Сумин Андрей Васильевич (1919) , Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Сумин Андрей Васильевич (1919) , Кеңес Одағының батыры
Сумин Андрей Васильевич (1919) , Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:46 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Андрей Васиьлевич Сумин 1919 жылы Шығыс Қазақстан облысы қазіргі Серебрянск ауданы Феклистовка селосында туған.

1939 жылы Лениногор тау-кен техникумының үшінші курсында оқып жүрген жерінен Қызыл Армия қатарына шақырылады.

Белорусь жерінде Барановичи ауданында әскери қызметте жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады. Кіші сержант А.Сумин шегінгеннің не екенін бастан кешіреді, жараланады. Госпитальдан шыққан соң офицерлер дайындайтын курстен өтіп, 167-ші атқыштар дивизиясының миномет батареясының командирі болып тағайындалады.

Курск иініндегі шайқасқа, Белгородты азат ету, Днепрден өту кезіндегі ірі ұрыстарға қатысқан. Жаумен шайұаста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен наградталған. Майданда жүріп коммунистер қатарына өткен.

Днепрден өту кезінде шабуылда (Вышгород ауданы) А.В.Сумин ерекше көзге түсті.

1943 жылы 4 ноябрь түні батальон командирі Мерзлюк пен минометшілер батареясының аға лейтенанты Суминге бірінші болып өзеннен өту, оң жағалаудағы плацдармды ұстап тұру тапсырылды.

Арғы жағаға салмен, жеңіл қайықпен бораған оқтың астынан өтуге тура келді. Көптеген жауынгерлер қаза тауып , талайы жараланды, қалғандары арғы жағаға өтіп бекіне бастады. Құмды жағалауда минометтерін орнатқан минометшілер негізгі күштер өтетін өткелдіоқпен қорғады.

Фашистер жеті рет өз күштерін өзенге топтастыруға тырысқанмен көптеген шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Плацдармды ұстап тұрған жауынгерлер қатары да сирей түсті. Батальон командирі жараланып, Сумин оның орнына десанттарға бұйрық беруді қолына алды.

Батареяның оқ-дәрісі таусылған кезде, минометчиктер жаяу әскерлер қатарында шайқасты. Сумин контузияға ұшыраса да, басшылық жасай білді. Ертеңінде өткелден аман өткен негізгі күшпен біріге отырып, Киев қаласын азат етті.

Дивизияның 22 солдаты мен офицері Отанымыздың Жоғарғы наградасына ұсынылды, оның ішінде аға лейтенант Сумин Андрей Васильевич те бар болатын.

Әдебиет:

Совет Одағының қазақстандық батырлары. Т 2.- Алматы "Қазақстан" 1969. - Б. 265-266

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Сумин Андрей Васильевич (1919) , Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: