Бурнашев Александр Анфигенович - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Бурнашев Александр Анфигенович
Бурнашев Александр Анфигенович
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:43 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Александр Анфиногенович Бурнашев 1914 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында туады. 14 жасынан бастап колхозда жұмыс істейді, одан кейін Зыряновскідегі руда басқармасында электромонтажшы болып істейді. 1936 жылғы январьдан 1938 жылдың октябріне дейін армияда қызмет атқарады. Хасан көлінде жапон басқыншыларына қарсы ұрысқа қатысады, әскерден босанғаннан кейін Зыряновскіге оралып, забойщик болып істейді.

1941 жылдың 17 декабрінде А. А. Бурнашев армия қатарына шақырылады. Полк мектебін бітіреді. 1942 жылдың 9 июнінен бастап майданда болады. 129-Орел атқыштар дивизиясының 457-атқыштар полкінің құрамында зеңбірек командирі болып Батыс, Брянск, 2-Белорус майдандарында шайқасады. 1944 жылдың 25 сентябрінде А. А. Бурнашевке Совет Одағының Батыры атағы беріледі.

1944 жылдың июнінде Бобруйск бағытында кескілескен ұрыстар басталды. Аға сержант Бурнашев қызмет атқаратын бөлім Шатково деревнясы маңында Березина өзенінің батыс жағалауына өтті.

Дұшпан өз күштерін қайта топтастырып және қосымша күш алып, біздің әскерлерімізді плацдармнан қуып, өткелді өз қолдарына алу үшін үш рет қарсы атакаға шықты, бірақ қатты қарсылыққа тап болып, зор шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Атқыштар полкі артиллеристермен бірге қимылдап, бір батальонға жуық гитлершілерді жойып жіберді. Көп кешікпей немістер 20 шақты танк пен өздігінен жүретін зеңбіректің қолдауымен тағы да атакаға шықты. Фашист машиналары біздің батареялардың позициясына ұмтылды.

Жағдай бұрынғысындай ауыр еді. Жаяу әскерлер қатары сирей берді. Жаудың снаряды дәл тиіп, көршілес тұрған зеңбірек қирады. Бурнашевтің расчетындагы нысанашы мен оқтаушы ауыр жараланды. Немістер тағы да атакага шықты. Міне, жау танктері атқыштардың окобы үстінен өтіп кетті. Танктерді жоятын жауынгерлер гранат байламын алып, ұрысқа кірді. Бурнашев нысанашының орнында тұрып, жауды атқылай берді. Тағы да өздігінен жүретін екі машина, бронетранспортер қиратылды, ондаған гитлерші жойылды, бірақ жау ентелей берді. Жақын жерде жарылған снаряд зеңбірек расчетының қалған жауынгерлерін қатардан шығарды. Жалғыз қалған аға сержант Бурнашев жауды атқылай берді. Тағы бір транспортер мен екі автомашина талқандалды. Кенет зеңбіректің жанындагы жер бұлқына түскендей болды. Бір ауыр зат оның қабырғасын соғып өтті. Бурнашев зеңбіректің табаны жанында құлап, есінен танды. Оны шабуылға шыққан көрші полктің жауынгерлері тауып алып, госпитальға жіберді. Осы ұрыстағы ерлігі үшін А. А. Бурнашевке Совет Одагының Батыры атағы берілді.

Ауыр жараланды. А. А. Бурнашев бір жылдай дерлік госпитальда жатты. Әскерден босанғаннан кейін Зыряновскіге қайта келіп, «Алтайзолото» тресінің Бұхтарма руда басқармасында жұмыс істейді, 1950 жылы Зыряновск қорғасын комбинатына жұмысқа ауысады. Александр Анфиногенович Бурнашев Қазақстан Компартиясының III съезінің делегаты болып сайланды, бірнеше рет еңбекшілер депутаттары Зыряновск қалалық және Шығыс Қазақстан облыстық Советтерінің депутаты болып сайланды. 1957 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Әдебиет:

Совет Одағының Қазақстандық Батырлары. 2-томдық. Т.1. –Алматы.- 1969.- Б.159-160.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Бурнашев Александр Анфигенович
Страница 1 из 11
Поиск: