Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
Главная » Файлы » Әдебиет тұлғалары

В категории материалов: 134
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 13 14 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі-Бақтыбай Жолбарысұлы 1842 жылы маусым айында дүниеге келген. Атасы Аңламастан Аю,Жолбарыс,Үден деген үш бала өрбіген.Жолбарыстан Тәттібай тарайды.Ол кезде Талдықорған жағындағы биік-биік таулар ішінде, жыра-сайларда аю, жолбарыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған.

Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

Аты аңызға айналған түрлі фольклорлық деректер бойынша бізге мәлім болған белгілі ақын, философ, әрі саясатшы халық арасында Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлы 1361-1370 жылдары Еділ өзені маңында дүниеге келген. Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны "ұлы даланың философы" деп атаған. Тарихи аңыздарға сүйенсек, Асанның әкесі құс баптаған саятшы болған.

Байқап отырсақ, өткен ғасырда қазақ тіл білімінің үш түрлі ұрпағының өкілдері қызмет жасады. Бірінші ұрпақтың құрамына А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов бастаған қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдар кіреді. Екінші ұрпақтың қатарында І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев бастаған қазақтың академиялық тіл білімін қалыптастырушы ғалымдарды атауға болады.

Қалтай Мұхамеджанов – қазақ драматургиясындағы қайталанбас тұлға. Оған ойдағыдай қанығу үшін ең әуелі бір сәт көз алдымызға осыдан қырық тоғыз жыл бұрынғы Алматыны елестетейікші. Етектен тауға қарай шаншыла шапшыған Дзержинский көшесі. Оның бір шеті бөтекедей бұлтиған жасыл бөктерлерге, екінші шеті кеуіп қала жаздаған тұңқима сайға барып тірелетін Виноградов көшесімен қиылысатын мүйісі

Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады. Рысқұловтың артына қалдырған өшпес мұрасы – саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде.

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері.

Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 – 1865) – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Шоқайұлы Мұстафа (1886-1941) - отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) уезіне қарасты Шоқай ауылы.

Тынышбаев Мұхаммеджан (1879-1937) – қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Туған жері – бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы – Садыр болысындағы Жыланды тауының етегі, қазіргі Алматы облысының Қабанбай ауданы.

1-10 11-20 21-30 ... 121-130 131-134