Қазақ халқы: құрылуы, этнонимінің шығуы, территориясы - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Қазақ халқы: құрылуы, этнонимінің шығуы, территориясы

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:03
загрузка...
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: ҚұРЫЛУЫ, ЭТНОНИМНІҢ ШЫҒУЫ, ТЕРРИТОРИЯСЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚұРАМЫ

Шыңғысхан әскері Алтай мен Еділ аралығындағы үлкен территорияға басып кірмей тұрып-ақ, туыстас түркі тайпалары біріге бастаған болатын. Бұл процесс күннің-күнінде біртұтас халықтың, бұл жерде, қазақ халқының құрылуына әкелуі керек болатын.

Біріктірушінің ролін қыпшақ тайпасы атқарып, олар қыпшақ конфедерациясы деп өз аттарымен аталған мемлекет құруға қол жеткізді. XI ғасырда қыпшақ тайпалары Еділден өтіп, батысқа қарай жылжыды, ал XII ғасырға қарай Днепрге дейінгі жерлерде өз ықпалын жүргізді. Батыс пен шығыстың (ағылшын, француз, араб, парсы) тарихи деректерінде осы кезеңнен бастап XV ғасырға дейін Ертістен Днепрге дейінгі ауқымды кеңістік Дешті Қыпшақ даласы деп жазылған .

Алайда, монғол шапқыншылығы жер бетінде Дешті Қыпшақ этносының құрылу процесін тоқтатып тастады. Шапқыншылық нәтижесінде өндіруші күштер әлсіреп, көптеген рулар басқа жаққа қашып кетті, тіпті, қаза болғандар да болды. Құрыла бастаған халықты қалпына келтіріп, оны дамыту үшін ұзақ уақыт пен алғы шарттар қажет болды және ондай алғы шарттар этникалық процестердің барысында пайда болды.

XIII - XIV ғасырларда Алтын Орданың күйреуінің нәтижесінде қазіргі Қазақстан территориясында Ақ Орда, Моғолстан және басқа да мемлекеттер құрылып, сол мемлекеттерде қазақ халқының құрылуына негіз болған түркі тайпалары мен руларының этникалық түп-төркіні - этногенезі пайда болды. Сонымен бірге монғолдар басып алған жерлерде басқыншылардың, яғни, монғолдардың жергілікті халыққа кірігу процесі басталды. Бұл туралы XIV ғасырдағы араб тарихшысы әл-Омардың еңбектерінде өте жақсы жазылған: "Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар елі болған, ал монғолдар ол жерлерді басып алып, адамдарды өздеріне бағындырып алды. Кейіннен олар қыпшақтармен туысып, тура қыпшақтар сияқты, тіпті, бірге туғандай болып кетті..."

Ақ Орда әлсіз құрылым ретінде XIV ғасырдың басында бірқатар иеліктерге тарап кетті, оның ішіндегі аса ірілері - Ноғай Ордасы мен өзбек хандығы болды. "Ноғайлар" деген этноним XIII ғасырда өмір сүрген, Алтын Орда тарихында маңызды роль атқарған, нақты тарихи тұлға болған Ноғай ханның есімімен байланысты. 30 жыл бойы ол Алтын Орданың тағы үшін күресіп, ақыры қаза болады. Ноғайдың аты XIV ғасырдың аяғында Ноғай ханның ұрпақтары басқарған тайпалардың этникалық аты ретінде қайта жаңғырды. Ноғай ордасы Жайық (Орал) пен Еділ (Волга) аралығын алып жатты, кейіннен осы территорияларда қазақтардың этноқұрылымдарының бірі - Кіші Жүз қалыптасты.

1312-1342 жылдары Алтын Орданы билеген өзбек ханның атымен Дешті Қыпшақтағы тағы бір мемлекеттік құрылым пайда болды. өзбек хан өз кезеңінің көрнекті мемлекет қайраткері болды, ол қалалар тұрғызып, өнеркәсіп пен сауданы көтермелеп отырды, Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты, Иран мен Әзербайжанның тәуелсіздігі үшін табанды күрес жүргізді. XIV ғасырдағы парсы тарихшысы әрі географы Хамдаллах Казвинидің айтуынша өзбек хан билеген халық оның тірі кезінде де "өзбектер" деп аталған.1335-1336 жылдары "әзербайжан" жорығына қатысқан сарбаздар да солай аталған. Осы тарихшы Алтын Орданы "Мамлякат - и - өзбеки" - өзбек мемлекеті деп атаған. Яғни өзбек сөзі халық атауын білдірмеген, олай деп шығу тегі бұрынғы қыпшақтар, арғындар, қоңыраттар болған өзбек ханның сарбаздары аталған.

Алтын Орда құлағаннан кейін XV ғасырдың басында Аралдың солтүстік жағасы мен Сырдарияның төменгі және ортаңғы ағысынан . деңгейдегі этностарға тараған (мысалы, орыстардың арасындағы қазақ этнографиялық топтары).

XIV ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанда халықтарды бөлу жүргізілді және өзбектер, өзбек-қазақтар немесе қазақтар деп аталып жүрген өзбек хандығының жалпы халқынан жекелеген этностарды қалыптастыру аяқталуы қажет болды. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген жолдар осыған бастады: этникалық территорияның шектері анықталды, соның нәтижесінде ортақ тіл қалыптасты, шаруашылық пен мәдениеттің түрлері, біртұтас материалдық және рухани мәдениет пайда болды, адамдардың санасында біртұтас халық болуға деген ұмтылыстың қарқыны күшейді. Тек соңғы күш қажет болды, ол күш қалың оқиғалардың арасынан жұлқынып шықты.

Әбілқайыр ханның (1428-1468) көшпелі өзбектер мемлекетін билеуі түрлі топтардың Жошы әулеті тармақтарының - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан ұрпақтарының қақтығысқан кезеңі болды.

"Қазақ" этносы мен Қазақ хандығының қалыптасу тарихы туралы XVI ғасырда Мырза Мұхаммед Хайдар өзінің "Тарихтың түп-төркіні" - "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде жақсы жазған. Бұл еңбекте қазақтардың тұрмыс ерекшеліктері, олардың билеушілері туралы, қазақ деген аттың берілу себебі туралы арнайы айтылған.

Орталық билікке бағынбаудың нақты себептерінің бірі көшіп-қону мен халықтың бір бөлігінің ханның қарамағынан жаңа мекендерге кетуі болды. өз қарамағында көшпелі өзбек мемлекетінің халқы бар Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар өздері үшін беделі жоқ, Әбілқайыр хан Шейбаниге бағынғысы келмеді.

1459 жылы олар Әбілқайырға қарсы халық наразылығына басшылық жасап, өздеріне бағынышты халықпен шығысқа қарай көшіп кетті. Олар Моғолстан мемлекетін құрап отырған өздеріне туыстас тайпаның жеріне келді. Моғолстан ханы да қайтып оралған отандастарына Шу және Қозы басы (батыс Жетісу) аймақтарын бөліп берді. Көшпелі халықты "қазақтар" деп атап, бұл ұғым ерекше этникалық мағынаға ие болды. Мырза Мұхаммед Хайдар: "Жәнібекпен және Кереймен кеткендер "қазақтар" деп аталып, бұл ат оларға мәңгілікке берілді", - деп жазды.

Халықтың қалыптасуындағы көп жылдық этникалық процестің шыңы "қазақ" этнонимі мен Қазақ хандығының құрылуы болды. Қазақ хандығындағы халық саны, әсіресе, 1468 жылы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін жаңа тайпалар мен рулардың көшіп келуінің нәтижесінде өсті.

Жаңа этникалық қауымның бірігуіне еш кедергі болған жоқ. Тек Жошы әулетінің басқа бір тармағы - Мұхаммед Шайбани билікке дәмелі болды, бірақ ол да XVI ғасырдың басында өзбек тайпаларын басқарып, оңтүстікке, Орта Азияның территориясына кетіп қалды. Ол жақта Мавреннахрды бағындырып, жаңа этникалық қауымға "өзбек" деген ат берді. Қазақстан жерінде қазақ этникалық қауымы мен Қазақ хандығы қалды және олар қазіргі уақытта да өздерінің географиялық шегінде өмір сүріп келеді .

Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан бөлмей қарау керек. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи дамудың біртұқтас ағымында бөлінбей, тығыз байланыста болды және "қазақ" этносы туралы сөз болғанда, оларды бір-бірінен бөліп қарамау керек. Енді "жүз" ұғымына нақтырақ тоқталсақ.

Жүз - (араб тілінен аударғанда бүтіннің бір бөлігі) ірі этно-территориялық бірлестік немесе тайпалар одағы. Қазақтарда үш жүз - бүтіннің үш бөлігі бар - ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз .
Жүздердің құрылу себебін тайпалардың шаруашылық қызметінің түрлері мен олар өмір сүрген табиғи-географиялық орталарынан іздеу керек .

Қазақстанның территориясында көнеден келе жатқан шаруашылықтың басты түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Әрине, Қазақстанда жер өңдеу жұмыстарының да негізі ертеде болған Бірақ, олар шаруашылықтың бұл түрімен айналыса қоймады. Ал мал шаруашылығына келсек, ол XX ғасырдың басына дейін қазақтардың өмірінде елеулі роль атқарды.

Көшпелі мал шаруашылығының ерекшелігі - малды жыл бойы жайылымда ұстау болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрі тұрақты қыстаудың болуын және малды маусымдық жайылымға жаюды қажет етеді: көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдар және қыстау.

Көшпелі шаруашылықты жүргізудің мұндай тәртібі көп ғасырлар бұрын қазақ халқы қалыптаспай тұрып орнаған. Алайда, ол этникалық прцестердің бір бөлігі болғандықтан, тайпаның тарихымен тығыз байланысты болды. Қазақстанның ұлан-байтақ территориясы оның әр аймағында белгілі бір тайпалар шоғырланған табиғи-экономикалық аймақтардың қалыптасуына себеп болды. Міне, қазақ қоғамы мен мемлекетінің даму ерекшелігін түсіну үшін тайпалар туралы қысқаша болса да айту керек.

Рулық-тайпалық ұйым - адамдар ұжымының рулар мен тайпаларға бөлінуі - этникалық және әлеуметтік қауымның қоғамдық меншіктің түрі басым болған, адамдардың теңдігі бірдей сақталған, бүкіл рудың ісі жалпының мүддесі болып табылған түрі. Руы жоқ адамның еш құқығы болмаған, ол басқа руға да бөтен болып саналған.

Көшпелі өркениеттің өзіне тән ерекшелігі мынада: басқа қоғамдық құрылымға көшу кезеңінде, мысалы, хандық билікке, қауымдастық жалғаса берген, яғни жер мен жайылым бүкіл руға, тайпаға ортақ болып қалды және әр шаруашылықтың өз меншігінде қыстауы болды. Билік иелері хандар, сұлтандар, билер, ру ақсақалдары қауымдастық принципін шебер пайдаланып, өз биліктерін жерге ғана емес, сол жерді пайдаланушыларға да жүргізді. Этникалық қауымдар уақыт өте келе сыртқы белгілерін сақтай отырып, үлкен өзгерістерге ұшырады: Шыңғыс әулетінің билігі, жеке меншік, әлеуметтік теңсіздік - осының барлығы рулық-тайпалық құрылымның бұрынғы ұғымдарына қайшы келді. Сондықтан қоғамды бөлудің ескіше әдісі сақталды. Ауылдық қауымдастықтар туыстық белгісі бойынша (бір атаның ұрпағы), ал олардың жиынтығы (рулар) тайпаға, тайпалар жүзге біріктірілді. Қоғам құрылымының түрлі сатысындағы басты біріктіруші ретінде жайылымды иелену құқы қолданылды. Ерте заманнан Қазақстанда үш аймақ қалыптасты, оларды белгілі бір халық маусымдық жайылымға пайдаланды.Бұл аймақтар қазақтың үш жүзі негізінде бөлінді.

ұлы жүздің құрамында он бір тайпа болды: дулат, албан, суан, сары үйсін, сырғалы, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы, қаңлы, жалайыр. Бұл тайпалардың әрқайсысының өзіндік бай тарихы бар. Олардың кейбіреулерінің түп-төркіні өте ертеден басталған. Мысалы, үйсіндер сақ тайпалы одағының құрамына кірген (б.э.д. 5-3 ғ.).

Әр тайпа руларға бөлініп, рулар көптеген тармақтарға және қауымдардан тұратын туыстық топтарға бөлінген. Мұны мына мысалдардан көруге болады:Дулат тайпасы төрт рудан - ботпай, шымыр, сыйқым, жаныс руларынан тұрады. Орал губернаторы Г.Волконскийдің есебі бойынша XVIII ғ. аяғында дулаттың құрамында 40 мың отбасы болған (отбасы - орта есеппен 4 адамы бар бір киіз үйдің тұрғындары).

Жетісуды қыстаған қазақ қайымдары жазда Алатаудың етегіне, Шудан Сырдарияның жоғары ағысына қарай көшкен.

ұлы жүздің солтүстік шекарасы Балқаштың оңтүстігі - Шу өзені - Талас өзені болды, ал батысында Сырдарияның жоғары бөлігін, оңтүстігінде Алатаудың бөктерін алып жатты. Шығысында Қытайдың шекарасына дейін көшіп-қонып жүрді. ұлы жүз қазақтарының жалпы саны XIX - XX ғасырларда 750 мың адам болды.

Орта жүз алты тайпадан тұрады: арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат. Ол батысында Кіші жүздің жерлерімен Арал теңізі, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойымен, солтүстігінде Ресейдің губернияларымен шектескен.

Осы сызықтан Орта жүздің жерлері шығысқа Есіл бойымен Ақмола далаларын, Ертіс өзенін құяр жерін, Зайсан мен шығысында Алтай таулары мен далаларын алып жатты. Оңтүстігінде Тарбағатай тауларын, батысында Балқаштың солтүстік жағалаулары, Бетпақдаламен Кіші жүздің жеріне дейін созылып жатты. Осы кеңістікте жүзге жуық рулар мен оның ірілі-ұсақты бөлімдері көшіп-қонып жүрді. Мысалы, арғынның 30 мың отбасы бар бес руының Баянауыл, Қызылтау, Долба, Шыңғыстау, Шаған, Торғайдың жоғары жағы мен ұлытау тауында қыстаулары болған. Жазда олар Нұра, Жиделісу өзендерінің, Ерментау тауларының жайылымдарына көшіп жүрді. Басқа рулар мен тайпалардың да түрлі қыстаулары мен жазғы жайылымдары болған.

Орта жүз қазақтарының жалпы саны XIX - XX ғасырларда 1 200 000 - 1 300 000 адам болды.

Кіші жүз үш үлкен рулық бірлестіктен тұрады:Байұлы, Әлімұлы және Жетіру. Олардың жерлері оңтүстігінде Сырдарияның құяр жерінен басталып, үстірт жазығы, Каспий теңізінің шығыс жағалауын, солтүстігінде Жайық (Орал), Ырғыз, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатты. Кіші жүз халқының саны XIX - XX ғасырларда 1 млн. адамға жетті.

үш жүздің де "қазақ" этносын құрайтын қазақтар деп аталған халқы бар ұлан-байтақ территориясы болды.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 16733 | Загрузок: 727 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.1/7
Всего комментариев: 1
1  
Сіздерге қөп рахмет! Осындай сайттар көп болса қандай жақсы болушы еді

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>