Главная » Файлы » Қазақ хандары, билері, батырлары

Казыбек би Келдібекұлы

Скачать реферат с сервера 19.08.2010, 04:29
загрузка...
Казыбек би Келдібекұлы.
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу
ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші
жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындай-
ды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша,Қазыбек би
Келдібек ұлы Тәуке хан заңдарының жинағын өндеуге
қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хан тұстарында мемлекет басқару ісіне белсене қатысып жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселеле-
рінде ықпал ете алатын.Ол-жоңғар басқыншыларына қар-
сы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі.18-ғасыр-
дың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқыннан босатып алуға белсене
атсалысты.
18-ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек
биді өз жағына шығару мақсатымен елшілермен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би
Қытай жағына мүлдн қарсы болған.Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап
кеткен. Тұран жұртының кілең қасқасы мен жайсаңдары 1680 жылы көктемде Тәуке Жәңгірұлын түп бабасы Шыңғысхандай қаһарлы, Әмір Темірдей әділетті, Аяз бидей ақылды да көреген,дұшпанына мейірімсіз, халыққа қамқор, ақиқаттың ақ жолынан ауытқымайтын ұлы парасат иесі деп бірауыздан ұйғарып, ақ киізге отырғызып, хан көтерген. Алты би (Төле, Қазыбек, Әйтеке, қарақалпақ Сасық би, Мұхаммед би, қырғыз Қоқым би) үлкен үміт артып, Әз Тәуке хан деп айтуды ұйғарған. Әз Тәуке қазақтың үш асылын айнымас ақылшы етіп, ел билігінің тізгінін бір қолда ұстап, асқан кемеңгерлік, тапқырлық көрсетті, ел үмітін, билер сенімін ақтап шықты. Сол кездегі даналар «Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанда жау алады» деп білген. Сөз- ақылдың өлшемі деп, жүйелі сөзге жығылған. Түн ұйқысын төрт бөліп, тыным көрмей, ел үшін ерінбей еңбек еткен.
«Жеті Жарғы»- дана бабалардан қалған өлмес асыл мұра. Мұнда Қазақ елі белгілі астанасы, ханы, әзіреті, ұраны, байрағы бар ұлы даланың иесі, дербес тәуелсіз мемлекет екендігі тұңғыш рет заңдастырылған. Аталған мұра ел ішіндегі қиян-кескі талас-тартыс, дау-дамайларды жүйелеп, жолын кесті, жұртты береке- бірлікті нығайтуға үндеді. Мұнда жер дауы, жесір жауы, мал дауы, жан дауы, құн дауы, мүлік дауы, хандық пен билік, т.б. мәселелер қамтылған, жаңартылған нормалар да аз емес.
Он жетінші ғасырда жоңғар шапқыншылығынан шарасыз қазақтар Арқа мен Алтайды, Жетісуды жау қолына қалдырып, босып, жосып, қасиетті Қаратау мен Сыр бойына ығысқан, сонда паналаған.«Ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен, ер басына күн туып, етігімен су кешкен» қилы заманда, қиын-қыстау қысылшан шақта 1667 жылы (Ахмет Байтұрсыновтың «23 жоқтауында»1661 жылы туған.Өлген жылы 1758 делінген.-Құраст.) Қазыбек би ел қамын жеген ер дүниеге келіпті. Қазыбек би ес біле анасы Тоқмейілден ұтымды да тапқыр сөз жаттап өседі. Қазекең о дүниеге көз жұмып кеткенше «батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай, ақылымен жол тауып отырған.»
Осы өнерімен данышпан бабамыз Қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек,алты алаштың ардағы деген атаққа ие болған.Қазекең аяғы жеткенше жүріпқолы жеткенше семеп, тілі жеткенше бұлбұлша сайрап,мазасыз өмір кешкен. Қылышынан қан тамған кеңес дәірінде де,Қазекеңнің ардақты есімін ел азаматта-
ры есінен еш шығармаған,қайта, осы кісінің аруағына бас
иіп,табынған, сыйынған.
Қазекең көңілге түйгенің жасқанбай, батыл айтып.
Қадірмен қария шағында Қарқаралы өңірінде дүние салған.Үлкен баласы Бекболат қыс ішінде киіз үй тіктіріп, денесін жер жібігенше сонда сақтап,көктем шыға Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи сағанасына апарып, басына құлпытас орнатқан.Қазекеңнің бекболат, Қазымбет, Сырымбет, Базаргелді, барқы деген бес ұлы
Қамқа атты жалғыз қызы болыпты.Қаракесек ішіндегі
Шаншар әулетінің от ауызды, орақ тілді шешендер,
Қол бастаған айбынды батырлар, күйші, әнші, ақын адамдар,дәулеттілер көп шыққан. Шетінен сөз өнерін қуып, ел билеп, өзгелерге үлгі-өнеге шыққан, артына өлмес мұра қалдырған.
Қаз дауысты Қазыбек айтты деген өткір сөздер көп.
Олардың әлі күнге хатқа түспегендері аз емес.Солрдың көпшілігі аңызға айналып кеткен, қоспа да қосылған.
Біз солардың ішінен іріктеп алып, кейбіреуін қалың оқырманға ұсынып отырмыз.
Қазыбек жастау кезінде жер шоқтығы Көкшетаудағы
Қарауыл елін аралап жүргенде,Бейғұл деген бір байдың
Қызына көзі түсіп, ғашық боп қалады. Сол қызды жар етейін десе, қалың төлеуге малы болмай, қапысын тауып,
қалайда қолға түсірмек боп, байға жалданып жылқысын бағады.Шілденің бір күнінде жеміс-жидек теруге тоғайға топталып кетіп бара жатқан бір топ қызды Қазыбектің көзі шалып қалады. Қараса, солардың ішінде нақсүйек қызы да бар екен. Қазыбек те жалма-жан белдеудегі бедеуге міне салып,құрығын қарына іле салып, әлгі
қыздардың соңына түсіп береді. Жеміс-жидектің қызығына батқан қыздардың ішінен бір қалт еткенде ғашық қызын оңашасын тауып, қапыда қолға түсіреді. Қазыбектің бұл жөнсіз қылығына қорланған қыз ашуға булығып, сол бетінде Тәуке ханға барып, былай деп өлеңмен шағым айтыпты;
Біздер жеті қыз едік,
Жиделінің бойында
Жидек теріп жүр едік.
Асау қара үйреткен
Талдан құрық сүйреткен
Біреу келді қасыма,
Қайғы салды басыма,
Құрығын салды мойныма
Қолын салды қойныма.
Бір білезігім бар еді,
Бар болса тар еді,
Тар білезігімді кеңейтті,
Жеңгемменен тең етті,-депті.
Тәуке хан қолма-қол жендеттерге Қазыбекті әкелуге әмір етті. Қазыбекті пенде қылып алдына салып алып келген соң, қызғы жаңағы айтқан арызын қайталады да,
хан:
Бұған не дейсің, қарабетім?- дегенде,Қазыбектің хан алдында қасқиып тұрып берген жауабы мынау екен:

Жаздыгүні болғанда,
Айғыр менен бұқа мас.
Күздігүні болғанда,
Қошқар менен теке мас.
Жиырма бесінде жігіт мас,
Жиырмасында қыздар мас.
Сол мастыққа тап болды,
Алма мойын, қиғаш қас.
Алсаңыз, тақсыр, міне, бас,
Алмасаңыз,алдияр бас,-деген екен.

Сөзден тосылып, үндемей біраз отырған хан:Иілген басты Қылыш кеспес деуші еді. Бірақ жазасыз кетпесін.
Бірде елшілікке келген көрші елдің бір адамын өлтіру туралы сөз болыпты. Үш би оңаша шығып сөйлесіп тұрғанда,Төле көлге қарап тұрып:
-Алар ма еді мына көлдің қуын атып?-дейді.Әйтеке:
-Оғың шығын болмасын суын атып,-дейді.Сонда
Қазыбек:
-Құтыла алмас бәлеге қалып жүмейік,Құс екен деп
перінің қызын атып,-деп сөзді бітіріпті. Жастау кездерінде Төле мен Әйтеке Қазыбекті сынамақ боп,
бір ерге өтірік таласып, алдына жүгініпті.Ер иесі Әйтеке, даулаушы Төле болу керек. Қапталың қайың,
қасына тал, Қазыбек қоқан ерімсің?-депті Әйтеке.
Ал Төле болса ер өзінікі екендігін, одан ешбір
айырылмайтындығын айтып тұрып алыпты.Сонда Қазыбек Төлеге: Сенқараның ұлы Төлесің, адам болайын жүрген немесің, қу ағаш үшін жан берме, жан берсең, ажалыңнан бұрын өлесің! Сен екі шіркін мені сына майы қойыңдар.Орталарында бір кісінің жауырыны жерге тимей-ақ жүрсе қайтеді?- деген екен.
Қаз дауысты Қазыбек -бойына біткен ерекше дарынымен тай бәйгесінен озып шығып,ат бәйгесіне қосылған,Тұңғыш рет елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқан, бала биден дана биге атанған қазақ тарихындағы қайталанбас ерекше тұлға.
Қазақ пен қалмақ тығырыққа тіреліп, таразыға түскен сын сағатта уыздай жас Қазыбектыңнан жол салып, қиыннан қиыстырып:

Ерден ердің несі артық,
Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық,
Бір-ақ асым еті артық,
Жерден жердің несі артық,
Бір-ақ уыс шөбі артық.
Міндетіне алған сөзден,
Шегінген жігіттен
Аштан өлген аюдың еті артық,-
Деп Тайкелтір би мен хан Бертісті тыйып тастап,бүкітше шүйіліп,Қонтажыға: Ел ебелек емес,ер кебенек емес, дат!-дегенде хан: Өй, өзің жөнінді айтшы , аты жөнің кім дегенде: Руым Қаракесек,әкем Келдібек, атым Қазыбек,-деп саңқ етіп берген жауабы,әсіресе оның: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан ала жібімізді аттап, басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Сен қалмақ болсаң, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз- көмір еріткелі келгенбіз, екі еліктің баласың теліткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен- арыстан, алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желімдей жабысқалы келгенбіз, берсең, жөндеп бітімнді айт, бермесең, жөнінді айт не тұрысатың жерінді айт,- деп жөн айтуы қазақ тарихында алтын әріппен жазылған тарихи құжат. Мұны мұражайға жарқыратып жазып қойса да болғандай.

Категория: Қазақ хандары, билері, батырлары | Добавил: Аслан
Просмотров: 6742 | Загрузок: 496 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 2
2  
Жаниииииииииииииииммммммммммммммммммм

1  
Мынаны ал

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>