Главная » Файлы » Әдебиет тұлғалары

Асан Қайғы

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:08
загрузка...
АСАН ҚАЙҒЫ

Аты аңызға айналған түрлі фольклорлық деректер бойынша бізге мәлім болған белгілі ақын, философ, әрі саясатшы халық арасында Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлы 1361-1370 жылдары Еділ өзені маңында дүниеге келген. Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны "ұлы даланың философы" деп атаған. Тарихи аңыздарға сүйенсек, Асанның әкесі құс баптаған саятшы болған.

Революцияға дейінгі қазақ тарихшыларының мәліметтері бойынша, Асан қайғы Алтын Орда ханы ұлық-Мұхаммедтің ықпалды нөкерлерінің бірі болған. XV ғ. 20-шы жылдары ұлық - Мұхаммедтің Алтын Ордадан қуылғанына қарамастан, Асан Қайғы өзінің билеушісіне сенімін жоғалтпаған. Артынан ұлық Мұхаммед Қазанның билеушісі болған жылдары оның кеңесшісі қызметін атқарған. Билеушісі қайтыс болғаннан кейін Асан Дешт-Қыпшаққа қайтып оралады.

1450 ж. Әбілқайыр ұлысында саяси күрес өршіген тұста Асан ханға қарсылас Керей мен Жәнібек сұлтандар жағын қолдаған. 1455 ж. бүлікшіл сұлтандар Шу өзені бойында Қазақ хандығының негізін қалағанда, Асан жаңа хандықтың басты идеологына айналған еді.
1465 ж. Қазақ хандығы өзінің билігін Орталық және Солтүстік-Батыс Қазақстан жерлеріне дейін кеңейткен тұста, жүзді еңсерген Асан қайғы әлі де тірі болған болуы керек. Халық ауызында "ақын ұзақ өмір сүріп, Сары-Арқада ұлытау маңында дүниеден өткен", - деген сөз қалған .

Асан қайғының атынан жарық көріп жүрген үш шығарма жайлы ақынның шығармашылығын зерттеп жүрген зерттеушілер арасында біртұтас пікір қалыптаспаған. Асан қайғының өлеңдері ауыз әдебиет шығармалары үлгілеріне жақындығымен ерекшеленеді. Асан қайғының авторлығына күмән туғызбайтын шығармалары бүгінде қазақ поэзиясы антологиясы қатарында орын алған.

Таза, мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады,
Таза, мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас-
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз -
Шер толқытса шығады.

Категория: Әдебиет тұлғалары | Добавил: Косжанов
Просмотров: 5428 | Загрузок: 549 | Рейтинг: 3.8/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>