Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Шарабарин Николай Александрович (1907), Кеңес Одағы батыры
Шарабарин Николай Александрович (1907), Кеңес Одағы батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:45 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Николай Александрович Шарабарин 1907 жылы 23 мартта Өскемен қаласында жұмысшы семьясында туған. Соғысқа дейін кеніште мастер болып жұмыс істеген.

1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады.

Днепр өзенін, Киевті алу, Орловск-Курск иініндегі шайқастарына қатысқан. Алғашында автоматшы, кейіннен барлаушы болған. 1943 жылы Шарабарин қызмет ететін әскери бөлімше кескілескен шайқаспен Днепр жағалауына келіп тоқтайды. Екінші атқыштар ротасына қарсыластардың оқ жаудырып жатқан нүктелерін анықтап, "тіл " әкелу тапсырылды.

Фашистер де судан өткізбес үшін қарсыласып бақты. Қараңғылықты пайдаланып арғы жағаға өткен төрт ержүрек жауынгер фашист сақшысын тірідей қолға түсіріп, өздері де жараланды. Тек Шарабарин ғана аман болатын. Жан-жақтан карша бораған оқ пен снарядтың арасынан жаралы достары мен неміс "тілін" тесілген қайықпен өз жағалауына жеткізеді.

Жағаға он метр таяғанда қайық суға батып кетеді. Шарабарин сасқалақтамай өз жағалауына белгі беріп үлгереді. Жақын жүрген байланысшылар келіп құтқарысады. Алынған "тіл" аса бағалы мәлімет береді. Қарсыластардың отты нүктелері туралы мәлімет те қажетке жарайды. Таңертең тұрып қайығын көрмекші болған Шарабариннің дәл қасынан мина жарылып, арқасы мен қолынан жараланады.

Екі апта госпитальда жатып емделген қайсар жауынгер тағы да Днепрден өту үшін шайқасқа қатысады. 14 немісті жер жастандырады. Бірнеше мәрте судан өту үшін болған ұрыстарға қатысады. Ромна қаласын алу үшін ұрыста Шарабарин бірінші болып Сула өзенінен өтіп, жау күзетін жояды. Сөйтіп, немістердің көпірді бұзуына жол бермей өз әскери бөлімінің өтуіне жол ашады.

Қатардағы жауынгер Шарабарин өз полктастарымен Герман шекарасына да жетеді. Соғыс бітуіне санаулы күн қалғанда 1945 жылдың 5 мамыр күні ауыр жараланып, көзінен жарақат алады. Жеңіс туралы жақсы хабарды госпитальде естиді. Көп ұзамай дәрігерлердің арқасында жанары қайта көреді.

163 -ші Ромна атқыштар дивизиясы 529 полкінің екінші ротасының қатардағы жауынгері Шарабарин Николай Александровичке Днепр өзенінен өту кезіндегі көрсеткен ерен ерлігі мен батылдығы үшін 1943 жылы СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Указымен Совет Одағының батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Самар ауданы Палатцы кентінде тұрған. Тау-кен мастері, рудник бастығы болып қызмет еткен.

Ленин, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Әдебиет:

Совет Одағының қазақстандық Батырлары. 2-т. - Т.2. - Алматы, 1968. - Б. 391- 392.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Шарабарин Николай Александрович (1907), Кеңес Одағы батыры
Страница 1 из 11
Поиск: