Ақтабан шұбырынды жылдары... - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Ақтабан шұбырынды жылдары...

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 00:56
загрузка...
АҚТАБАН ШұБЫРЫНДЫ ЖЫЛДАРЫ

1723-1728 жылдары жоңғарлар көшпелі қазақ халқының жартысын жойып жіберді. Қазақ халқының тарихындағы ең ауыр, әрі ең қайғылы кезең болып, ел есінде "Ақтабан шұбырынды, Алқакµл сулама" деген атпен қалды. Неліктен бұлай болды? Қазақ жерлері қорғаусыз қалып, қарапайым халықтың шексіз азапқа түсуіне не себеп болды? Бұған дейін жоңғар әскері мен батырларына тµтеп беріп, кµбіне олардан басым түсіп келген қазақ батырлары мен жасағы қайда қалды?

Қазақ-жоңғар қатынастары Алтын Орда ыдырағаннан кейін дұрыс қалыптаспады. Бір-біріне шаруашылығы, әдет-ғұрпы ұқсас халықтар арасында екі жүз жылдай уақыт бойы соғыс жүрді. Тек қана XVI ғасырда жоңғар әскері қазақ жеріне жеті рет шапқыншылық жасаған. Бұл тартыс Алтай тауларының батыс бµктеріндегі жайылым жерлер үшін ғана жүрді ме, әлде басқа да себептері болды ма?

Тарихи әдебиеттерге сүйенсек, ойрат одағына кірген тайпалардың күшеюі, 1399-1408 жылдарға сәйкес келеді. Алғаш рет ойраттар, қазақтың керей рулық бірлестігіне шапқыншылық жасады. 1430 жылы қалмақ әскері Ыстықкµлге жетті. Бұл маңды үйсіндер мен қырғыздар мекендеген. Қалмақтар 1447 жылы Сырдария µзені бойында кµшпелі µзбектерді (Әбілқайыр Шейбани ұлысы) жеңіп, ал 1459 жылы қалмақ елшілігі Гератта болып қайтты. XVI ғасырдың басынан жағдай µзгеріп, қазақ тайпалары басқыншылық рµл атқара бастады. Шағатайлық Сейіт ханның ұлы Рашид хан, 1522-24 жылдары қалмақтарға қарсы соғыста жеңістерге жеткені үшін "ғазы", яғни "жеңімпаз" деген атаққа ие болды.

Болашақ қазақ ханы Тәуекел сұлтан 1554 жылы ойраттарға қарсы жорық жасады. 1600-1660 жылдар аралығында қалмақтар Тар, Түмен уездерін ойрандады. Ал 1630 жылы Еділдің тµменгі ағысы бойына жетті.

Тәуекел ханның інісі, әрі мұрагері Есім хан 1622-1629 жылдары Ыстық кµлдің шығысында тұрып жатқан қалмақтарға шапқыншылық жасады. Есімнің баласы Жәңгір хан 1630-1643 жылдар арасында қалмақтармен ит жығыс күрес жүргізіп, бірде µзі де қалмақтардың тұтқынына түсіп қалды.Бүкіл µмірін қалмақтармен соғысуға жіберген Тәуке хан тұсындағы шайқастар ерекше нәтижелі болды. Тәуке ханның қажымас күресі нәтижесінде батыс қалмақтар мен шығыс қалмақтар арасында байланыс үзілді. Батыстағы торғауыт-қалмақтар µзінің хандығын құрып, Ресей құрамына кірді.

1718 жылы Тәуке ханның µлімінен кейін хан тағына Болат отырды. Әлжуаз, ел басқару қабілеті тµмен Тәуке ханның баласы, әрі мұрагері Болат хан тұсында, қазақтар қалмақтардың ұйымдасқан шапқыншылығының құрбаны болды. Ойраттардың әскери қабілеттерінің күшеюіне, 1709 жылы Полтава шайқасынан кейін орыстарға тұтқынға түскен швед артиллериясының сержанты Иоган Густав Ренаттың қосқан үлесі бар еді. Ол Тобольскіге жер аударылып, кейіннен Бухгольцтың Ертістің жоғарғы ағысы бойына жасалған атақты экспедициясына қатысқан болатын. 1715-1716 жылы қазіргі Павлодар қаласына жақын жерде Густав Ренат басқа да орыс солдаттарымен бірге қалмақтарға тұтқынға түседі. Ол тұтқында 1733 жылға дейін болып, қалмақтарды темір балқытуға, зеңбірек, снаряд құюға үйретеді. Тіпті типография ісін де ұйымдастырады. Қалмақтар Ренаттың басшылығымен соғысқа тиянақты дайындалып жатқанда, Тәуке ханның бұрынғы жеңістерімен кµздері тұманданған қазақтар, кµршілес қауіпті жаудың барын ұмытып, ішкі тартыстармен әлек болып жатты.

Қалмақтардың арасында Густав Ренаттың пайда болуы туралы басқа да пікір бар. Казактан шыққан Ермак Сібірге жол ашуымен Ресей патшасы І Петр: "Ресей Сібірмен жалғасып ұлғаюы қажет", - деген доктринасына орай, Шығысқа шығу үшін, жолда тұрған екі кµшпелі, жауынгер халықты әлсірету мақсатында Ресейдің басштабы жоспар дайындады. Бұл жоспар бойынша ақша мен қарумен қамтамасыз етілген Иоган Густав Ренат қалмақтарға жіберілді. Егер оның кµмегімен қалмақтар қазақтарды жеңсе, Ренатқа бас бостандығымен қатар үлкен сыйлық беруі туралы уәде берілді.

1723 жылдың кµктемінде жақсы дайындығы бар, зеңбірек пен мылтықпен қаруланған жоңғар әскері, қазақ даласына баса-кµктеп кіріп, жолында кездескеннің бәрін жалмап, қырып жойды. Орыс тарихшысы А.Левшин, µзінің "Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей" еңбегінде бұл оқиғаны былай сипаттаған: "1723 жылғы ұлы апат кезінде дүние-мүлкінен, мал-жанынан, туыстарынан айрылған қазақтар бас сауғалауға мәжбүр болған". Тарихта бұл оқиға, "Ақтабан шұбырынды" деген атпен қалған, яғни жаяу, жалаң аяқ босқан адамдардың табандарының тозығы жетіп, "ақ табанға" айналған.

Бұл апатқа байланысты Кіші жүзде "Сауран айналған" деген мағына қалған. Бұл сµздің мағынасы "Сауранды айналып µткен кездегі оқиға" дегенді білдіреді. ұлы және Орта жүзде бұл сµзге "Алқакµл сұлама" деген тіркесті қосады. Бұл сµздің мағынасы "аштық пен жолдан қалжыраған адамдар Алқа-кµлдің маңында тұра алмай құлаған кездегі жағдайды білдіреді". Сауран қаласы да, Алқа-кµлде Ташкент маңына жақын жерде орналасқан.

Әйгілі ақын Мұқағали Мақатаев сол қайғылы оқиғаны суреттей отырып, халық әні "Елім-айға" ұқсатып, "Туған елімен қоштасу µлеңін" жазған екен.

"Ақтабан шұбырынды жылдар" оқиғасы ата-бабаларының бірлік туралы µсиетін жадында ұстамай, туған елі мен халқын ұмытып, µзінің жеке басының қамын ғана ойлайтын жеке адамдар ұшін тарихтың ұмтылмас сабағы болып табылады. Отан соғысында жеңіске жету оңай түспеді. Қазақ батырлары мен қарапайым сарбаздары бірігіп, күшті әскер құрып, жоңғарларды µз елінен қуып шыққанға дейін, еш кінәсі жоқ қаншама пенденің қаны тµгіліп, кµз жасы ақты десеңізші!

Белгілі қазақ ақыны Ж. Молдағалиевтің поэмасындағы "Мен қазақпын, мың µліп, мың тірілген" деген сµздері, қазақ халқының "Ақтабан шұбырынды" жылдары басынан µткерген ауыр күндері мен қайғы-қасіретін кµз алдымызға елестетеді.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 14091 | Загрузок: 497 | Рейтинг: 2.9/21
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>