Совет Одағының Батыры Бурлаченко Степан Филиппович - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Совет Одағының Батыры Бурлаченко Степан Филиппович
Совет Одағының Батыры Бурлаченко Степан Филиппович
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:42 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Степан Филиппович Бурлаченко 1914 жылы Семей облысы Ново-Шульба ауданының Алексеевка селосында кедей шаруа семьясында туады. КПСС мүшесі. Селолық мектепті бітіреді. Слесарь, шофер болып істейді. Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың январында шақырылады. Батыс, Сталинград, 1-Белорус майдандарындағы ұрыстарға қатынасады. 1943 жылы екі рет жараланады.

Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен наградталған. Біздің жерлесіміз Сталинград іргесінен Одерге дейінгі даңқты да ұзақ соғыс жолынан өтті.

1945 жылдың басында поляк жерінде кескілескен ұрыстар болып жатты. Неміс-фашист командованиесі совет әскерлерінің фашистік рейхқа баратын жолындағы соңғы бөгет - Польшадан айрылып қалудан қорықты. Генерал-полковник Богдановтың 2-гвардияшы танк армиясы әскерлерінің алдында Груец, Жирардув, Сохачев қалаларын алу, сөйтіп шегініп бара жатқан жаудың Варшавадағы тобының шегінетін жолын кесіп тастау міндеті тұрды.

47-Қызыл Тулы Суворов орденді гвардияшы Умань танк бригадасының танкистері қатты ұрыстарда дұшпанның қасарысқан қарсыласуын қирата отырып, Груец қаласын алды да шегініп бара жатқан жауды өкшелей қуып, Жирардув ірі тіректі пунктіне жетті. Қала күшті бекінгендіктен оны бірден шабуыл жасап алу қиынға соқты.
1945 жылғы 16 январьда таң ата ішінде жүргізуші-механик Бурлаченконың машинасы бар «Т-34» танктер тобы қалаға кіретін жолдарды барлап, қаланың батыс жақ шетіне кіріп, жаяу әскер бөлімдері келгенше сол арада бекінуге бұйрық алды.
Танкистер қалаға таяп қалған кезде ұзақ уақытқа арналып салынған бекіністе отырып алған дұшпан артиллериядан нөсерлете оқ жаудырды. Қаланың шет жағында қызу шайқас басталды. Ұрыс қыза түскен кезде танк командирі оққа ұшты. Бірнеше танк істен шықты. Жағдай қиындай түсті.

Танкті басқаруды өз қолыма аламын, - деді Бурлаченко. Қазақстандық жауынгер шеберлікпен басқарған қуатты машина шынжыр табанымен зеңбіректерді, минометтер мен пулемет ұяларын жаныштап, фашистердің арасында үрей тудырып, зәрелерін ұшырды. Бурлаченконың танкісі қалаға басып кірді де оның орталық көшесімен жүріп, жолында кездескеннің бәрін басып-жаншып отырды. Гитлершілердің үрейі ұшып қаша жөнелді. Бурлаченко өзінің машинасын батылдықпен гитлершілердің соғыс техникасы мен ат-арба колоннасына қарай тура бағыттады. Колоннаның ойран-топыры шықты. Осы ұрыста батыр танкист жаудың 5 зеңбірегін, 4 минометін, 6 гранатометчигін, 12 автомашинасын, 20 ат-арбасын, 70-тен аса гитлершіні жойды. Оның ер жүректілігі мен тапқырлығы арқасында жауынгерлік тапсырма орындалды.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1945 жылғы 27 февральдағы Указы бойынша осы ұрыстағы батырлығы мен тапқырлығы үшін гвардия кіші сержант С. Ф. Бурлаченкога Совет Одағының Батыры атағы берілді. Степан Филиппович жаумен шайқаса отырып, Берлинге жетті. Соғыстан кейін бейбіт еңбекке оралды. Семейдегі № 6 автобазада жүргізуші болып жұмыс істеді.

Әдебиет:

Совет Одағының қазақстандық батырлары. Т 1.- Алматы "Қазақстан" 1969. - Б. 265-266

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Совет Одағының Батыры Бурлаченко Степан Филиппович
Страница 1 из 11
Поиск: