Безголосов М. В. (1920-1945 жж.), Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Безголосов М. В. (1920-1945 жж.), Кеңес Одағының батыры
Безголосов М. В. (1920-1945 жж.), Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:41 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Виталий Мефодьевич Безголосов 1920 жылғы 20 майда Шығыс Қаэақстан облысындағы Шемонайхы ауданының Каменевка селосында туады. 1931 жылы семьясы Лениногорскіге көшіп келеді.

Орта мектепті бітіргеннен кейін ФЗО мектебіне оқуға түседі, одан 1941 жылдың октябрінде армия катарына шақырылады. Калинин, Далалық, 1-және 4 Украин майдандарында ұрыстарға қатысады.

Төрт рет жаралы болады. 1943-1944 жылдары екі рет "Ерлігі үшін" медалімімен, ІІІ-дәрежелі Даңқ, Қыэыл Жұлдыз ордендерімен наградталады.

1945 жылғы 15 майда В.М. Безголосовқа қайтыс болғаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді.

1983 - Қызыл Тулы екінші дәрежелі Суворов орденді Харьков атқыштар дивизиясының 227-Қызыл Тулы Львов атқыштар полкінде старшина Виталий Безголосовтың ер жүрек те батыр мерген екенін білуші еді. Ол жаудан кек алуды 1943 жылы июльде Харьков түбіндегі ұрыстардан бастады. Сол кезден бастап 1945 жылдың мартына дейін В. М. Безголосов 279 неміс солдаты мен офицерін жойды, ал ол мергендікке үйреткен 67 жауынгер бұл есепті 600-ге жеткізді деп жазылған наградтау қағазында.

Виталий Безголосов 1945 жылдың басында болған ұрыстарда үш ай ішінде 69 гитлершілді жойып, айрықша көзге түсті. Ол жекпе-жек ұрыстарда мергендігімен талай рет жеңіске жетті. Мына жағдай Дзедзиц қаласында болған еді. Неміс мергендері біздің жауынгерлеріміздің басын көтертпеді... Старшина Безголосов гитлершілердің көзін жоюды өз міндетіне алды. Біздің мергеннің фашистерді аулауы екі сағатқа созылды. Ол фашистердің төрт мергенін дәлдеп атып түсіріп, жаяу әскерлердің жауынгерлік тапсырманы орындауын қамтамасыз етті.

Моравска-Острава қаласын алу және Одра өзенінен өту үшін ұрыстарда старшина Безголосов тағы да ерлік көрсетті. Тек бір күн ішінде ол 8 фашисті жойды. Біздің майордың қатты жаралы болғанын көріп қалған ол, неміс мергендерінің оқты үдете жаудырып тұрғанына қарамастан, оның жарасын байлауға ұмтылды. Безголосов жаралы майорга көмек көрсетіп, арқалап алды да көзден таса жерге апармақшы больш кетеріле бергенде жаудың оғы тиіп, құлап түсті. Жауынгер досының және командирінің өмірін сақтап қалмақшы болғанда 4-Украин майданының Батыры - мерген В. М. Безголосов қаза тапты. Ол Моравска-Острава қаласынан 18 километр жердегі Паруба селосында жерленген.

Әдебиеттер:

Совет Одағының қазақстандық батырлары. 2 т. Т.1. - Алматы Қазақстан 1969

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Безголосов М. В. (1920-1945 жж.), Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: