Қазақ халқының ұлы ханы - Абылай хан (1711 - 1781) - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Қазақ халқының ұлы ханы - Абылай хан (1711 - 1781)

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:04
загрузка...
ҚАЗАҚТЫҢ ұЛЫ ХАНЫ АБЫЛАЙ
(1711 - 1781)

Абылай (Әбілмансұр) - мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат, қазақ жерлерін біріктірген әйгілі хан . Ол Орта жүз сұлтандарының кіші тармағынан тараған. Қазақ ханы Әбілмәмбеттің немерелес туысы.

1739 жылы Абылай Орынборда болып, Ресейдің боданы болуға ант берген. Атасы Абылай Түркістан қаласының билеушісі болған кезінде жасаған әскери іс-әрекеттеріне байланысты халық арасында "Қанішер" деген үрейлі, әрі сыйлы атауға ие болған. Оның баласы Уәли әкесінің даңқын ұстап тұра алмады. Көрші билеушілердің бірі Түркістанды басып алып, әкесін өлтіргенде, ол үш жасар Әбілмансұрды сенімді құлы аман сақтап қалады. Құл Әбілмансұрды қаладан жасырын алып шығып, далаға қашады. Жақын туыстары қамқорлығына алудан бастартқан соң, жас Абылай Төле биге қызметке кіріп, жылқысы мен түйесін баққан.

Халқының басына түскен қиын-қыстау кезеңде уақыттың өзі, заман талабына сай ақыл-ой жоғары, ерліктерімен көзге түскен, байсалды сөздерімен халықты соңына ерте алатын жеке тұлғаларды ерекшелейді.

XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі ең қиын жылдар еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар қазақ ауылдарына жан-жақтан жапа тармағай бас салып, халықты қырып, тонады. Сол жылғы көк аспанның жіберген сыны іспеттес, қыс пен көк тайғақ - мұз елге жұт әкеліп, халықтың тұрмыс-тіршілігін туралатып кетті. Орынборда болған қазақтың бір әскери қолбасшысы, өз замандастарының қайғылы жағдайын аңшы иттерден қашқан қоянның күйіне теңеді.

1723 жыл қазақ халқы үшін естен кетпейтін алапат ауыр жыл болды. Осы жылы қыстың қалың қары мен көк тайғақ мұзынан кейін, көктемде қазақ даласына сансыз көп әскерімен жоңғар билеушісі Қалдан Церен баса көктеп кірді.

Осы қиын да қанды жылдары Абылай сұлтан жалпы халықтың назарын өзіне аударады. Алғашында ол қарапайым жауынгер ретінде шайқастарға қатысып, көзсіз батырлығы мен қоса түрлі айла-амалдарын да көрсете білді. Қажетті ақылдары мен стратегиялық ойлары оның ақылдылығын көрсетті.

Абылай көп тауқымет пен күресті басынан кешірді. Оның даңқының көтерілгені сонша, қазақтар оны ұлы істер жасауға жіберілген рухы биік-тірі аруаққа теңеді. Ол екі рет, бірде алдымен қырғыздарды, сосын Қалдан-Церенде тұтқында болды. Әсіресе, Қалданнан аман-есен құтылып шығуы, таң қаларлық нәрсе еді. ¤йткені, Абылай алғашқы шайқастардың бірінде, оның ең сүйікті баласы Шарышты жекпе-жекте өлтірген болатын.

Абылай елді жоңғар шапқыншылығынан азат етуде көптеген шайқастарға қатысты . Әбілқайыр және басқа да атақты қолбасшылармен қатар, Абылай бөлшектенген қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекетке біріктіруге ұмтылды.

Абылай сұлтанның алыс болжай білетін көрегендігі, дала ақсүйектері ішінде ықпалының күшеюі, Әбілмәмбет ханды екінші орынға ығыстырды. Жоңғарлармен соғыс, далада пайда болған өрт іспеттес бірде өршіп, кейде сөніп ондаған жылдарға созылды. Әсіресе, соғыстан кейінгі жағдайда, Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайына байланысты, Евразиядағы екі ірі мемлекет - Ресей және Қытаймен таразының тең басындай, өлшемді сақтық сақтай отырып, салмақты байланыс жүргізуді қажет етті.

Абылай сұлтан Қытай мен Ресей мемлекеттерімен тепе-тең, қарым-қатынас сақтап, бұл қатынасты одан әрі дамытуға мүмкіндік жасады. 1739 жылы оның ұстанған позициясы нығайып, Ресей мен Қытай үкіметі ресми түрде Абылай мен інісі Сұлтанмаметпен қатынас жасауды дұрыс көрді.

1745 жылы Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Церен қайтыс болып, Жоңғарияда билік үшін талас басталып, қалмақ билеушілері Абылайдан көмек сұрады. Абылай жоңғарлардың бұл жағдайын пайдаланып, оларды әлсірету мақсатымен, қарсыласушы жақтарға алма-кезек қолдау көрсетіп отырды.

Жоңғар тағына үміткерлердің бірі, қазақтармен бейбіт өмір сүру саясатын ұстаушы Әмірсанаға Абылай моральдық көмек беріп отырды. Манчжур әскеріне қарсы күресті ұйымдастыра алмаған Әмірсана Абылайды паналады. Қазақ сұлтаны Әмірсананы қолдау арқылы жойылуға жақын қалған Жоңғарияны сақтап қалып, енді қауіп төндіруге шамасы жоқ ойрат елінен Қытайлық Цинь империясы мен Қазақстан арасында жартылай тәуелді буферлік мемлекет құруды ойластырды. Алайда, оқиға барысына Қытай императоры Цян Лун кірісіп, әлсіреген Жоңғарияны оңай жаулап алады. Көшпелі жоңғарларды жеңгеннен кейін, Қытай императорының араны ашылып, 1756, 1758 және 1760 жылдары Орта жүздің жеріне үш рет шабуыл жасады.

Жоңғар қонтайшысының басына түскен кебін кимес үшін, Абылай Қытай богдыханның вассалдығын мойындап, қытайлықтармен келісімге келеді.Осы келісімге сәйкес, Тарбағатай және Іле өзеніне жақын базарлар ашылып, қазақтар сол жерде малдарын қытай тауарларына ауыстырып отырды.

Абылай Қытаймен жақындасқаннан кейін, Ресеймен қатынас жасаудан қашты.

1771 жылы хан болып сайланғаннан кейін, орыс шекарасына барып ант қабылдауға барудан бас тартты. Бұл іс-әрекетінде, хан тағына халықтың сайлауымен келгендігін және бұл шешімді ешкімнің мақұлдауының қажет еместігін алға тартты. Соған қарамастан, орыс үкіметі өз шенеунігін хан ордасына жіберіп, Абылайдан ант алуды және хан билігі рәміздерін (қылыш, шапан, қалпақ) тапсыруды табыстаған еді.

Абылай балаларына Қытаймен жақындасуды, бірақ Ресеймен байланысын сақтауды өсиет етіп қалдырған еді. Оның ойынша, "қытайлықтар хандық билікке қауіп төндірмейді, ал керісінше, орыс үкіметі қарама-қайшы пікірде болды", - деп есептеді. Сол кезеңде қалыптасқан жағдайға сәйкес, қазақтар Ресей көмегін көп қажет етпеді.

Қазақ даласында Абылайдың билігі барған сайын күшейіп, оған Орта жүзбен қатар, ұлы жүздің үйсін болыстықтары да бағынды .

Қытайлықтар жоңғарларды құртып жібергеннен кейін, қазақтардың тонаушылығына ұшыраған торғауттар, Іленің арғы бетіне қоныс аударып, сол жерде Қытай саясатының қақпанына түсті. Пугачев көтерілісінен кейін әлсіреген Жайық казактары, Ресей үкіметіне толығымен бағынып, өз беттерінше еш қандай мәселені шеше алмайтын дәрежеге жетті. Тек қазақ сұлтандарының билігінен Түркістан, Созақ, Сайрам және Шу мен Ташкент аралығындағы қалаларын бөлектеуге ұмтылған Ортаазиялық билеушілер мен буруттар ғана қазақтардың жаулары болып қала берді.

Абылайдың табиғат берген күшінен басқа, тылсым күшіне деген сенім халыққа қажымас қайрат пен күш-жігер берді. 1770 жылы Абылай Шату өткелі арқылы өтіп, Туро өзенінің маңында буруттарға шапқыншылық жасап, оларды Шу өңіріне дейін қуды. Шу өзеніне құятын Қызылсу және Шамсы өзендерінің маңында болған қанды шайқас, қазақтардың есінде "жайлау қырғыны" атымен қалған.

Бұл жеңілістен кейін буруттар естерін жия алмай, тарих сахынасынан біржола кетті.

Осы оқиғадан кейін Абылай Көкшетаудағы өз ордасына қайтып келіп, алып келген тұтқындарынан кейінірек Жаңа қырғыз және Бай қырғыз деген екі болыстық құрды.

Абылайдың негізгі қыстаулары Есімде болды. Кейінірек хан иелігіне жақын, оның үзенгілес достары Күлсары батыр Есімге және Қабанбай батыр Көкшетау маңына келіп орналасты. Абылай Көкшетау тауларының маңындағы аудандарда орналасып, осы жерден Сібір бекеттері мен Қытай шекараларына өз елшілерін жіберіп отырды.

Абылайдың оңтүстігі Ташкент және Ходжент билеушілерімен соғыс жүргізу барысында, оның әскері Жизаққа дейін жетіп, Әзірет, Сайрам, Шымкент, Созақ қалаларын бағындырды. Ал, Ташкент салық төлеуге міндеттенді.

1774 жылы Абылай үйсіндердің сұрауы бойынша, оларға билеуші етіп Әділді тағайындады. Оған Талас өзені бойында қалашық салып беріп, онда еңбекқор қарақалпақтарды қоныстандырды.Ал, басқа балаларына (олардың саны жетпіс бір болатын) ол Орта және ұлы жүзден үлестік жерлер бөліп беріп, өзі рубасыларының үлгісі бойынша, Түркістанда өмір сүріп, сол жерде 1781 жылы қайтыс болды . Ол Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінде, әулеттік зиратта жерленген .

Абылайдың жоғары көтерілуіне жеке басының үлкен құрметке ие болды. Ал ол туралы әртүрлі аңыздардан ерекше сезім алған қарапайым адамдар, оның тағдырынан ешкімге ұқсамайтын тылсым күштерді көруге дайын тұрды .

Абылайды хан көтерген жиынға қатысқан орыс куәгері: "Жиналған ру көсемдері, оны жұқа ақ киізге көтеріп, оның ерлігі мен ептілігі және жеңістері туралы бір-біріне асыра мадақтап, ханның сыртқы киімін жыртысқа салып, тәбәрікке өзара үлестіріп алғаны жөнінде", - жазып қалдырған.

Абылайдан кейін, Абылай сияқты шексіз билікті қолына шоғырландырған қазақ ханы болған жоқ. Абылай барлық жерде өлім жазасын енгізді. Ал, бұған дейін мұндай жазаны тек халық жиыны - құрылтайда ғана тағайындай алатын еді.

Ол бұған дейін хандық билікті кеңес арқылы шектеп келген ықпалды билер мен күшті сұлтандардың ықпалын әлсіретті. Бастапқыда мұндай өзгерістерге ақсүйектер мен билер наразылықтарын білдіріп отырған. 1781 жылы Дайыр сұлтанның Орынбор губернаторына жазған шағымында, Абылайды "билікті шектеуші адам" кейпінде көрсеткен.

Жекелеген ру басыларының Абылайға қарсы қарулы жорығы сәтсіз аяқталып, қайтадан Абылай ханға бағынуға мәжбүр болған еді. Ғасырдың басында қалыптасқан еркін таңдауларды шектей отырып, деспоттық жолмен басқарған ханның іс-әрекеттерін, ұрпақтары үлгі тұтып, жауға шапқанда атын ұранға айналдырғанына таң қалғаннан басқа ләжін қалмайды. Бұдан бөлек, халық аңыздарында Абылай мистикалық кейіпкерге айналып, оның басқарған жылдары жаугерлік заманмен теңестіріледі. Ал оның жорықтары мен батырларының ерліктері, эпикалық жырлар мен поэмалардың сюжетіне арқау болады.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 5254 | Загрузок: 514 | Рейтинг: 3.7/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>