Попов Александр Григорьевич (1917), , Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Попов Александр Григорьевич (1917), , Кеңес Одағының батыры
Попов Александр Григорьевич (1917), , Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:45 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Попов Александр Григорьевич 1917 жылы Өскемен қаласында туған.

Театрды өте жақсы көріп, драма, көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болған. Өскемендегі алғашқы жасөспірімдер театрының ұйымдастырушыларының бірі.

Мектеп бітірген соң Қазақ Мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Соғыс басталысымен Отанын қорғауға аттанады.

Қазақстанда жасақталған дивизия құрамында Оңтүстік - Батыс, Сталинград, Воронеж, Дала майдандарындағы шайқастарға қатысады.

1943 жылы Днепрден өту кезінде гвардия майоры А.Г. Попов 73-ші гвардиялық Сталинград дивизиясының 209 атқыштар полкінің штаб бастығы еді.. Судан өтудің барлық қиыншылығы штаб бастығының мойнына жүктелген болатын. Жасырынып судан өткенмен, келесі күні тең емес дұшпан әскерімен жойқын соғыс басталды.

Полкқа қарсы жаяу әскер, артиллерия, танк, самолет тізе қосып шайқасты. Осы қырғында штаб командирі қару-жарақты судан аман өткізуді ұйымдастырып, фашистерге қарсы соғысты. . Фашистердің үш мәрте танкпен жасаған шабуылына төтеп бере отырып, плацдармды ұстап қалды. Полк командирі қаза тапқан соң, полк басшылығын өз қолына алды.

Сөйтіп, полкт алдына қойған әскери тапсырманы абыроймен орындады.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1943 жылғы 26 октябрьдегі Указы бойынша Александр Григорьевич Поповқа Совет Одағының Батыры атағы берілді. Әскери жорығын жерлесіміз Берлинде аяқтап, Мәскеуде тұрды.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Попов Александр Григорьевич (1917), , Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: