Главная » Файлы » Қазақ әдебиеті

Дадәм Қорқыт кітабы

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:20
загрузка...
Дадәм Қорқыт кітабы

"Дадәм Қорқыт кітабы" - сол бір алыстағы уақыт халықтарының өмірі мен тұрмысы туралы, ертедегі түріктердің салт-дәстүрлері туралы баяндайтын ежелгі түрік әдебиетінің, тарихының, мәдениетінің кең танымал шығармасы. Кейде бұл кітапты "Ата-бабалар кітабы" кітабы деп атайды. Бұл әдебиет ескерткішінің пайда болуы 7-8 ғасырларға жатады, оны ғасырдан ғасырға, онжылдықтардан онжылдықтарға өз ұрпақтарына өткізе, жаңа түзетулер енгізе, кеңейте отырып, кітап жалпы түріктік рухани және мәдени қазына болғанша оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар және басқа рулар мен тайпалар жазған, бізге дейін әдебиеттің, тарихтың, этнографияның аса үздік шығармасы ретінде жеткен кітап өткен жүзжылдықтарда ешқандай өз құндылығын жойған жоқ.

Халық жырлары, аңыздары және кейбір тарихи құжаттар мен топшылаулар бойынша Қорқыт Сырдария алқабында 8 ғасырда өмір сүрген, ол белгілі батыр, ақын, сазгер-күйші, сөзіне кейбір хандар да құлақ қойған ақылды-данышпан болған. Қорқыттың анасы қыпшақ руынан шыққан, әкесі қарақожа руының адамы еді. "Қарақожа" деген атаудың өзі түрік халықтары арасында кең белгілі, ол қырғыздың ұлы эпосы "Манаста" жиі кездеседі. Қорқыт өмір сүрген уақыт түріктердің үш ірі бірлестіктері - оғыздар, қыпшақтар және қарлұқтар Қазақстан аумағында бірге, бір одақта тұрған кезеңге тұспа-тұс келеді. Бұл үш бірлестік (тайпа) негізінен Сырдарияның төменгі сағасында өмір сүрген және өз көші-қондарымен Сырдария өзенінің ағысы бойынша сол кезде оғыздардың астанасы болған Жанкент қаласына дейін жеткен. Бәлкім, "Су аяғы Қорқыт" ("Су аяғы құрдым") деген қазақтың ежелгі мәтелі содан қалса керек. Және қазір Сырдария өзенінің төменгі сағасы, Қармақшы қыстауы және соған жақын орындар Қорқыт жерленген жерлер саналады, осы маңда оның пантеоны болған. Асау, бір беткей Сырдария өзенінің сулары Қорқыт жерленген жерді баяғыда басып, оның мавзолей-күмбезін шайып кетті және осыған қарамастан, Қазақстан үкіметінің шешімімен 1980 жылы бұрынғы пантеонның қасынан ұлы музыкант аруағына арналып, айбынды әрі сұлу, жаңа мавзолей тұрғызылды. Аңыз бойынша Қорқыттың бұрынғы мавзолей-күмбезінен Қорқыттың сүйікті аспабы - қобызда орындалған саз әрдайым естіліп жататын болған. Оның жаңа мавзолей-күмбезі биіктікте бір-біріне сүйендірілген төрт қобыз әрдайым осы аспапта әлдебір сазды шығаратындай етіп жасалған.

"Дадәм Қорқыт кітабы" 12 өлеңнен тұрады, онда оннан астам қазақ рулары мен рулық-тайпалық бірлестіктерінің өмірі туралы жарқын көркем тілмен баяндайды. Жыр-толғауларда өтіп жатқан оқиғалар Орта Азияның, Алтайдың, Сырдария сағасының, Персияның, Кавказдың және басқа жерлердің географиялық аумақтарына байланыстырылады. Сондықтан "Дадәм Қорқыт кітабын" бір ғана халықтың игілігі деп санауға болмайды, бұл кітап - барлық түрік халықтарының ортақ қазынасы.

"Дадәм Қорқыт кітабы" жырларының он екі бөлімінің төмендегідей атаулары бар:
1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;
2. Қазансалар ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;
3. Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;
4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;
5. Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;
6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;
7. Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;
8. Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;
9. Бегила баласы Әмрен туралы жыр;
10. ‡йсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;
11. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;
12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр. Бұл жырларда өз Отанын жаулардан қорғаған батырлар мен ерлердің ерліктері, олар қалай өздерінің және жауларының қандарын төккендері, олар қалай өз Отандарының даңқы мен өз халқының болашағы жолында шейіт болғандары дәріптеледі. Ортағасырлық әдебиеттің үздік шығармасы адамдарды ерлікке, адам сүйгіштікке, ата мен анаңды құрметтеуге, шыншылдық пен адалдыққа шақырады. Кітаптың тәрбиелік маңызы зор.

"Дадәм Қорқыт кітабында" философиялық толғамдар, ғибраттар және кеңестер, қанатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер өте мол.

Бұл көркем игілік ешқашан өзінің зор тәрбиелік және эстетикалық маңызын жоймайды. Және де ондаған жылдар өткен сайын олардың мәні кеңейіп, тереңдей түседі.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Косжанов
Просмотров: 3098 | Загрузок: 380 | Рейтинг: 2.0/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>