Қарақұмдағы құрылтай - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Қарақұмдағы құрылтай

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:05
загрузка...
ҚАРАҚұМДАҒЫ ҚұРЫЛТАЙ

Қазақ халқының жоңғар агрессиясына қарсы қажырлы күресі, жалпыхалықтық қайғы мен өкінішпен қатар, қазақ батырларының жеңісі мен ерлігін дүние жүзіне әйгілі етіп, ұлы апат жылдары мен сын сағатта халықтың рухын көтеріп, бірігуіне әсерін тигізді . Халық есінде қалған бұл жылдар - көптеген эпикалық аңыздар мен тарихи әңгімелер туғызды. Сол қайғы-қасіретке мол кезеңнің ең жарқын, әрі әйгілі оқиғасы - арал маңындағы Қарақұмда өткізілген Кіші және Орта жүздің халық қалаулылары қатысқан құрылтай болды. Бұл жиында күшті жауға қарсы қазақтардың әскери күштерін біріктіру мәселесі қаралды.

Құрылтай туралы естелік, бізге орыс саяхатшысы Яков Петрович Гавердовскийдің 1803 жылы Солтүстік Арал маңында болып, әйгілі Қарақұм форумына қатысқан адамдардың балалары мен немерелерінің аузынан жазып алған қолжазбасы арқылы белгілі болды.

"Қартайған шалдар, - деп жазады Я.П.Гавердовский, - биік қорғандарды көрсете отырып, "Бұл жерде, еркіндік үшін шайқас даласында қаза тапқан батырларымызбен, шапқыншылардың қолынан қаза тапқан тұтас ауылдар жерленген. Бірақ бұндай қатыгездікке қарамастан, үстіне сауыт-сайман асынған біздің бабаларымыз, туған жерінде нық тұрып жауларын соғыс алаңдарында жеңе білген. Шайқас кезінде олар қызыл бура сияқты, жаудың әскеріне шүйлігіп, қашқан жаудың жолын өлікке толтырған".

Саяхатшы, күздің ұзақ кештерінде, қазақтың киіз үйінде қонақжай дастарханнан дәм тата отырып, ақсақалдардың айтқан әңгімелерін сол қалпында есінде сақтауға тырысқан .

Сақалдарын қырау басқан шекті руының ақсақалдары, жүрекке жылы өткен күндер естеліктерін естеріне ала отырып, өздерінің аталары қатысқан қарақұм жиналысы жәйлі толғана айтып берген еді.

"1710 жылы Қарақұмда орналасқан рулардың ақсақалдары мен ағамандары кеңеске жиналып, жауға қарсы қасық қаны қалғанша күресіп, бірін-бірі қорғауға бел байлады. Жекелеген әлсіз жандар қорқыныштан, қауіпсіз жолды іздеп, қонтайшының аяғына жығылуды ұсынды. Енді біреулері үй-жайды тастап, бас сауғалауды ұсынды. Сол кезде атағы елге танымал Бөкенбай батыр, халықты дүрліктіруге жол бермеді. Талас-айтыстың тоқтамайтындығын байқаған батыр, өз үстіндегі киімін жыртып, халықтың барлығы көретіндей етіп, жиынның қақ ортасына шығып, былай деді: "Жаудың жайылымдарымызды тонап, балаларымызды тұтқынға алғанын күтіп тұрғанша, қолымыздағы қаруды тастамай, оларға қарсы күресейік. Бабаларымыз қыпшақ жауынгерлері ешқашан да, ешкімнің алдында айылын жимаған. Сақалымды ақ баспаған жас кезімнің өзінде қолымды жаудың қанына былғағам! Қорамыз әлі де сәйгүлік аттарға толы. Қорамсабымыз әлі де өткір жебеге толы!"

Бөкенбайдың осы сөзінен жиналғандар рухтанып, оның айтқандарын бұлжытпай орындауға ант берісті. Кейбір ақсақалдар ескі жараларының аузын ашып, аққан қандарын отқа бүркіп, қанмен ант берісті.

Ант беріп болғаннан кейін, құран оқылып, ақ боз ат құрбандыққа шалынды. Бұл істерімен олар жасалған одақ пен берілген анттың бұзылмайтындығын көрсетпекші болды. Жиналған халық хан әулетінің ішіндегі үлкені Әбілқайыр сұлтанды бас қолбасшылыққа , ал Бөкенбайды бас сардар етіп сайлады.

Құрылтай болған жердің атымен аталған Қарақұм одағына, Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігінің көп бөлігі, байулы бірлестігі мен жетірудың бір бөлігі кірді. Ал Орта жүзден қыпшақтар мен наймандардың бірнеше отбасылары кірді. ¤здерінің алдына қойған мақсаттары нақтыланғаннан кейін, қазақтар қаруланып, қалмақтарға жан-жақтан бас салды. Қазақ қосыны қысқа мерзімде оларды Ембі өзенінен бастап, Жайық өзенінің арғы бетіне, Қарақұмнан Сарысу өзендерінің арғы бетіне ығыстырып шығарды.

Қарақұмдағы тарихи құрылтай қазақ халқының санасының көтерілуіне және жоңғар шапқыншылығына қарсы жалпықазақ бірлігінің нығаюына үлкен үлес қосты. Нәтижесінде бүкіл қазақ рулары жаулап алушылардың әскери экспансиясына қарсы күреске қатысты.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 2729 | Загрузок: 242 | Рейтинг: 2.8/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>