Белібаев З. (1917 ж.), Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Белібаев З. (1917 ж.), Кеңес Одағының батыры
Белібаев З. (1917 ж.), Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:40 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Зәкәрия Белібаев 1917 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Қарауыл селосында кедей шаруа семьясында туады. Ұлты- қазақ, КПСС мүшесі. Соғысқа дейін совхозда жұмыс істейді. Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылады. Отан соғысының түрлі майдандарында ұрыстарға қатысады.

60 - армияның әскерлері тегеурінді шабуыл жасап, шегініп бара жатқан жауды өкшелей қуа отырып, 1943 жылғы сентябрьдің аяқ кезінде Киевтің солтүстігінде Днепрге жетті. 24 сентябрьге қараған түні алып Днепрден өту тарихы басталды. 21-дербес понтон-көпір жасау батальоны өзеннен әскерлерді өткізуді қамтамасыз ету жөнінде бұйрық алды. Батальонның жауынгерлері мен командирлері осы жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде батырлық пен ерлік көрсетті.

Понтоншы Зәкәрия Белібаев ерекше көзге түсті. Түн жамылып қайықтарға, понтондарға, салдар мен басқа да қолдан жасалған құралдарга әскерлер, техника мен оқ-дәрі тиелді. Фашистер судан өтіп келе жатқандарды ерте байқап қалып, бората оқ жаудырды. Понтоншы-жауынгерлер бірінен соң бірі қатардан шығып қалды. Десант тобының командирі ауыр жараланған соң понтоншы Зәкәрия Белібаев топты басқаруды өз қолына алды. Десант өзеннің ортасына жеткен кезде жаудың оқ атуы одан сайын күшейе түсті. Айналада снарядтар мен миналар жарылып, оқ жаңбырдай жауды. Толқын соққан қайықтар аударылып, понтондарды оқ тесіп жатты. Осындай қатерлі минутта снарядтың жарылуынан буырқанып жатқан өзен үстіндегі теңдесі жоқ жекпе-жек айқаста Закария тесіктерін тығындап, понтондарды сақтады, понтон үстінен суға құлағандарды құтқаруға жауынгерлерді ұйымдастырды. Ақыры, көптен аңсаған жағаға жетті де. Жауынгерлер суға секіріп түсіп, жүзіп жағаға шықты да фашистермен кескілескен шайқасқа кірісіп кетті. Гитлершілер қайта-қайта қарсы атака жасай берді.

Олардың бәріне де тойтарыс берілді. Жау солдаттары мен офицерлері ондаған өлігін қалдырып, қорғаныстың алдыңғы шебінен шегінуге мәжбүр болды. Дұшпанның бората жаудырган оғы астында 3. Белібаев бірнеше тәулік бойы мұздай суды кешіп, бір бөлімшеден соң екінші бөлімшені біздің қолымыздағы плацдармға өткізіп отырды. Жауынгерлермен бірге оң жағалауға зеңбіректер мен минометтер, оқ-дәрі мен азық-түлік өткізілді. Плацдарм әрбір сағат сайын кеңейтіліп, нығая берді. Біздің бөлімшелеріміз қосымша қуатты күш алып, жау позициясына жұмыла атака жасап, гитлершілерді батысқа қарай ығыстырып тастады.

Днепрден өткен кездө көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін аға сержант 3. Белібаевқа СССР Жоғаргы Советі Президиумының 1943 жылғы 10 октябрьдегі Указы бойынша Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыс аяқталды. Батыр туған өлкесіне оралып, бейбіт еңбекке кірісті, ол "Арқат" совхозында ұзақ жылдар жұмыс істеді

Әдебиеттер:

Совет Одағының қазақстандық Батырлары. Т.1.- Алматы ,"Қазақстан" 1969. - Б.117-118

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Белібаев З. (1917 ж.), Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: