Главная » Файлы » Ашық сабақ

Экологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 02:07
загрузка...
Тақырыбы: Экологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары

Үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, өте үлкен орында.Сондықтан мұғалімдер экологиялық соқпақты дұрыс ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлуде.Экологиялық соқпақты жас жетекшілерге экологиялық білім мен тәрбие берудің ең басты көрсеткіші.Экологиялық соқпақ арқылы биосфераның компенттерімен таныстыру кейінгі кезде дамып келе жатқан оқу технологиясының бір түрі Эокологиялы соқпақ дегеніміз, -экологиялық білім мен тәрбие беру табиғаттағы қорғауға алынған алдын ала белгіленген маршрут және олар бойынша оқушылардын жүріп өтетін жолы. -биосфера компоненттерінің арасында оқушылардын, айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортада мінез-құлқын қалыптастыру және денсаулығын арттыру,
-оқушыларға биосфера болып жатқан экологиялық білімдерін көбейту және дамыту,
-оқушыларға биосфера болып жатқан әр түрлі ластану процестері,экологиялық-
құбылыстарды, сонымен бірге оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
арттыру:
- мұғалімдер оқушыларға биосфера компоненттеріне адамның іс - әрекеттерінің
әсерін көрсетіп антропогенді фактордың не екенін көзбе – көз түсіндіреді.
Биосфера компонеттерін аялауға баулиды.Басқа да көптеген пайдалы істерді атқаруға болатынын үйретеді.Экологиялық соқпақ арқылы дидактикалық принцптерді дамытуға жол ашады. Оқу экологиялық соқпақтың негізгі мақсаты – экологиялық білім мен тәрбие беруге, табиғат аясында демалуды сүйетіндердің көңіл – күйін көтеруге, белгілі бір аймақта биосфера компонеттерін сақтауға бағытталған. Оқу экологиялық соқпақтар бірнеше түрде жасалуы мүмкін: Қорықтар арасында.
1. Ұлттық бақтар ішінде;
2. Аралық зоналарда;
3. Орман бақтары, демалыс зоналары, қалың қамыс аймақтарда , шөл және шөлейт зоналарда , оқу экологиялық соқпақтар жасалуы мүмкін. Мектеп, балалардың жазғы сауықтыру орыны орналасқан жерлерінде оқу экологиялық соқпағы жасалынуы мүмкін.Оқу экологиялық соқпақтың мақсаты экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс ұйымдастырылуы биосфера компонеттеріне деген оқушылардың адамгершілік көз қарасын өзгертеді биосфера компонеттерімен саналы түрде қарым – қатынас жасайды.Серуен 2 немесе 3 сағат мөлшеріне есептелінеді. Биосфералық танымдық – серуендер соқпағы.Бұл экологиялық куроттық, тынығу үйлерінің маңайында орналасады.Негізгі мақсаты - адам мен биосфера арасындағы қарым – қатынас, өндіріс және ауыл шаруашылығының биосфераға тигізетін әсерін көрсету.Бұл сақпақтың ұзындығы 8 – 10 км..дейін созылуы мүмкін.Жаяу жүру 3 – 4 сағ. – қа созылады. Тынымдық - туристік экологиялық соқпақ.Негізгі мақсаты – адамзат баласының биосфера компонеттеріне тигізетін әсеріне мониторинг жасау.Алған экологиялық білім мен тәрбиені оқу процессінде қолдану. Танымдық серуендеу және танымдық туристік экологиялық соқпақтар негізінен ғылыми – ақпараттық жағынан экологиялық, ботоникалық, зоологиялық құндылығы орасаң зор болады. Экологиялық соқпақтардың маршруттарын таңдағанда белгілі бір мақсат қойылады. Негізінен екі мақсат болуы шарт: 1. Тартымдылық:
2. Ақпараттық. Табиғи оқу экологиялық соқпақ келушілердің табиғатқа деген арттыра түсуіне мүмкіндік туғызатындай болуы шарт. Қорыта келе, табиғи оқу экологиялық соқпақтарын салу бірнеше мақсаттарға сүйенеді:
1. Келушілерге ерекше түрде әсер етуі.
2. Келушілердің экологиялық көз қарастарын арттыра.
3. Өсімдіктер түрлерін жазып оны анықтау.
4. Биосфера компонеттеріне абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың тигізетін экологиялық әсерін анықтау. 5. Экологиялық серуен , танымдық соқпақтарды салудың ғылыми және методикалық принйптерін өңдеу және функционалдық анықтауымен түрін таңдағанда экологиялық соқпақ бойындағы танымдық объектілерінің жиілігін анықтау. Табиғатпен мәдени қарым – қатынасты қалыптастыру, адам экологиясы мәдениетін дамытуға қатысты екенін рухани қазынамызды жасаушылар қашанда дабыл көтеріп, араша түсіп, тәлім тәрбие іс шараларына жол салып келеді.Ойымыз дәлелді болуы үшін бір тума ақын, композитор туындыларындағы табиғат тақырыптарына арналған шығармаларына зер салып көрелік. Қазақ поэзиясының алыбы Абайды табиғат бақылаушысы, суретшісі ғана емес, оны қорғаушының нағыз хас жауынгері болған деп білуіміз керек және ұрпақтар санасына жеткізу азаматтық парызымыз.Абай табиғаттың бір бөлшегі жануарлар мен өсімдіктер екенін дәріптеп, оларға тән қайталанбас сипаттамаларды беру арқылы олармен жанды қарым – қатынас жасау керектігін насихаттаған табиғаттың нағыз досы.
« Жазды күні шілде болғанда », « Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай », « Қыс », « Күз », өлеңдерінде табиғат пен ауыл, адам мен табиғат, жалпы тіршілік аталуы бір тұтас ажырамас жанды дүние екенін шегіне жеткізе бейнелейді. Мысалы, Жазды күні шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек, Ұзарып өсіп тұрғанда , - деп табиғат әсемдігі адам өмірінің сұлулығы мен көркемдігі үшін ғана емес, оның тән сұлулығы мен денсаулығы үшін таптырмас сый екенін дәріптесе., жануарлар әлемі туралы суреттеме былай кестеленеді.
Шұрқырап жатқан жылқының,
Құйрығымен шырпылдап,
Шалғыннан жоны қылтылдап.
Арасында құлын – тай.
Ат – айғырлар, биенің ,
шауып бұлтылдап,
Бүйірі шығып ыңқылдап.
Жоғары – төмен үйрек, қаз.
Суда тұрып шабындап,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Экологиялық білім беруді жетілдіру мұғалім біліктілігінің шеберлігінің нәтижесінде жүзеге асады
Категория: Ашық сабақ | Добавил: Косжанов
Просмотров: 5713 | Загрузок: 1489 | Рейтинг: 2.9/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>