алмай қалды. Өртенген самолет жау басып алған жерге қонды. Сергей атқышы екеуі неміс автоматчиктерімен атыса отырып, майдан шебінен өтті де бөлімшеге оралды. Батиньков соғыс кезінде жауға қарсы 129 рет аспанға көтерілді. Оның өзі жаудың көп техникасы мен жаяу әскерін жойды.

Әдебиеттер:

Совет Одағының Қазақстандық батырлары.- Алматы.- Қазақстан, 1969. - Т1. Б. 99

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Батиньков С.А. (1920 - гг.), Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: