Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Борозенец Степан Николаевич (1922ж.), Кеңес Одағының батыры
Борозенец Степан Николаевич (1922ж.), Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:42 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Степан Николаевич Борозенец 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Таврия ауданының Ақтөбе селосында туады. Тоғыз класты бітіргеннен кейін байланыс техникумына түсіп, сонымен қатар Семей аэроклубында оқиды. Қабілетті жас жігітті Чкаловтың авиация училищесіне оқуға жібереді. Училищені үздік бітіріп, лейтенант атағын алды, сонда нұсқаушы болып қалдырылды, бірақ өзі қайта-қайта өтінген соң ол майданға жіберілді.

1944 жылдың июнінен бастап 1-және 2-Белорус майдандарында ұрыстарға қатынасады. Қызыл Ту 1-және ІІ-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен наградталады. 1945 жылдың 18 авгусында С. Н. Борозенецке Совет Одағының Батыры атағы берілді.

569-Қызыл Тулы Осовецк шабуылшы авиация полкінің звено командирі лейтенант С. Н. Борозенец бір жылға толмайтын аз уақыт ішінде жауға қарсы 94 рет ұшып шықты. Бобруйск ауданында жаудың бекініс алқабын бұзу және қоршауға алынған жаудың әскер тобын жою жөніндегі, Шығыс Пруссияға кіре беріс жердегі қатар-қатар орналастырылған жау әскерінің қорғанысын бұзу және дұшпанның Шығыс Пруссиядағы әскер тобын жою операцияларына, Данциг-Гдынск операциясына және Одер өзенінің батыс жағалауындағы Штеттин бағытындағы дұшпанның нығайтылған бекініс алқабын бұзып өту операцияларына қатысты. Лейтенант Борозенецтің звеносы ұйымшылдықпен дәлме-дәл қимылдап, дұшпанның техникасы мен адам күшін зор шығынға ұшыратты.

Борозенецтің өзі дұшпанның үш танкін, алты паровозын, 120-дай вагонын, 84 автомашинасын жойып жіберді, зенитті және дала артиллериясының 36 батареясының үнін өшірді, ол жаудың жанармай және оқ-дәрі қойылган тоғыз қоймасын талқандады, 250-ден астам солдаты мен офицерін жайратты және жаралады.

Лейтенант Борозенец ұшу өнерін жете меңгерген еді, ауа райының кез келген жағдайында, күндіз демей, түн демей жауынгерлік тапсырманы орындауға ұшып шығатын. Жауынгерлік тапсырманы орындаған кезде асқан ұстамдылық, ерлік пен батырлық көрсетіп отырды. Ол бомба тастау техникасын жете меңгерген еді. Әдетте наградтау қағазы мен аттестацияда осылай деп жазатын. "Жауынгерлік тапсырмамен ұшып шықты" деген сөзде қандай мән жатыр?

Бірде "ИЛ-2" тобына жаудың истребительдері шабуыл жасады. Лейтенант Борозенец олармен батыл ұрыс бастады. Ол топтың жауынгерлік жағдайын шебер орналастыра білгендіктен неміс истребительдері олардың шеңберін бұза алмады. Дегенмен олар топ командирінің самолетіне оқ тигізді. Аспап тұратын тақтайға снаряд тиіп, кейбір приборды сындырды, биіктік рулін зақымдады. Бірақ лейтенант Борозенец саспады: ұрыстан шеберлікпен шығып, машинасын өз аэродромына әкеп қондырды.

1945 жылдың 24 апрелінде "ИЛ-2" тобының жетекшісі С. Н. Борозенец дұшпанның автоколоннасына соққы берді. Топ шүйіле ұшып, төмендеді де үш рет оралып келіп, жаудың 10 автомашинасын жойды, зенитті батареясының үнін өшірді. Бақылау станциясынан "Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар" деген хабар келіп жатты.

Бұл топ корпустың командашысы авиация генерал-лейтенанты Байдуковтан алғыс алды.
Соғыс аяқталды. Аға лейтенант С. Н. Борозенец авиацияда қызметте қалды. Ол жауынгерлік тәжірибесін жас ұшқыштарға үйретіп, өзі де оқыды - 1956 жылы Әскери-әуе академиясын ойдағыдай бітіріп шықты. Жауынгерлік және саяси әзірліктегі табысы үшін С. Н. Борозенец 1965 жылдың 22 февралында Қызыл Жұлдыз орденімен наградталды.

Әдебиеттер:

Совет Одағының Қазақстандық Батырлары. 2-томдық.Т. 1. - Алматы. - 1969. - 139-140.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Борозенец Степан Николаевич (1922ж.), Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: