Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
Главная » Файлы » Қазақ хандары, билері, батырлары

В категории материалов: 82
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 8 9 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Қанаш Камзин – 429-шы ату полкінің рота командирі(52-ші ату дивизиясы, 57-әскер, 3-ші Украина майданы), лейтенант.Ол 1919 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында(бұрынғы Ермак) қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.Ұлты-қазақ.1931-1934 жылдар аралығында Павлодар қаласының қазақ-комунна мектебінде оқыған.

Яқсарттың** шалқар жағасына,
Сақтардың дархан даласына,
Зұлхарнайын*** ауыр қолмен аттың басын тіреді.
Жаудан қорқып сескенбеген

Қазақ халқында “Алмас қылыш қап түбінде жатпайды” деген тамаша бір сөз бар. Ен даланы еркін жайлаған халқымыз бес ғасыр бойы ат үстінен түспей, жаугер¬¬шілік заманды бастан кешірді. Қос бүйір¬ден аждаһадай ысқырынған қытай мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыз¬дан соңғысының қолтығына кіріп, бодан болды

Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.

Шақшақұлы Жәнібек (? – 1751) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі.

Хангелдіұлы Райымбек (1705-?) – жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Кейінгі деректерде «Хангелді Райымбек» деп аталғанымен, Хангелді Райымбектің әкесі емес, атасы. Әкесі - Хангелдінің кенже ұлы Түке. Бұл ретте ел аузында мынадай аңыз сақталған.

Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) - қазақ халқының әйгілі ханы. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре. Шежіре деректері бойынша Шыңғыс хан - Жошы хан – оның төртінші ұлы - Тоқайтемір - Қожа - Бадақұлан - Өріс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Әз Жәнібек - Жәдік - Шығай хан - Ер Есім хан - Жәңгір хан - Уәли Сұлтан - Қанішер Абылай сұлтан - Көркем Уәли - Абылай (Әбілмәнсүр) хан болып таратылады.

Толыбайұлы Олжабай (1709-!783) - жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың атақты батырларының бірі. Шыққан тегі - Орта жүздің Арғын тайпасынан.
Олжабайдың арғы атасы Айдабол он үш жасында би болған. Осы Айдаболдың үш әйелінің бәйбішесінен - Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы, ортаншы әйелінен Қарақозы, Бозқозы, Аққозы, тоқалынан - Қожагелді мен Тайкелтір туады.

Тоқтыбайұлы Саңырық ( 1692-?) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Ошақты тайпасының Тасжүрек руынан. Әкесі - Тоқтабай да батыр болған. Ол кісі кезінде батырлығымен бірге, таймас турашылдығымен, ауытқымас әділдігімен де елге танылып, аты шығыпты.

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.

1-10 11-20 21-30 ... 71-80 81-82