Ландышев Иван Михайлович (1925-1945 гг.) - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Ландышев Иван Михайлович (1925-1945 гг.)
Ландышев Иван Михайлович (1925-1945 гг.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:44 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Ландышев Иван Михайлович (1925-1945 гг.), Кеңес Одағының батыры

Иван Михайлович Ландышев 1925 жылы 18 январьда Тверь облысы, Бежецкий ауданы Роща хуторында шаруа семьясында туған.

Аштық пен ұжымдастырудан қашқан семья Ертіс өңірін келіп паналайды.

Жарма ауданының Ақжал кенішінде жеті класты бітірген соң лебедчик курсын оқиды.

1943 жылы январьда Совет Армиясы қатарына шақырылады.

1944 жылы Ташкенттегі атқыш- минометчиктер училищесін бітіріп, кіші лейтенант атағымен майданға атанды.

1945 жылы февраль-март айларында совет әскерлері Берлин бағытындағы шешуші шайқасқа дайындалады.

1-Белорусь майданының әскерлері Штеттин қаласы (Польша) бағытында шайқасқа кірседі.

1945 жылы 18 мартта 257 - атқыштар полкінің взвод командирі лейтенант И.Ландышев кезекті атакаға шығуға жауынгерлерін дайындауға бұйрық алды. Иван Ландышев өз взводын атакаға көтеріп, алғашқылардың бірі болып жау шебіне жетті. Рота командирі қатардан шығып қалған кезде, оның орнын басып, ұрысты шебер ұйымдастыра білді. Қояма-қолтық ұрыс кезінде жақыннан атылған автомат оғынан жараланғанына қарамастан командир ұрыс алаңын тастап кеткен жоқ. Жауынгерлер нық шыққан командир даусын естді. Офицер Ландышев дәл лақтырылған гранатамен дұшпанның пулемет расчетының үнін өшіреді. Сөйтіп, ротаға жол ашылады.

Фашистер соңғы күштерін жинап, контратакаға шығады. Артиллерия мен минометтен жаяу әскерлерге оқ боратады. Танктердің артына жасырынған фашистер біздің әскери бөлімшелерге келіп тіреледі. Жаудың контратакасын қайтарған атқыштар қайыра алға жылжиды. Осы шайқаста И.Ландышев екінші рет ауыр жараланып қайтыс болады.

Әскери тапсырманы орындау кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 1945 жылғы 31 майда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша лейтенант И.М. Ландышевқа Совет Одағының батыры атағы берілді.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Ландышев Иван Михайлович (1925-1945 гг.)
Страница 1 из 11
Поиск: