Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Шелехов Николай Степанович (1920-1945 гг.)
Шелехов Николай Степанович (1920-1945 гг.)
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:46 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Шелехов Николай Степанович 1920 жылы Киров ауданының Уваров селосында туған.

1940 жылы әскер қатарына шақырылып, жауынгерлік жолмен Москвадан Берлинге дейін жүріп өткен.

Бірнеше рет жараланғанына қарамастан жаумен күресті тоқтатпай, қатардағы жауынгерден рота командиріне дейін көтерілген. I, II - дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен наградталған.

...1945 жылы 16 апрельде гвардия лейтенанты Шелиховтың атқыштар ротасы Одерден өтіп, өзеннің батыс жағындағы жау траншеяларын тартып алып, Берлинге кірді. Аса тапқырлық пен батылдықты талап ететін көше соғысы басталды... Шелиховтың ротасы жаудың тастап кеткен қару-жарақтарын, оқ-дәрілерін жинап, өз қажеттеріне жарата білді: сөйтіп, бір күнде фашистердің он бес шабуылына төтеп берді. Рота өз шебінде тұрып, жауға тойтарыс бере алды.

Бірақ ержүрек командир, гвардия аға лейтенанты Николай Степанович Шелихов 1945 жылдың 22 апрелінде ерлікпен қаза тапты.

СССР Жоғарғы Советінің Президиумының 1945 жылғы 15 майдағы Указы бойынша қайтыс болғаннан кейін Шелиховқа Совет Одағының батыры атағы берілді.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Шелехов Николай Степанович (1920-1945 гг.)
Страница 1 из 11
Поиск: