Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Берестов Федор Сергеевич (1922-1944 жж.), Кеңес Одағының бат
Берестов Федор Сергеевич (1922-1944 жж.), Кеңес Одағының бат
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:41 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Федор Сергеевич Берестов 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысының Глубокое поселкесінде туған. "Прогресс" колхозында егіс жұмысында, онан кейін киномеханик, гаражда бензин құюшы болып істейді. 1941 жылдың авгусында армия қатарына шақырылады. 67-гвардияшы атқыштар дивизиясы 201-гвардияшы атқыштар полкінің бөлімшесін басқарып, гвардия сержант Федор Берестов ғажайып ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті.

1945 жылдың 24 мартында Ф. С. Берестовқа Совет Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жылдың 22 июнінде Радьково ауданындағы дұшпанның мықты қорғаныс бекінісін бұзып өту кезіндегі ұрыстарда гвардия сержанты Берестов жауып тұрған оққа қарамастан өзінің бөлімшесін бастап, жаудың қорғаныс бекінісіне бірінші болып басып кірді. Бөлімшеге жау нөсерлете оқ атып, қарсылық көрсетті. Төбе басынан жау пулеметі үздіксіз оқ жаудырып тұрды.

Федор Берестов жаудың дзотын жоймақшы болып ілгері ұмтылды. Гранат алып, автоматын қайта оқтады, сол жердің ой-шұқырын пайдаланып, дзотқа беттеді. Немістер ер жүрек жауынгерді байқап қалып, оған оқ жаудырды. Сержант жата қалды да оқ жауып тұрған алаңнан еңбектеп байқаусыз шығып кетті. Жау енді оны өлді деп санап, басқа жақты атқылады.

Берестов дзотқа жасырынып келіп, төрт гранатты бірінен соң бірін лақтырып жіберді. Дзоттан үн шықпай қалды. Оның ішінде дұшпанның офицері мен жеті солдатының жер жастанғаны соңынан белгілі болды. Оған қоса үш пулеметі жойылды.

1944 жылдың 24 июнінде Ф. С. Берестов Батыс Двина өзенінен бірінші болып өтті. Буй селосының оңтүстігінде дұшпанның өршелене жасаған қарсы атакасына тойтарыс беріп, бетпе-бет ұрыста ержүрек жауынгер найзамен және мылтықтың дүмбісімен тағы да сегіз гитлершіні жайратты.
Келесі күні Малойки елді пунктінің маңындағы тас жол үстінде болған ұрыста ол гранат байламымен өздігінен жүретін зеңбіректі жойып жіберді. Ерлік көрсеткені үшін гвардия сержант Берестов Совет Одағының Батыры атағын беруге ұсынылды.

Бірақ ол жоғары награданы ала алмай, ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.

Ол былай болған еді. Берестовтың бөлімшесі қорғаған шепке дұшпанның танкілері мен жаяу әскері атака жасады. Алда келе жатқан танкті Берестовтың өзі гранат лақтырып істен шығарды. Екінші танк оның жауынгер досы Петренконың дәл тигізген гранатынан лаулап жанып жатты. Алайда, немістер атқыштар бөлімшесінің шебіне өтті. Бетпе-бет айқас басталды. Федор Берестовқа бірнеше гитлершілер тап берді. Жау оны қоршап алған кезде ол гранатын төбесінен жоғары көтеріп тұрып, жарып жіберді...

Берестовтың жауынгер достары Петренко мен Новиков Батырдың анасына былай деп хат жазды:
"...Біздің арамызда Федя Берестовтың жоқ екеніне илану біз үшін ауыр. Бірақ біз оны мақтаныш етеміз. Ол ерлікпен қаза тапты. Жарқын өмір сүрген оның есімі жүрегімізде мәңгі сақталмақ".

Әдебиеттер:

Совет Одағының қазақсатндық батырлары. 2-томдық. Т.1. Алматы. - 1969. Б.133-134.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Берестов Федор Сергеевич (1922-1944 жж.), Кеңес Одағының бат
Страница 1 из 11
Поиск: