Қайырбаев Махмет (1925ж.), Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Қайырбаев Махмет (1925ж.), Кеңес Одағының батыры
Қайырбаев Махмет (1925ж.), Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:43 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Махмет Қайырбаев 1925 жылы 1 қаңтарда Бесқарағай ауданы Семияр селосында туған.

Мектеп бітірісімен Павлодар педагогикалық училищесін бітірген. Соғысқа дейін Семияр орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеген.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, артиллерия училищесіне оқуға жіберілген.

1943 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы майданында. Ержүрек артиллерист Батыс Белоруссия жері үшін шайқаста жау танктерін құртуда ерекше көзге түсті.

Өзінің алғашқы наградасын - Александр Невский атындағы орденді 18 жасында алды. Танкке қарсы артиллериялық полктың батарея командирі аға лейтенант М.Қайырбаев 1944 жылы 19 августе Шауляй қаласының батыс жағында Отан үшін шайқаста ерекше ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Аға лейтенант бөлім командирінен күші тең емес жау әскерімен шайқаста қоршауда қалып қойған полк батареясына 15 солдатпен көмекке баруға бұйрық алды.

Бұйрық орындау барысында совет жауынгерлері .күші басым жау әскерлерімен қақтығысуға мәжбүр болды. Батареяның офицерлік құрамы толығымен қатардан шықты. Махмет Қайырбаев батареяны басқаруды өз қолына алып, қарсыластарына жеті рет соққы беруді ұйымдастыра білді. Кескілескен шайқаста ержүрек офицердің басшылығындағы жеке құрам гитлершілдердің батальонын құртып жіберді.

Жаумен шайқаста көрсеткен ерекше батырлығы мен ержүректілігі үшін аға лейтенант Махмет Қайырбаевқа 1945 жылдың 24 мартындағы СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша Совет Одағының батыры атағы берілді

Соғыстан кейін М.Қайырбаев Павлодар қаласының партия, кеңес ұйымдарында қызмет етті. Бірнеше орден, медальдармен наградталған.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Қайырбаев Махмет (1925ж.), Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: