Ысқақов Қапай (1906-1973) , Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Ысқақов Қапай (1906-1973) , Кеңес Одағының батыры
Ысқақов Қапай (1906-1973) , Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:43 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Қапай Ысқақов 1906 жылы Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка селосында туған. Соғысқа дейін Шар совхозында ағаш шебері болып еңбек еткен.

Соғысқа 1941 жылдың июнь айында аттанып, 52 - армияның құрамындағы Черкасск орденді 294-Богдан Хмелницкий дивизиясының 861- атқыштар полкінің бөлім командирі болып қызмет етеді. Фашист басқыншыларын өкшелей қуған совет әскерлері 1944 жылдың 26 мартында Яссы қаласының солтүстігіндегі Прут өзеніне, СССР Мемлекеттік шекарасына келіп жетеді. Осы шайқаста ерекше көзге түскен мыңдаған солдат пен офицерлер арасында шығысқазақстандық Қ.Ысқақов та бар болатын

1944 жылдың 28 мартында Молдавияның Петрешты селосы үшін болған ұрыста сержант Ысқақов жауынгерлерімен күші басым жау әскеріне бірнеше мәрте ойсырата соққы береді. Үшінші контратакада жараланғанына қарамастан майдан алаңын тастап кеткен жоқ. Осы шайқаста ержүрек совет жауынгерлерінен күшті тойтарыс алып, өздерінің қырыққа жуық солдатынан айрылған фашистер шегінуге мәжбүр болады.

Қапай Ысқақовқа жауынгерлік ерлігі үшін 1944 жылы 13 сентябрьде Совет Одағының батыры атағы берілген.

Соғыстан кейін Қ.Ысқақов туған ауылы Георгиевкаға келіп, еңбекке араласты. Ленин орденімен, бірнеше медалдармен марапатталған.

Қапай Ысқақов 1973 жылы 26 сентябрде қайтыс болды, Жарма ауданының Васильевка селосында жерленген.

Георгиевка селосында обелиск ашылып, батыр атына бір көше берілген.

Әдебиет:

Герои Советсого союза: Краткий биографический справочник. В 2-х т.Т.1. - С.593

Өміртайұлы С., Мұхамадиұлы М. Қалбадан шыққан Қапай батыр: (Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры)//Семей таңы.- 1999.-6-12 мамыр.- Б.3

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Ысқақов Қапай (1906-1973) , Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: