Қазақ халық әндері - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
Главная » Файлы » Қазақ халық әндері

В категории материалов: 22
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Туған жер қандай көркем мөлдіреген.
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Қазақ деген пейілі кең бай халық
Толды арманы егеменге айналып.
Бейбітшілік қорғанындай сенімді,
Сарбаздары сап түзеді сайланып.

Той басталды Отырарда,
Сұлу сырдың бойында.
Кеудесінде оты жанған,
Қызылқұмның қойнында.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Туған Отан, дәулетің асқан,
Бақыт нұры сәулесін шашқан.
Асыл ана, мейірімі жылы
Еркелесем, кеудесін ашқан.

Танымаймын, білмеймін есіміңді,
Сен ол үшін бола көр кешірімді,
Таңертең бе, кешке ме, түнде ме әлде,
Әйтеуір бір қағамын есігіңді.

Сен қуансаң - қуанам таңдарыммен
Сен мұңайсаң - мұңаям бар жаныммен.
Тағдырым бір туған ел тағдырыңмен
Арманым бір, туған ел, арманыңмен.

Құрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей,
Өр өскен жемістердің бүрлеріндей.
Жомарттың қазынасындай жермен жарық,
Байлық пен сұлулықтың бөлшегіндей.

Қазағым сенсің қазақ - ұлы елім,
Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім.
Мақтанам, қазағым, мақтанышым,
Тәуелсіздік таңы атқан үшін.

Балбұл жанған гүл шағында,
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу - ұранымыз.

1-10 11-20 21-22