Проценттерге берілген есептер - Ашық сабақ - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Ашық сабақ

Проценттерге берілген есептер

Скачать реферат с сервера 08.11.2010, 01:44
загрузка...
Проценттерге берілген есептер

ЖАЛГАСБАЕВА Мирамкул Тажибаевна
Северный орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Проценттерге берілген есептер
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Өтілген тақырып бойынша білім, білік дағдыларын меңгерту, стандарт көлемінде білім беру;
2) Дамытушылық: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге дағдыландыру;
3) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Әдіс-тәсіл: математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеопректор
Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Қайталаусұрақтары.
4. Пысықтау үшін жүргізілетін ойын.
5. Үйге тапсырма.
6. Қорытындылау.
1-СЛАЙД
1. Ұйымдастыру.А)Оқушылармен амандасу
Ә)Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Б) Оқушыларды түгелдеу.
В) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2-СЛАЙД
2. Үй тапсырмасын тексеру (Видеопроектор арқылы) тексеру)
3-СЛАЙД
3. Қайталау сұрақтары.:
1. Процент деп нені айтамыз?
2. Қандай шамалар процентпен есептеледі?
3. Процентті бөлшекпен қалай өрнектейміз?
4. Берілген санның процентін қалай өрнектейміз?
5. Проценті бойынша санды қалай табамыз?
4-СЛАЙД
4. Сабағымыздысаяхат сабақ түрінде «2030 жылға сапар» ойыны түрінде жүргіземіз. Ол үшін «Жүйелі білім» жедел поезын пайдаланымыз. Сапар барысында «Тапсырма», «Білім», «Амалдар» станциялары арқылы өтеміз. «Жүйелі білім» поезы 3 вагоннан( топтан) тұрады. Вагондарда екі тексерушіден болады.
1 –вагон - «Тапқырлар»
2-вагон - «Алғырлар»
3-вагон – «Білімділер»
Тексерушілердің білімін ревизор-мұғалім қабылдайды.
5-СЛАЙД
«Тапсырма» станциясының тексерушілері тапсырмаларын алып станциядан қозғалады. Әр тапсырма 5 ұпайдан бағаланады.
«Тапқырлар» тобы
1) 50% 25-ке тең санды табыңыз.
2) 3% 18-ге тең санды табыңыз
3) 50-дің 20% -ін табыңыз
4) 4% 15-ке тең санды табыңыз
5) 200-дің 25%- ін табыңыз

«Алғырлар» тобы
1) 20% 25-ке тең санды табыңыз.
2) 10% 18-ге тең санды табыңыз
3) 250-дің 5% -ін табыңыз
4) 3% 42-ке тең санды табыңыз
5) 200-дің 4%- ін табыңыз
«Білімділер» тобы
1) 10% 25-ке тең санды табыңыз.
2) 12% 48-ге тең санды табыңыз
3) 500-дің 20% -ін табыңыз
4) 7% 63-ке тең санды табыңыз
5) 300-дің 15%- ін табыңыз
6-СЛАЙД
«Білім» станциясы. Семантикалық карта.
Кестеде тігінен тапсырмалар, ал көлденең жауаптары берілген. Тапсырма мен дұрыс жауапқа сәйкес келетін әріптерді теріп жазсақ, білім туралы жақсы сөйлем шығады.

Категория: Ашық сабақ | Добавил: Косжанов
Просмотров: 2412 | Загрузок: 429 | Рейтинг: 3.2/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>