Қазақстанның біріккен кәсіпорындарының болашақ дамуы - Қазақша диплом - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақша диплом

Қазақстанның біріккен кәсіпорындарының болашақ дамуы

Скачать реферат с сервера 19.09.2010, 03:54
загрузка...
1-ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ

1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі – халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.
Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.
Халықаралық еңбек бөлінісі – ел ішіндегі және еларалық бөлінісінің қорытындысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді.
Өндірістік процестің ойдағыдай жүруі ондағы атқарылатын әртүрлі еңбек процестерінің бөлшектеніп мамандануына, содан соң кооперацияланып, өзара жарасымды іс-қимылдарға көшуіне байланысты.
Еңбек бөлінісі – бұл қоғамдық еңбектің тарихи анықталған жүйесі. Ол қоғамның даму процесінде іс-әрекеттің сапалық дифференциация нәтижесінде қалыптасады.
Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік халықаралық деңгейде ерекше көрінеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынадай нысандарға бөлінеді:
1) қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т.б.);
2) қоғамдық еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі);
3) қоғамдық еңбек бөлінісінің жеке-дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі).
Еңбектің аймақтық бөлінісі ел ішіндегі бөлініс және еларалық бөлініс болып келеді.
Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - қоғамдық еңбектің аларалық бөлінісінің жоғарғы сатысы. Ол жекелеген елдердің эконономикалық пайдалы өндіріске тұрақты түрде маманданып, белгілі сандық және сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.
Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі кездегі мәні бөліністің диалектикалық бірлігінен және өндіріс процесінің бірігуінен көрінеді. Өндірістік процесс әртүрлі еңбек қызмет түрлерінің мамандануы мен жекеленуін, сонымен қатар олармен айырбасын, олардың өзара әрекеттесуін болжайды. Еңбек бөлінісі тек қана бөліну процесі емес, еңбектің бірігу тәсілі ретінде де шығады, әсіресе әлемдік масштабта.
Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын көптеген елдердің кәсіпорындары ішкі тұтынушылық немесе өндірістік сұранысты қанағаттандыруға қажетті өнімді мөлшерінен тыс анағұрлым көп өндіреді. Әр елдің шаруашылық субъектілері саналы түрде артық өнім өндіре және өзіне қажетті басқа елдердегі артық өнімді иелене отырып, оны әлемдік нарыққа өткізеді. Әрбір ел өндірісте белгілі бір тауар топтарына мамандануды жетілдіре, нығайта отырып, халықаралық нарықта басқа маманданған елдермен өздеріне қажетті тауарларды басқа тауар топтарына айырбас жасау арқылы алады. Нәтижесінде халықаралық еңбек бөлінісі әлемдік экономиканы ұйымдастырудың тәсілі ретінде көрінеді, яғни әрбір елдің кәсіпорындары белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндіруге маманданады, одан кейін олармен айырбас жасайды.
Дүниежүзілік шаруашылықтағы үдемелі өндіріс процестерін жүзеге асыруда халықаралық еңбек бөлінісінің рөлі зор. Ол, біріншіден, осы процестерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді, екіншіден, салалық, аймақтық және еларалық қажетті пропорцияларды қалыптастырады.
Халықаралық еңбек бөлінісі ғылыми теориясы классиктерінің басты еңбегі – “Өндірістік шығындардың салыстырмалы теориясы”. Бұл теориясының негізінде әр түрлі елдердің өндіріс жағдайларындағы айырмашылықтар, олардың өнім өндіру шығындарын да әркелкі етеді деген идея жатыр. Осы идеяға сәйкес, қандай бір ел болмасын оның табиғат жағдайына қарамастан кез келген тауар өндірісін қалыптастыруға болады.
Өндірістік шығындардың салыстырмалы теориясы бойынша өндірілетін өнімнің бір түріне маманданудың, басқа бір елдегі сол өнімді өндірудің басым артықшылықтарына қарамастан, пайдалы екендігі дәлелденеді.
Өндірістік шығындардың салыстырмалы теориясы. Халықаралық еңбек бөлінісі ғылыми теориясындағы классиктердің басты жетістігі халықаралық сауда туралы экономикалық ілімнің негізгі өндірістік шығындардың “салыстырмалы теориясы” болып есептелінеді.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясының негізіне әртүрлі жағрафиялық және табиғи ортада өмір сүретін елдер экономикаларының арасындағы табиғи өзгешеліктер идеясы қойылған. Бір елдер өнеркәсіпті дамыту, басқа бір елдер ауылшаруашылық өнімдерін, шикізатты өндіру керек. Өнімдермен өзара айырбас жалпы тұрмыстың жақсаруына әкеледі. Осы шарттардың бұзылуы ұлттық өндіріс шығындардың елеулі өсуін білдіретін болады. Мысалыға: Шотландияда жүзім өсіруге болады, бірақ оның құны айтарлықтай жоғары, ал одан алынған шарап сирек қолданылатын болар еді. Осы және басқа тауарларды өндіруге кететін шығындарды салыстыру мынадай қорытындыға әкеледі: сұранс бар барлық тауарларды өндірудің орнына, шығындарды аз қажет ететін белгілі бір тауарларды өндірудің пайдалы екендігі. Өндірістің осы тауарға мамандануы айырбас арқылы сыртқы нарықта басқа барлық тауарларды иемденуге мүмкіндік береді.
Салыстырмалы шығындар теориясымен белгілі бір тауарды өндіруде маманданудың бір елдің екінші бір ел алдында тек қана абсолютті артықшылық шарттарында ғана емес, бұл шарттар болмаған жағдайда да пайдалы екендігі дәлелденеді.
Егер де халықаралық деңгейден төмен шығындармен бір де бір тауар өндіріле алмайтын болса, онда тауарларды өндіру кезінде біреуінің осы орта деңгейден асуы ең аз болады. Дәл осы тауарды өндіру шығындарын басқа тауарларды өндіру шығындарымен салыстыра отырып, мамандану керек. Осы жағдайдың өзінде де мамандану экономикалық әсер бере алады. Басқа да жағдай ескеріледі: оған жоғарғы артықшылық әкелетін тауарларды шығаруға мамандану керек.
Еркін бәсекенің капитализмі үшін салыстырмалы артықшылық теориясының мәнді, ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы бар. Мемлекеттерге басқа бұйымдарға қарағанда ұлттық өндіріс шығындары салыстырмалы төмен тауарларды сату, ал өз бетімен, бірақ басқа елдерге қарағанда жоғарғы шығындармен өндірілетін тауарларды сатып алу пайдалы болды.
Сонымен бірге салыстырмалы артықшылықтар теориясы өзінің тууы кезінде шектеулі сипатта болды: оның принциптері тек қана тәуелсіз мемлекеттермен жүзеге асырыла алатын болды. Колониялы және тәуелді мемлекеттер экономикалық қысымға ұшырады, сондықтан олар үшін салыстырмалы артықшылықтар принципі негізінен тиімсіз болды. Өзінің кейінгі зерттеулерінде салыстырмалы артықшылықтар теориясы халықаралық еңбек бөлінісінің нақты процестерінің алаңдатылған едәуір абстрактылы модель түрінде көрінеді.
Осы модельдің жетілмеуі мынадан тұрады:
• ол еркін бәсеке принципін абсолюттейді;
• ол тек қана белгілі бір тауарлар мен елдерді қарастырумен шектеледі;
• онда тауардың тауарға тікелей айырбасталуы болжамдалады;
• өндіріс және көлік шығындар масштабтарына әсер етуі ескерілмейді.
Бұдан басқа халықаралық экономикалық қатынастардың мәнді белгілеріне көңіл бөлінбейді: еңбек және капиталдың трансшекаралық ауысуы, өндірістің мамандануына мемлекеттің және халықаралық корпорациялардың араласуы және басқа да факторлар.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар. Бұл факторларға:
1. Елдің ішкі нарығының көлемі.
Нарығы дамыған ірі елдерде қажетті өндіріс факторлары мен тұтынушы тауарларын табуға мүмкіндік жоғары. Сондықтан елдің халықаралық мамандану мен тауар айырбасына қатысу қажеттілігі төмен болады. Сол кезде елдегі жетілген нарықтық сұранс экспорттық мамандануды кеңейтумен орнын толтыра отырып, импорттық сатып алуды кеңейтуге ынталандырады.
2. Ел экономикасының даму деңгейі.
Елдің экономикалық потенциалы неғұрлым төмен болса, соғұрлым елдің халықарлық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі жоғары болады.
3. Елдің табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі.
Елдің моноресурстармен (мысалы, мұнаймен) жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етілуі елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысуына қажеттілік тудырады.
4. Ел экономикасы құрылымындағы негізгі өнеркәсіп салаларының (энергетика, металлургия, қағаз шығаратын сала) үлес салмағы.
Негізгі салалардың үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі төмен болады.
Осы аталған факторлар өзінің көрінуінде абсолютті емес екенін ескеру керек. Олардың әсері мынадай жағдайда төмендеуі мүмкін, мысалы, жергілікті өнімнің халықаралық бәсекелестік қабілеттілігінің өзгеруімен, экспорттық шектелуімен.
Халықаралық еңбек бөлінісінің даму процесінде бастығы – бұл әрбір қатысушының өзінің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуынан экономикалық қызығушылық пен пайда іздеуі және табуы.
Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарына экспортталатын тауарлардың халықаралық және ішкі бағалары айырмашылығынан және тиімді импортты ынталандырудан түсетін пайдаларды да қосуға болады.
Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысу барлық мемлекеттер үшін пайдалы. Себебі, олар өндіріс құнының ұлттық және интерұлттық айырмашылықтарынан табысты болады. Сонымен, құн заңы дүниежүзілік еңбек бөлінісінің қозғаушы күші.
Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне қатысу адамзаттың бүкіл әлемдік проблемалары - қоршаған ортаны қорғау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ғарышты, мұхиттарды игеру т.с.с. жобаларды шешуге көмектеседі.
Мамандардың болжауы бойынша болашақта өнеркәсібі дамыған елдердің өндірісі сыртқы тұтынушыға қарай бейімделеді де ішкі сұраныс импорт арқылы қанағаттандырылатын болады.
Үстіміздегі ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзіне орасан зор саяси экономикалық, әлеуметтік өзгерістер әкелді. Олар халықаралық еңбек бөлінісіне елеулі әсер етті. Бұл әсерлер халықаралық еңбек бөлінісінің интеграциялық қуатын бұрынғыдан да арттырып отыр.
Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының көрсеткіштері. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму процесі оның өзгеруінің қажеттілік мәселелерін алға қояды.
Халықаралық еңбек бөлінісін өлшеу үшін экономистер бірқатар коэффициенттерді ұсынады. Олардың ішінде:
• өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттық үлес салмағы;
• экспорттың жалпы құнындағы саланың үлес салмағы;
• мемлекеттің барлық өнеркәсібінің өсу қарқынымен салыстырғанда экспорттық мамандану саласының өсу қарқыны.
Аймақтық деңгейде халықаралық еңбек бөлінісінің даму көрсеткіштері мыналар:
• әрекеттесуші елдердің қоғамдық өндірісінің өсуімен салыстырғанда өзара тауар айналым өсуінің өзу коэффициенті;
• осы елдердің қоғамдық өндірісте өзара тауар айналымының үлесі;
• жалпы сыртқы сауда айналымының өсуімен салыстырғанда өзара тауар айналым өсуінің озу коэффициенті.
Кейбір экономистердің ойынша халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі көрсеткіштерін мыналар деп санайды: экспорттық, импорттық, және осыған сәйкес сыртқы сауда квоталары, әр тауар бойынша елдің халықаралық саудадағы үлес салмағы және т.б.
Халықаралық мамандану және өндірісті кооперациялау. Халықаралық еңбек бөлінісінің ішкі құрылымы және оған сәйкес даму бағыттары бар. Өндірістің халықаралық мамандануы және халықаралық кооперациялануы халықаралық еңбек бөлінісінің ажыратылмайтын белгілері болып табылады.
Өндірістің халықаралық мамандануы екі бағытта, өндірістік және территориялық болып өрбиді. Өз кезегінде өндірістік бағыт:
• салааралық;
• салалық;
• маманданған жеке кәсіпорындар болып үшке бөлінеді.
Өндірістік территориялық мамандануына:
• жеке елдердің;
• бірнеше елдер тобының;
• аймақтардың, дүниежүзілік нарық үшін белгілі тауарлар өндірісін ұйымдастыруы жатады.
Өндірістің халықаралық мамандануы түрлеріне заттық (дайын өнім өндіру), бөлшектік (өнімнің бір бөлігін жасау), технологиялық, яғни технологиялық тізбектің жекелеген процестерін жүзеге асыру түрлері жатады.
Дүниежүзілік шаруашылық байланыста заттық мамандану түрлері ішінен ең кең тарағаны – дайын өнім өндіруге мамандану. Дайын өнім өндіру бойынша халықаралық мамандану – халықаралық еңбек бөлінісінің динамикалық нысаны. 50-60ж.ж. жетекші орында бастапқы сала деңгейінде (машина жасау, ұшақ жасау, пластмасса өндіру, радиоаппараттар, подшипниктер және т.б. өндіру) өндірістің халықаралық мамандануы алды. 70-80 ж.ж. ішкі салалық өндірістің халықаралық мамандануы және әртүрлі тұтынушылық сипатқа ұқсас тауарлармен айырбасы көзге түседі. ( мысалы, тері және резина аяқ киімі және т.б.)
Соңғы жылдары жекелеген өнімдерді өндіру бойынша мамандану дамуда. Кәсіпорындардың жекелеген өнімдерді өндіруге мамандануы қазіргі ғылыми-техникалық прогреске тікелей байланысты. Өндірістің технологиялық құрылымының күрделенуі өнім өндіру үшін пайдаланатын бөлшектер мен тетіктердің сандық мөлшерін көбейтіп жібереді. Мысалы: жеңіл автомобиль шығаруға қажет бөлшектер мен тетіктердің саны 20 мыңға, прокат станында – 100 мыңға, электровозда – 250 мыңға жуықтады. “Вольво” шведтік автомобилін шығаруға мамандану осыған мысал бола алады. Ресей тұтынушысы осы автомобильді ала отырып, шын мәнінде шведтік таза өнімнің 1/3-н ғана иемдене алады. Өнімнің 60% -ы Швециямен импортталған.
Технологиялық мамандану елдердің дайын өнімді бөлек операциялар орындау арқылы шығаруы (яғни жеке технологиялық процестерде жүзеге асыру, мысалы, құрастыру, пісіру, сырлау, бояу, құйма өндіру және т.с.с.), мысалы, шетелден глинозем (топырақта болатын алюминий тотығы) және оның қорытпасын жеткізу.
Өндірістің халықаралық мамандануы қоғамдық байланыстарды есепке ала отырып даму керек. Бірақ та өндіріс тиімділігін жоғарылату және өндірістің халықаралық мамандануының экономикалық пайдалылығын жүзеге асыру үшін, экономикалық мақсаттардың жүзеге асырылуына жету үшін, оны өндірістің халықаралық кооперациялануымен толықтыру керек. Оның объективті негізіне өндіргіш күштердің қарқынды дамуы арқылы мүмкін болатын ел ішіндегі, немесе халықаралық деңгейдегі дербес кәсіпорындардың өзара тұрақты өндірістік байланыстары жатады. Өндірістің халықаралық кооперациялануы фирмаларға, өндіріске және айналымға кететін шығындарды азайтуға көмектеседі, яғни өнімнің бәсекелестік қабілеттігінің жоғарлауы.
Өндірістің халықаралық кооперациялануы, өзінің жетілген формаларында кооперациялаудың әртүрлі сфераларын қамтиды:
1. Халықаралық өндірістік-технологиялық кооперациялау.
Бұл сфераның құрамына:
• меншік құқығын пайдалану және лицензиялар беру сұрақтары;
• жобалау-конструкторлық сызбаларды жасау, технологиялық процестер жөнінде алдын-ала келісу, өнімнің сапасы мен техникалық деңгейін анықтау, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін белгілеу, кооперацияланатын кәсіпорындарды қайта жарақтандыру іс-қимылдары;
• өндірісті басқаруды жетілдіру, стандартизация, сертификация, унификация жұмыстары кіреді.
Кооперант-елдер бірлескен бағдарламаларын жүзеге асырудың ұйымдастырушы формасы қымбат және күрделі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлайтын халықаралық консорциумдар болып табылады. Бірақ-та бұл жоспарларды бір елдің компаниялары үкіметтің қолдауымен де жүзеге асыруға шамалары келмейді. Халықаралық консорциумдар авиациялық, ғарыштық өнеркәсіпте, энергетикада, халықаралық еркін экономикалық аймақтар құруда және кейбір басқа да қызмет сферасы мен салаларында құрылады.
2. Кооперацияланған өнімді өткізумен байланысты сауда-экономикалық процестер.
3. Техниканы сатудан кейінгі қызмет көрсету. Мысалы, А300 аэробусының бас фирмасы “Эрбас индастри” болып табылады. Онда бірқатар еуропалық елдер ұлттық компанияларының (Франция, Алмания, Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, Бельгия) акция үлестері бар. Бас мердігер бола тұрып, “Эрбас индастри” әуекомпаниялармен, басқа қызығушылық білдіретін ел үкіметтерімен өз байланыстарын жүзеге асырады, сату сферасында саясатты анықтайды, сатудан кейін қызмет көрсетеді және ұшу техникалық персонал клиенттерін оқытады.
Кооперациялық байланыстарды қалыптастыру барысында негізінен үш түрлі әдіс қолданылады, олар:
1) бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру;
2) келісім шартқа сәйкес мамандану;
3) бірлескен кәсіпорындар құру.
Бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру өз кезегінде өндірісті кооперациялардың мердігерлік нысаны мен бірлескен кәсіпорын құру нысанынан тұрады.
Өндірісті кооперациялаудың мердігерлік нысаны бойынша жұмыс атқарушы тапсырыс берушінің талабын орындайды. Мердігерлік келісім талаптарды жұмыстың аяқталу мерзімі, көлемі, сапасы, т.т. туралы мәмілеге келтіреді.
Бірлескен өндірістік кәсіпорын құрудағы басты мәселелерге фирманың мүдделеріне сай әріптестерді таңдау, олармен бірлескен кәсіпорын туралы келісім-шарт жасау және кәсіпорын-корпорацияның ұйымдық нысаны жөніндегі шешімдер қабылдау жатады. ТМД елдерінде бірлескен кәсіпорындардың акционерлік қоғам, толық жауапкершілікті қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік сияқты түрлері кеңінен тараған.
Сонымен, бірлескен кәсіпорын деп қатысушылардың жинақталған капиталдарын пайдалану арқылы, өзара келісілген мақсаттарды жүзеге асыруды айтамыз.
Халықаралық өндіріс. ХІХғ. Соңында өндірістің және капиталдың интернационализациялануы, дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың ғаламдануы процестерінің барысында халықаралық өндірістің үдемелі дамуы байқалады. ХХІғ. Басынан халықаралық өндіріс қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың маңызды, ерекше белгісі болды. Халықаралық өндіріс ондық және жүз мыңдық жұмысшыларды қамтитын, бірқатар ел мен аймақтарда жүзеге асырылатын бір орталықтан кооперациялық өндірістік процесті ұйымдастырушы болып табылады.
Халықаралық өнімнің жоғарғы дәрежелі стандартизация, унификация, сапалы және бәсекеге қабілетті болуы, бұл процестің нәтижесі болып табылады.
Халықаралық өндіріс “ескі” дәстүрлі халықаралық еңбек бөлінісіне, сонымен қатар өндірістік қатынастарда жаңа функциялары бар дамушы елдерді қатыстыра отырып, жаңа халықаралық еңбек бөлінісіне негізделеді. Мұндағы мәселе, бұл елдерде ең ірі халықаралық корпорациялармен тығыз өндірістік-кооперациялық қатынас жүйесімен байланысқан жаңа өнеркәсіп салаларының (электрондық, электротехникалық, тігін) бірқатар өндірістері мен кәсіпорындарын құру. Халықаралық корпорациялар өз филиалдарын шетелге шығарады, онда жартылай фабрикаттар, бөлшектер, компоненттер жасалады. Құрастыру халықаралық корпорациялар шоғырланған елде жүзеге асырылады, сол құрастырылатын өндіріс дамушы елдерге тасымалданады. Бұл бірқатар артықшылықтар береді. Машиналар мен құралдарды бөлшектенген күйінде тасымалдау арзан болғандықтан, көлік шығындарын үнемдеуге мүмкіндік туады. Халықаралық корпорациялар өз экспортының бәсекелестік қабілеттілігін құрастырылған машиналарға және осындай машинаның құрамдас бөліктерінің жиынтығына импорттық баж айырмасы есебінен жоғарылатады. Дамушы елдердегі халықаралық корпорация бақылауында істейтін жұмысшылардың еңбек ақысы халықаралық корпорация шоғырланған елдегі жұмысшылардың еңбек ақысына қарағанда әлеқайда төмен.
Халықаралық корпорациялар шоғырланған елінен тыс өзінің өндірістік қызметін жетілдіре отырып, өндірістің заттық, бөлшектік, технологиялық мамандануын тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл мамандану халықаралық өндірістің ең ірі дүниежүзілік корпорациялары шеңберінде топталады. Нәтижесінде халықаралық еңбек бөлінісі формасы жағынан интернационалды бола тұрып, фирма ішілік сипат алуда. Бірақ-та бұл халықаралық еңбек бөлінісінің фирма ішілік сипат алуы шектеулілікті білдірмейді. Халықаралық еңбек бөлінісі мазмұны жағынан - ғаламдық
Дамушы елдерде өнеркәсібі дамыған елдердегі сияқты халықаралық корпорациялар өз қызметіне көптеген кіші және орта компанияларды тартады, шағын бизнесті тәуелді жағдайға әкеледі. Тәуелділік тікелей функционалды байланыс негізінде қалыптасады, яғни өндіріс технологиясының, маманданудың, кооперациялаудың дамуы, өнімді өткізуді ұйымдастыруы, “ноу-хау” тапсыруы негізінде және т.с.с.
Халықаралық корпорациялармен қалыптасатын халықаралық өндіріс олардың дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының, сыртқы сауданың, капиталдар, инвестициялар жылжыуының, технологияларды тапсырудың негізі және ажырамас бөлігі болып табылады.
Халықаралық өндіріске халықаралық қызметінен басқа, шаруашылық субъектілер арасында фирмааралық өндірістік кооперациялануы формасында пайда болатын біріккен халықаралық өндіріс жатады.

Ағылшын экономистердің айтуы бойынша халықаралық өндірістің көлемі 1970 ж. 4,5 %-н 1990 жылға дейін 7 %-ке дейін өсті. Өнеркәсіп өндірісінде халықаралық өндірістің көлемі 15 %-ке жетті. ХХІ ғ. Басында халықаралық өндірістің мәні айтарлықтай өсті. Мүмкін, келесі ғасырда оның көлемі әлі де болса өседі. Бірақ оның ұлттық өндірістен артықшылығын айту әлі ерте. Өйткені өнімнің негізгі көлемі ұлттық өндірушілермен өндіріледі.
ХХ ғ. Ортасында өрістеген халықаралық экономикалық қатынастарды мемлекетаралық реттеу процесі халықаралық еңбек бөлінісін қозғай бастады. Халықаралық еңбек бөлінісі жоспарланатын, басқарылатын процеске ауыса бастады.
Халықаралық еңбек бөлінісі жоспарланатын, басқарылатын процеске ауыса бастады. Халықаралық еңбек бөлінісінің теориясы және тәжірибесі 80 жылдан бастап жетіле бастады, әсіресе дамыған және дамушы елдер арасында.

1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі бірде-бір ел, ғылыми-техникалық және экономикалық потенциалына тәуелсіз, өзінің оптималды қызметін сыртқы экономикалық байланыстарынсыз, яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінсіз қамтамасыз ете алмайды. Бұдан “тәуелсіздік” анық көрінеді, елдің экономикалық даму дәрежесі неғұрлым жоғары және ішкі нарық неғұрлым тар болса, соғұрлым бұл ел жоғарғы дәрежеде халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне тартылу керек.
Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу сипатын түбегейлі түрде өзгерте отырып, дүниежүзілік нарықта жаңа өзгерістерге ие болып жатыр.
Бұрынғы КСРО-да өндірістің интернационализациялануы “жоғарыдан” әкімшілік басқару арқылы, саяси деңгейде жүргізілді.
Экономикалық өзара көмек кеңесі (ЭКК) елдері сыртқы экономикалық қызметінде бір-біріне бейімделеді. Интеграция механизмі келесі элементтер көмегімен жүзеге асырылады:
1) біріккен жоспарлы іс-әрекет;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
3) өндірістің мамандануы және кооперациялануы;
4) халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі сыртқы сауда мына принциптер арқылы жүзеге асырылды:
• “шикізат – дайын өнім”;
• “дайын өнім – дайын өнім”.
- “шикізат – дайын өнім” принципі “КСРО – экономикалық өзара көмек кеңесі елдерінің” қарым-қатынасына тән болған.
Дүниежүзілік нарықтық кеңістікте Қазақстанның өз бетімен экономикалық дамуы болашақта дүниежүзілік нарықта дұрыс бейімделуі және халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табуы үшін сауатты капитанның бар болуын қажет етеді. Бұл үшін біз қандай өнеркәсіп өндіріс салаларында бірінші орындамыз, қандай салаларда монополист болып табыламыз, қандай салаларда дайын өнім сатып алуымыз керек, ішкі нарықта өніммен қамтамасыз ету үшін қандай салаларында өндірісті дамыту, қандай салалларда ОПЕК сияқты картель типіндегі біріккен мемлекет аралық кәсіпорындарды құру керек екендігін анықтау қажет.
Дүниежүзілік өндірісте түсті металлургия, уран рудасы, фосфор тыңайтқыштары, алтын өндіру т.с.с. салаларында алдыңғы орында тұрғанымызбен, Қазақстанды дүниежүзілік нарықта шикізатпен жабдықтаушы ретінде емес, дайын өніммен және жартылай фабрикатпен жабдықтаушы ретінде танытқан біріккен мемлекетаралық кәсіпорындарды құру жолдарын іздестіруіміз керек. Мұндай жағдайдан біздің республикамыз серіктесінің имиджін пайдалану арқылы шыға алады. Дүниежүзілік нарық - бұл “ерке қыз” және оның көңілін таба білу керек екендігін ұмытпау керек.
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан территориясы бойынша Ресей Федерациясынан кейін екінші орында, оның территориясы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан территориясына барлығын қосқанда 240 млн. адам тұратын, сегіз еуропа мемлекеттері сияды: Франция, Испания, Италия, Португалия, Швеция, Норвегия, Греция және Финляндия. Республика 14 облыстан, 198 ауданнан, 82 қаладан тұрады, ол көптеген жер ресурстары мен пайдалы қазбаларға бай. Қазақстан сирек кездесетін табиғи байлықтарға ие.
Бұл, ең біріншіден, мұнай. Мұнайдың негізгі кен орындары Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында шоғырланған. Зерттелген мұнай қоры – 4,5 млрд.тоннаны; 5,9 трлн.куб.м. газды құрайды.
Тас көмір. Тас көмірдің 200 млрд.тонна қоры бар. Тас көмірдің негізгі кен орындары Қарағанды (кокстелген көмір), Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында шоғырланған. Тас көмірдің бірден-бір кен орны бар. Шұбаркөлдік кен орны, мұндағы тас көмірдің қоры 2 млрд.тоннаны құрайды.
Темір рудасы. ТМД елдерінің ішінде қор көлемдері бойынша (8 млрд.т.) Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында. Негізгі қоры Қостанай облысында шоғырланған (Сарыбай, Кашир, Лисаковск). Хром қоры Ақтөбе облысында шоғырланған (ТМД қорының 90 %).
Фосфор. Фосфордың дүниежүзілік қорының 60 % Жамбыл облысында шоғырланған. Шынында да дүние жүзіндегі екі ел фосфор тыңайтқыштары жөнінен монополистер болып табылады: Қазақстан және АҚШ.
Техникалық алмаздардың - 60 %, түсті металдардың - 97 %, ТМД күміс қорының - 60 %, сонымен қатар уран рудасының дүниежүзілік қорының 40-45 % (МАГАТЭ берілгендері бойынша) Қазақстан территориясында шоғырланған. Республикада алтынның едәуір қоры, ванадий, вольфрам және т.б. түсті металдар көп кездеседі. Қазақстан территориясынан Менделеев таблицасындағы 99 элемент табылған. Республика өнеркәсіп өндірісінің даму деңгейі әлсіз дамыған елдер деңгейімен тең, бірақ та республиканың дамыған елдер әлемдік жүйесінде өз “тетігін” (ниша) талап ете алатындай өнеркәсіп салалары бар. Бұл - әскери-өнеркәсіп кәсіпорындары, Байқоңыр космодромы және басқа да салалар.
Қазақстанның орны толассыз байлығына оның жері жатады. Жалпы жер ауданы – 272,5 млн.га., оның ішінде ауыл шаруашылық жерлеріне – 93,4 млн.га., ауыл шаруашылық дәнді дақылдарына – 35 млн.га., оның ішінде бидай дәнді дақылына 23 млн.га. жер берілген.
Қазақстанда ғылыми және техникалық потенциалы, мәдениеті, ғылымы, білім беру жүйесі жақсы дамыған.
Экономикалық потенциалы негізінде сыртқы сауда және халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу саясаты құрылған болатын. Республиканың қазіргі кезде не нәрсе маманданғанын, халықаралық еңбек бөлінісіндегі оның рөлі мен орнын анықтау үшін, Қазақстанның экспорттың потенциалын қарастырайық.
Қазақстанның экспорттық потенциалы. Көптеген елдер нарықтық экономиканың негізін құруда негізгі көңілді өнеркәсіп өндірісінің бәсекелестік қабілеттілігін жоғалатушы факторы екен мерзімі жеткен мәселелерді шешудің қысқа жолы ретінде экспорттың дамуына бөлді. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының қандай мүмкіндіктері бар?
Қазақстанның экономикалық жағдайы оның байлығымен, яғни Қазақстанның басқа да тауар өндірушілермен бәсекелестікке түсе алатын және әлемдік нарыққа шыға алатын ресурстармен анықталады.
Ең алдымен, әлемдік шикізат нарығын тауар өндірушілер өзара бөліп алған және де онда бос “тетік” жоқ, тек қана бәсекелестік күрес өмір сүруде. Екіншіден, шикізат әлемдік нарыққа төмен бағалармен шығарылады, сонымен қатар қазақстаандық шикізат жабдықтаушыларының имиджі жоқ, және де өнімдерінің сапасы әлемдік сертификатқа сәйкес келмейді. Әлемдік тұтынушы шикізатты тура белгіленген уақытында және сапасы жоғары шикізатты сатып алуға әдеттенген. Сондықтан да, әлемдік нарықта өз “тетігін” табуы үшін, көптеп күш жұмсау керек.
Социализм тұсында республика мынандай жағдайда болды: соншама тонна тас көмір, мұнай, бидай, түсті металдар және т.б. өндіре отырып, өз тұтынушыларымен қарым-қатынасқа да, дүниежүзілік нарықта бәсекелестікке де түспеген, сонымен қатар дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттемеген. Бірақ, тәуелсіздік алғаннан кейін, республика өз өнімдерін экспорттауда, тұтынушылармен қарым-қатынастар жасауда, дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттеуде алғашқы қадамдар жасай бастады.
Экспорттық -импорттық операциялар - Өнеркәсіп және сауда министірлігімен және Қазақстанның экономикалық даму сыртқы сауда ұйымдарымен және басқа да маманданған ұйымдармен үкіметаралық келісім негізінде, мемлекеттің қажеттілігі үшін еркін сауда шарттары негізінде өнімдер экспортты мен шикізат, азық-түлік, медикаменттер импортына лицензиялар мен квоталар негізінде, сонымен қатар тіккелей тауар өндірушілер – біріккен, шағын, жеке кәсіпорындар, кооперативтер негізінде жүзеге асырылады.
1992 жылдан бастап Қазақстан өзінің сыртқы сауда байланыстарын өз бетінше жүзеге асыра бастады.
1999 жылдың бірінші жарты жылдығында енгізген кеден декларациясының берілгені бойынша, республика 89 қиыр шет елдерімен тауар айырбасын жүргізді, оның ішінде: еуропаның - 40,8% Азияның - 28, Африканың - 12, Американың - 9, сонымен қатар Австралия және океаниямен.
Сыртқы сауда тауар айналымында орында Қытай, Швейцария, Алмания, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Турция, Чехия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Жапония алады, ал Азия елдерінің үлесіне сыртқы сауданың - 28 % тиеді.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2004 жылы жалпы 29539.5 млн. АҚШ доллар құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 4406,2 млн. АҚШ доллар. Бұны біз келесі кесте арқылы көре аламыз (1-кесте).
1-кесте
Қазақстан Республикасының сыртқа саудасы

(млн. АҚШ доллар)

2002 2003 2004
Тауар айналымы, барлығы оның ішінде:
-ТМД елдері
-ТМД елдерінен тыс
Экспорт, барлығы оның ішінде;
-ТМД елдері
-ТМД елдерінен тыс
Импорт, барлығы оның ішінде:
-ТМД елдері
-ТМД елдерінен тыс
Сальдо, барлығы оның ішінде:
-ТМД елдері
-ТМД елдерінен тыс
15085.1

5954.1
9131
8639.1

2644.6
5994.5
6446

3309.5
3136.5
1086,2

109,9
976,3
16254.3

5237.6
11016.7
9670.3

2194.4
7475.9
6584.0

3043.2
3540.8
1911,5

-105,6
2017,1
21335.4

6912.8
14422.6
129926.7

2980.5
9946.2
8408.7

3932.3
4476.4
4087,4

-336,9
4454,3

Мұнда біз Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде экспорттың үлесі – 64,4 % екендігін және импорттың үлесі – 35,6 % құрайтындығын көріп отырмыз. Сонымен қатар біз бұны мына диаграмма арқылы көре аламыз (1 - диаграмма).
1-диаграмма. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі экспорттың және импорттың үлесі

2004 жылы жалпы көлемі қыйыр шетелге 48 %, таяу шетелге – 52 % жеткізілген. Қазақстан ТМД экспорт көлемі бойынша Ресей (84,7 wacko мен Украинадан (5,9 wacko кейін үшінші (2,9 wacko орында.
Қазақстан экспортының құрылымында металл бұйымдарының үлес салмағы жоғары: минералды өнімдер және химиялық өнімдер, ал машина мен құралдардың үлес салмағы төмен.
Табиғи күйінде жеткізілетін өнімдер қатарына мыс, қара металдар прокаты, ферроқоспалар, мырыш, мұнай, мазут, отын және тыңайтқыштар жатады. Осы тоғыз шикізат өнімдерінің үлесіне экспорттың 54 % келеді.
Бұдан біз Қазақстан Республикасының қазіргі кезде шикізат және материалдар экспортына бейімделгендігін және табыстарға жетуде басқа елдер алдында артықшылықтарымыздың бар екендігін көре аламыз.
Қазақстан Республикасының серіктес елдермен және тауарлар топтары бойынша экспорттың құрылымын келесі диаграммалар арқылы анық көре аламыз (2 - диаграмма және 3 - диаграмма).

2-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2004 жылдың қаңтар-қараша айындағы серіктес елдермен экспорттың құрылымы.


3-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2004 жылдың қаңтар-қараша айындағы тауар топтары бойынша экспорттың құрылымы.

Қазақстан табиғи материалдық ресурстар шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды жабдықтаушы ретінде, халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда келесі тенденцияларды көруге болады.
4-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2004 жылдағы тауардың негізгі топтар бойынша импорттың құрылымы.

Яғни мұндағы тауар бойынша негізгі үлесін машиналар мен құрал-жабдықтар құрайтындығын анық көріп отырмыз.
Импорттық саясат ең алдымен импортты қатаң түрде бақылауға бағытталуы керек.
Қазіргі кезде республика территориясына негізінен ішімдік бағыттағы және төменгі сапалы тауарлар енгізіледі, сондықтан бұларға тосқауыл қою керек. Ұлттық өндіріске зиян келтіретін өнімдердің енуін жанама әдістер арқылы шектей отырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес импортты тергеу керек және Қазақстан өз бетімен жүзеге асыра алатын импорт алмастырушы өндірісті дамытуы керек. Импорттық тауарларды сатып алуға валюталық кірістердің және импортық несиенің едәуір бөлігі, сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдардың қаражаттары жұмсалады.
Бұдан біз Қазақстанның импортындағы негізгі үлес салмақты Ресей Федерациясы алып отырғандығын көреміз - 49%, Алмания - 7%, АҚШ- 5%, Ұлыбритания - 4%, басқалар - 26%.
Бұдан біз минералды ресурстар шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды жабдықтаушы ретінде халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда оң және теріс жақтарын көруге болады.
Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу формалары. 1987 жылдан бастап одақ республикалары экспорттық-импорттық операциялар жоспарын өз бетімен жасады және оларға сыртқы нарыққа шығаруға ресми түрде рұқсат берілген.
Осыған дейін сыртқы экономикалық және республикалық байланыстар халықшаруашылық кешеннің және бірыңғай мемлекеттік жоспардың құрамында қалыптасқан. Одақ мемлекеттерінің кеңесі экспорт бойынша тапсырмаларды тікелей мемлекеттік бақылаудағы кәсіпорындармен өндірілетін өнімдерге белгіледі. Негізгі экспортер-кәсіпорындар одақ министрлігінің қарауында болды және олардың жоспарында экспортқа өндірілетін өнімдер бойынша тапсырмалар белгіленеді. Осындай қарым-қатынас жүйесі импорттық операциялар кезінде де жүргізілді.
Тыңшы органдарының шешімімен кәсіпорындардың, салалық, аймақтық, республикалық органдардың құқықтары мен міндеттері анықталды және олардың құрылымында сыртқы экономикалық байланыстар жөнінен арнайы бөлімшелер құрылды.
1987 жылы “Казахимпорт” республикалық сыртқы сауда бірлестігін құрылды, 1989 жылы Сыртқы сауда мемлекеттік комитет құрылып, 1991 жылы Сыртқы сауда байланыс министрлігі болып қайта құрылды. 1993 жылдың маусымынан бастап оны республика Премьер-министрінің орынбасары басқарды.
Республиканың өндірістік потенциалы тиімді пайдалану, нарық қажеттілігін қанағаттандыру, республиканың әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуын тездету мақсатында 1994 жылдың маусымында Сыртқы экономикалық байланыс министрлігін, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп министрлігі мен Сауда министрлігін тарату негізінде Қазақстан Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрлігі құрылды.
Министрлер кабинеті аппаратында, Экономика, Қаржы министрліктерінде, Ұлттық банкте арнайы бөлімшелер құрылып бекітілді, Кеден комитеті мен Сыртқы экономикалық банк (Алембанк) ұйымдастырылды.
Шетел мемлекеттерінің несиелерін тарту жөніндегі жұмыстарын үйлестіру және қауырт мәселелерді шешу үшін Премьер-министр басшылығымен шетелдік несиелер жөніндегі республикалық комиссия құрылды.
Қазақстан Республикасы шетелдік несиелерді тарту, пайдалану, қызмет ету және өтеу процестеріне мемлекеттік реттеуді күшейту және отандық өнімдер экспортын ынталандыру үшін 1994 жылдың шілде айында Қазақстан-Алембанкісінің барлық халықаралық міндеттер жөн

Категория: Қазақша диплом | Добавил: Косжанов
Просмотров: 7626 | Загрузок: 744 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.6/5
Всего комментариев: 1
1  
otl

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>