Бекбосынов Серікқазы (1925 ж.ж.), Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Бекбосынов Серікқазы (1925 ж.ж.), Кеңес Одағының батыры
Бекбосынов Серікқазы (1925 ж.ж.), Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:40 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Серікқазы Бекбосынов 1925 жылы Семей облысының Абай ауданында кедей семьясында туған. Ұлты қазақ. Соғысқа дейін совхозда жұмысшы болып істейді де 1943 жылдың қаңтарында Қызыл Армия қатарына шақырылады.

7-армияның 99 гвардияшы атқыштар дивизиясының құрамында неміс-фашист басқыншыларына қарсы ерлікпен шайқасады.

Свирь өзенінен ойдағыдай өткені үшін аға сержант Серікқазы Бекбосыновқа СССР Жоғарғы советі Президумының 1944 жылғы 21 июньдегі Указы бойынша Совет Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жылдың 21 маусымы Серікқазының есінен шықпастай болды. Командованиенің алдында қайткенде Свирь өзенінен өтіп, өзеннің оң жағалауындағы күшті бекініс позициясынан дұшпанды қуып шығу міндетін қойды.
300 гвардияшы атқыштар полкінің командирі, өте қатерлі істі орындап шығуға 12 адам керек дегенде сапта тұрған жауынгерлердің 100 ден астамы алға шықты. Ең батыл да батыр гвардияшылар іріктелініп алынды.....

Свирь өзенінің арнасы кең және терең еді. Бұл өзеннің суық суы қатты ағып, Ладога көліне құйылып жатады. Жауынгерлер өзенге түсісімен -ақ жау тұрған жақ қозғала бастады. Финдер жауынгерлерге минометтен, артиллериядан оқ жаудырды. Бірнеше сал жағада - ақ қирады. Бекбосынов өзінше шешім қабылдап, суға секіріп түсті де арғы бетке жүзіп шықты. Басқалар да біреулері салға, бреулері қайыққа отырып жүзе жөнелді. Ержүрек батырларға ештеңе кедергі бола алмады.

Арғы жаққа шыққан Бекбосынов финдерді автоматтан атқылай бастады. Көп кешікпей ержүрек жауынгерлер шағын плацдармға ие болды. Фашистер жеті рет қарсы атакаға шығып, біздің жауынгерлердің күші басым жаумен жеті рет ұрыс салуына тура келді. Алайда, Бекбосынов пен оның достары қолға түсірген әр сүйем жерді қорғап қалды. Бұл ұрыста ондаған жау сазайын тартып, жер жастанды.

Соғыстан кейін Серікқазы Бекбосынов Жарма ауданының "Шалабай" , одан кейін Шығыс Қазақстан облысының "Багратион" совходарында еңбек етті.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Бекбосынов Серікқазы (1925 ж.ж.), Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: