Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Тоқтаров Төлеген (1920-1942), Кеңес Одағының батыры
Тоқтаров Төлеген (1920-1942), Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:47 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Еліміздің еркіндігін, ар намысын қорғаған ержүрек перзентеріміздің бірі - Төлеген Тоқтаров. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Әкесінің інісі Ғадылқұмар Төлегенді сол кездегі Риддер қаласына алып келеді. Мұнда Төлеген қазақ мектебінде жеті кластық білім алады.

Кішкентай кезінен қиындық қыспағын көріп, ол өте пысық әрі өжет болып өседі.
1938 жылы он жеті жасында сол кездегі ірі кәсіпорын - қорғасын заводына жұмысқа түседі. Ол алғашқы күндерден -ақ өзін қабілетті іскер жас ретінде көрсетеді.

Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген Төлегеннің өтініші қабылданады. Ерікті түрде ол бастаған лениногорлық бір топ жас жауынгерлер Москва маңындағы Панфилов дивизиясына келіп қосылады. Бұл 1942 жылдың 12 қаңтар болатын. Осылайша Төлеген 275- полктың автоматшылар ротасының жауынгері болады. Міне осы қаңтар айынан бастап, оның майдандағы өмірі басталады. Содан тоғызыншы ақпанға дейін… Көп емес…
Өте тапқыр, ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен -ақ рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді. Ол өз өнегесімен қарулас жолдастарын жеңіске жігерлендіріп, бәрін батыл қимылдауға, қауіпті кезде селт етпеуге шақырды. "Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен ажал қорқады, сен жеңесің" - дейтін еді ол.

Төлеген Нагаткино, Соколово, Трошково, Бракловицы, Траково деревнялары үшін болған ұрыстарда ерекше ерлігімен көзге түседі, Төлегеннің бөлімшесі 1942 жылдың 9 акпанында Бородино селосы үшін дұшпанға қарсы ұрыс жүргізді. Бұл ұрыс бірнеше күнге созылды. Даңқты ерлікке толы Бородино үшін болған ұрыста Төлеген қаһармандық ерлік көрсетіп, қаза тапты.

Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген , сол бөлімнің саяси жетекшісі болып істеген Совет Одағының батыры, белгілі жазушы М.Ғабдуллин Төлеген жайында жазған естелігінде былай дейді: "…1942 жылдың 9-ақпаны … Түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген "әуп" деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды. Төлегеннің сүйегі Бородиноның күн шығыс шетіндегі төбеге жерленді…".

Отан гвардияшы Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағын беріп, оны ерлігі жоғары бағаланды.
Т.Тоқтаров жайлы ән, опера жазылды. Лениногор полиметалл комбинатының территориясындабатырға ескерткіш орнатылған.

Кенді Алтайда Т.Тоқтаровтың есімімен мектеп, көше, алаң аталады.
Жазушы К.Сақабаевтың Төлегеннің өмірбаянына арналған "Намыс" атты повесі 2000 жылы жарық көрді.

:

Әдебиеттер:

Ғабдуллин М.Ескерткіш орнатты ол ерлігімен.: [Совет Одағының батыры Т:Тоқтаровқа арналған бет ]// Коммунизм туы.-1967.-8 февраль.
Ерлік әнән тудырған: Хикаят (майдангерлер туралы әңгіме).-Өскемен., 1998.-Б3-33
От ішінде, оқ өтінде туған жолдар.: М.Ғабдуллиннің публицистикасы туралы.Т.Тоқтаровқа арналған) //Ыдырысов Р.Отты жылдар шежіресі.- Алматы:Қазақстан, 1971.- Б75-80
Оразбеков Н. Төлегеннің ізімен.//Лениншіл жас.- 1968.-25апр.
Сақабаев К Намыс.: [Т.Тоқтаров жайлы деректі повестен үзінді] //Дидар.- 1994.-2 маусым
Сақабаев К. Сапарғалиев Қ. Ерлігі оның мәңгілік.//Коммунизм туы.- 1991.- 1ақпан.
Тастағанов М. Т.Тоқтаровтың хаты.:[ Совет Одағының батыры]//Дидар.- 1991.-1ақпан.
Халқымыздың ержүрек ұлына лайықты құрмет бола ма?:[Кеңес Одағының батыры Т.Тоқтаров жайында]//Дидар.- 1995.-7 желтоқсан.
Айтқожина М. Батыр тұлғасы.:[Т.Тоқтаровқа арналған өлең]//Коммунизм туы.- 1967.-8 февраль
Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына75 жыл. (1920 -1942) //Шығыс Қазақстанда 1995 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер. Ұсынылатын әдебиеттер көрсеткіші.- Өскемен,1994.-Б6-8.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Тоқтаров Төлеген (1920-1942), Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: