Ғашық жүрек - Қазақ халық әндері - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақ халық әндері

Ғашық жүрек

Скачать реферат с сервера 19.08.2010, 03:45
загрузка...
Ғашық жүрек

Өлеңін жазған – Т.Молдағалиев
Әнін жазған – Е.Белғозиев

Алқынғандай, талпынғандай боласың,
Шарқ ұрғандай бүкіл қазақ даласын.
Көкірегіме менің сыймай барасың, } 2рет
Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың! } 2рет

Дегбіріңді тауысқандай боласың,
Жазың күзге ауысқандай боласың.
Күз жапырақтай қалтырайсың, тоңасың, } 2рет
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың? } 2рет

Көрген жандай арманыңның моласын,
Күрсінесің, ауыр ойға шомасың.
Жабырқайсың, жауың таптап кеткендей } 2рет
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың? } 2рет

Назырқанып тірлігіңнің бағасын,
Келер күннен бір сүйеніш табасың.
Бейтаныс бір терезені қағасың, } 2рет
Ғашық жүрек қайда апарып соғасың? } 2рет

Күздің желі жапырағыңды тонасын,
Сонда да сен бақытыңды табасың.
Жете алмайтын арманыңа жет дейсің } 2рет
Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың? } 2рет

Категория: Қазақ халық әндері | Добавил: Аслан
Просмотров: 1008 | Загрузок: 169 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>