Яроцкий Иван Михайлович (1916), Кеңес Одағының батыры - Форум
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Общение » Zox Википедия » Яроцкий Иван Михайлович (1916), Кеңес Одағының батыры
Яроцкий Иван Михайлович (1916), Кеңес Одағының батыры
AdelyaДата: Четверг, 11.11.2010, 18:49 | Сообщение # 1
Наша девочка))
Группа: Пользователь
Сообщений: 141
Репутация: 2
Статус: Offline
Иван Михайлович Яроцкий 1916 жылы 18 июньде Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Подгорное селосында шаруа семьясында туған. Ұлты-орыс.

1942 жылдан КПСС мүшесі. Білімі -жетікластық. Трактор бригадасының бригадирі болып жұмыс істеген.

1937 жылдан Совет Армиясының қатарында.

1938 жылы Хасан көлі маңындағы ұрыстарға қатысқан.

1939 жылы кіші лейтенант дайындайтын курсын бітірген.

1945 жылғы совет - жапон соғысына қатысқан. Әсіресе Солтүстік Кореяны жапон империалистерінен азат ету кезінде ерекше көзге түскен.

Бірнеше ордендермен, медалдармен наградталған.

13 август күні 390-батальон теңіз жаяуәскерлерінің алдына жапондықтардан Сейсин портын тартып алу туралы міндет қойылды. Тынықмұхит флотының торпедолық катерлері портқа шабуылдап, ал автоматшылар ротасы аға лейтенант Яроцкийдің басшылығымен шайқасқа кірді. Шабуыл күтпеген жерден, әрі батыл болды. Совет әскерлерін теңізге шегіндіру үшін жапондықтар матростарға аямай оқ боратты. И.Яроцкийдің жақсы басшылық жасағанына қарамастан , көп шығынға ұшырай отырып, жапондықтар ротаны бөліп қоршауға алды. Жағдай өте ауыр болатын. Автоматшылар командирі саспай, шыр айнала қорғанысқа көшті. Жараланғанына қарамастан ротасын басқара білді.

Командирлерінің жанкештілігін көзімен көрген жауынгерлер ерекше батырлықтың үлгісін көрсете білді. Жапон әскерлеріне көмек келіп, техника мен күштерінің басымдылығына қарамастан совет жауынгерлері ұрысты соза түсті. Шебер жасырына білген жауынгерлер жау тылына өтіп, автоматтан оқ жаудырды., қояма-қолтық ұрысқа да кірісті.Рота азая түсіп, командир екінші рет жараланды. Совет әскерлері бірнеше тәулік бойы самурайлармен шайқасты, бірақ шегінген жоқ. Көмекке келіп үлгерген теңіз жаяу әскерлері жапон бөлімдерін тас-талқан етті.

Әскери тапсырманы өте жақсы орындағаны үшін СССР Жоғарға Советінің Указымен 1945 жылы 14 сентябрьде И.М. Яроцкийге Совет Одағының батыры атағы берілді.

Госпитальдан емделіп шыққан соң Иван Михайлович СССР Қарулы Күштері қатарында қызметке қалды.

Әдебиет:

Совет Одағының қазақстандық батырлары. 2-т. Т.2. - Алматы, Қазақстан, - 1969. - Б.429 - 430

 
Форум » Общение » Zox Википедия » Яроцкий Иван Михайлович (1916), Кеңес Одағының батыры
Страница 1 из 11
Поиск: