Топорков Иван Васильевич (1920-1966 ж.ж.), Кеңес Одағының ба - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Топорков Иван Васильевич (1920-1966 ж.ж.), Кеңес Одағының ба
Топорков Иван Васильевич (1920-1966 ж.ж.), Кеңес Одағының ба
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:49 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Топорков Иван Васильевич 1920 жылы Катонқарағай ауданы, Чернова селосында шаруа семьясында дүниеге келген.

Мектеп бітірісімен колхозда, тұтынушылар кооперациясында жұмыс істеді.

1939 жылы әскер қатарына шақырылып, 1940 жылы Батыс Украинаны азат етуге қатысты.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Львов облысында әскери қызметте болатын... Днепрогэс плотинасынан өтетін N3 өткелдің командирі болып жерлесіміз, гвардия старшинасы И.В.Топорков тағайындалды. Қарша бораған пулемет оғының астынан қайсар өткелшілер төрт рейс жасады. Күндіз - түні қалқыма өткелдің жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

1943 жылы 26 қазанда екінші рейс кезінде Топорковтың паромы жарылып, суға батқанына қарамастан, келесі түні гвардия старшинасы Топорков бораған оқтың астымен тағы да сегіз рейстің аман өтуін қамтамасыз етті. Взвод командирі қайтыс болған соң өткел басщылығын өз қолына алған Топорков соңғы десантниктерді өткізіп тастап шайқасқа кірісті.

Днепр өзенінен жүзіп өту кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 22 ақпан 1944 жылы Советтер Одағының Батыры атағы берілді.

Одан кейін де талай әскери техника мен әскерлерді, қару -жарақтарды, азық-түліктерді қалқыма көпір арқылы аман өткізуге үлес қосты. 1944 жылы Одер өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен наградталды.

Соғыстан кейінгі жылдары Алматы қаласында тұрған. 1966 жылы қайтыс болды.

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Топорков Иван Васильевич (1920-1966 ж.ж.), Кеңес Одағының ба
Страница 1 из 11
Поиск: