Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 00:52
загрузка...
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

XVIII ғасырда қазақ даласында болған европа ағартушыларын кең далада еркін жайылып жүрген табын-табын жылқылар, отар-отар қойлар, түйелер және оларды бағып жүрген салт-аттылар таңқалдырған еді. Әсіресе жазғытұрым, малшылар өздерінің малдарын өзен, көлдердің жағалауында орналасқан жайлауларға орналастырып, ақ шаңқан киіз үйлерін тіккен кезде ерекше көрініс көзге түсетін. Аспандағы құстардың үнімен үндесіп ауыл ішінде домбыраның әуені естілетін. Домбыраның үніне қосылып махаббат жәйлі, батырлардың ерлігі жәйлі айтылған әндер жырланды. Осындай керемет көріністерден әсер алған, сезімтал батыл саяхатшылар өз елдеріне келісімен өз отандастарына, Евразияның кіндігінде "шулы қалалардан" алыста табиғатпен гармониялы түрде үндескен көшпелі қоғамның барлық халқы "табиғи теңдікте" өмір сүріп жатқаны жайлы басылымдарда жарыса жазған еді.

Алайда, Евразия далаларының тұрғылықты халқымен жақын танысқаннан кейін, олардың сезімтал бір бөлегінің көшпелі қоғам мүшелерінің өзара теңдігі мен әлеуметтік әсерінің көп жағдайда нақты жағдаймен сәйкес келмейтін әдемі арман екендігіне көздері жетті. Сонымен бірге, қазақ жерінде болған ғалымдар, дипломаттар, шенеуніктер, саудагерлер мен қызық іздеушілердің бір бөлегі қазақтарда да басқа европа мен шығыс халықтарындағы сияқты үстем тап өкілдері, қарапайым халық ішінде жағдайы ерекше топтар болатындығын, сондай-ақ хұқтары шектелген құлдар мен төленгіттердің болатындығын білді.

Көшпелі қоғамда билеуші топқа төре тұқымы - "ақ сүйектер" жатты. Төрелер - Шыңғыс хан ұрпақтарынан тарады және олар қазақ жүздерінің генеологиялық құрылымына кірмеді.

Қазақ төрелері (сұлтандар) Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан (Жошы әулеті) тарайды. Олардың атақ-даңқы қазақ жерінен тыс, көрші Еуразияның көшпелі және отырықшы елдерінде танымал болды. Бұл елдердің хандық билігіне Жошы әулеті ұрпақтары шақырылып отырды.

Белгілі қазақстандық тарихшы В.П.Юдин "чингизизм" - идеологиясының үстемдік құруын, Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары салған идеалыды тәртіптің жалпыға бірдей универсалыды моделінің үстемдік құруы - деп түсіндірді. "Чингизизм" - деп жазды ол, - Шыңғыс хан ұрпақтарына жоғары билік құқын берді. Бұл дегеніміз - "хан" титулын тек шыңғыс әулеті ғана иелене алады" - деген сөз. Шыңғысхан ұрпағы болмай тұрып "хан" атағын иемдену-түркі-монғол және басқа да халықтар санасында ар-ожданға қарама-қарсы қылық болып саналған". Мұндай дүниетанымдық бағалықтардың үстемдік құруы әсерінен бір кездері монғол империясы құрамына кірген евразия континентінің көптеген елдерінде XY ғ. соңынан жаңа заман дәуіріне дейін, монархиялық билікте Шыңғысхан ұрпақтары берік орын алған еді. Шыңғыстық дәстүрдің өміршеңдігін Қазан, Қырым, Астрахан және қазақ хандықтарында билік құрған әр түрлі Жошы әулеттері, Бұқарадағы Шайбан және Аштархани әулеттері, Қытай мен ‡ндістанда билік құрған Шыңғыстың басқа ұрпақтары әулеті мысалдарынан көруге болады.

Шыңғыстың үлкен ұлы - Жошы ұрпақтары әулеті қазақ жерінде 1470 жылы билікке келіп, 350 жыл бойы билік құрды. Бұл әулеттің жекеленген мүшелері Хиуада билікке келіп, 18-ші ғасыр бойы билік құрды. Төре тұқымы қазақтардың әлеуметтік, саяси және әскери өмірінде үлкен орын алды. Текті тұқым да туылу - адамды билік етуші саяси топқа жатқызып, оған қоғамдық қатынастарды іске асыру құқын берді.

Кез келген шыңғыс ұрпағы - Шыңғыс ханның ұрпағының қай тармағынан тарағанына қарамастан, шыңғыстық хұқық дәстүр сақталған кез келген мемлекетінде хандық билікке үміткер бола алды. Атап айтқанда, жошы әулеті ұрпақтары башқұрттардың, қарақалпақтардың, түрікмендердің билеушілері, сондай-ақ Хиуа мен Бұқара монархтары болды. Әр түрлі дерек мәліметтер бойынша, Хақназар - бір мезгілде қазақ пен башқұрттың, Тәуке, Әбілқайыр, Семеке хандар қазақ пен қарақалпақтың, Абылай - қазақ пен қырғыздың ханы болды.

Ақпарат берушілердің мәліметтеріне сүйенсек көптеген шыңғыс тұқымдары Хиуа мен Бұқара мектептерінде мұсылмандық білім алған. Бірқатар сұлтандар Шыңғыс пен Батыс мемлекеттерінің билеушілерімен дипломатиялық қарым-қатынас жасау мақсатында өздерінің хатшыларын ұстаған.

Орыс зерттеушілері "қазақ төрелерінің өздерін ұстау мәнерінің және интелектуалдық деңгейінің кеңдігін, қарапайым халықпен салыстырғанда ойлау қабілетінің жоғарылығын" өз еңбектерінде, күнделіктерінде жазып кеткен еді.

Төрелердің қоғамдағы жағдайының ерекшелігі қазақтың әдеттік құқықтары нормасында заңдастырылған еді. Қазан төңкерісіне дейінгі жазба деректері мен қазақтың ауыз әдебиеті деректерінде, әрбір сұлтан қандайда болмасын көшпенділердің (ел немесе ұлыс) басқарып, өз иелігінде белгілі бір жайылымдық жерді (жұрт) иемдегені жөніндегі мәліметтерді береді. Сұлтанды сөзбен қорлағаны үшін 26 бас қара мал немесе түйе төлейтін, ал өлтіргені үшін қарапайым адамға төленетін құнның жеті көлемі төленетін. Қазақ қоғамының басқа мүшелерімен салыстырғанда, төрелердің істерін билер соты емес, хан соты қарастырған еді. Төре тұқымынан шыққан әйелдер үшін ерекше тәртіп, яғни әйелдер "қарадан" шыққан ер адамға күйеуге шықса барлық ерекшеліктерінен айрылатын. Ал "қарадан" шыққан әйел сұлтанға тұрмысқа шықса автоматты түрде "төре" тобына кіргізілетін.

Төрелердің қоғамдық өмірдегі жағдайының ерекшелігі тек құқықтық дәстүр саласында ғана емес, далалық этикет тұрғысында да ерекшеленетін. Қарапайым қазақтар сұлтандармен сөйлескенде, оларға "тақсыр" сөзін қолданды. Олар сәлемдескенде, қоштасқанда, алғыс айтқанда екі қолын кеудесіне қойып немесе оң қолын оң тізесіне басып, "Алдияр" деп айтуға тиіс болды.

Көшпенділердің келесі бір элитарлық тобына - мұсылмандық діни қызметкерлер - "қожалар" жатты. Қожалар - діни дәстүрді сақтаушылар, өздерін "Мұқаммед пайғамбардың ұрпағымыз" - деп санады. Қожалар да ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ерекше жағдайларды пайдаланды. Олар қазақ қоғамының рухани өмірінде ерекше орын алып, молдалармен бірге көшпенділер арасында исламның қағдаларының орындалуын қадағалап отырды. Қожалардың көшпенді қоғамда саяси ықпалы, отырықшы егіншілікпен айналысатын мемлекеттермен салыстырғанда аз болды. ¤йткені, көшпенділік тұрмыс-ислам қағидаларының терең орнауына кедергі болды.

Жағдайы ерекшеленген әлеуметтік категориялар қатарына "қарадан" шыққан, көшпенді қоғамда сот функциясын атқарған билерді ерекше атап өтуге болады. XVI - XVII ғғ. авторлардың мәліметтері бойынша, билер қазақ қоғамында ерекше роль атқарғандығын, хандардың билігінің жағдайы көбіне соларға байланысты болғандығын білуге болады. "Билер - халық соты, - деп жазады патша әкімшілігі шенеунігі, - мақтауға тұрарлық іс-әрекеттері мен оларға сенім негізінде халық сайлайды". Яғни, билерді, халық өздерін қоғамдық және мемлекеттік өмірде өздерін танытқан адамдар арасынан сайлап отырды.

Билердің халық арасында ықпалының күшті болуына, олардың "Жеті жарғы" заңдар жинағындағы хұқықтарды, қазақтың дәстүрін білуі, сондай-ақ шешендік өнер мен қауым мүшелері арасындағы таласта олардың мүдделерін қорғай білуі әсер етті. "Әдет-ғұрыптық құқықтарды терең білумен қатар шешендік өнерімен ерекшеленген адам ғана мұндай атаққа ие бола алатын" - деп жазады, Шоқан Уәлиханов. Қазақтарда "би" дәрежесін арнайы ритуалды түрде берілген жоқ. "Би" дәрежесіне біртіндеп халық арасында танымал болу арқылы келді. Сол себепті "би" болғысы келген адам өз руластары арасында өзінің шешендік өнері мен әдет-ғұрыптық хұқықтарды білетіндігін жиі көрсетіп отыруға тырысатын. Қара қылды қақ жаратын шешімдері мен шешендік сөздер халық арасында кең таралып, сөз айтқан адамды кең танымал ететін.

Ру аралық тартыста дұрыс шешім айтып, халықты сөзбен татуластыра алған билер үлкен беделге ие болып, қазақ қоғамында ықпалды адамға айналды.Осы жағдайлардың бәрі, Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы, Әйтеке Байбекұлы және т.б. ықпалды билерге жоғарғы билікке үлкен ықпал жасауына мүмкіндік берді. Бұл билермен Тәуке, Әбілқайыр және Абылай сияқты күшті хандардың өзі санасып отырды. Болашақты болжай білетін беделді билер Қазақстан тарихында хандардың кеңесшісі тұрғысында жоғары билік пен қарапайым халық арасындағы байланыстырушы ролін атқарып, көшпелі қоғамның даму процесінің тұрақтануы мен бірігуіне әсерін тигізіп отырды. XVII ғ. соңы XVIII ғ. бірінші жартысындағы Тәуке, Жолбарыс және Барақ хандар тұсында осындай біріктіруші, әрі байланыстырушы рольді атақты қазақ би Төле Әлібекұлы атқарды. Бұл билер сұлтандармен қатар, әр жүздің көлемінде жыл сайын өтіп туратын халық жиналыстарында мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді шешіп отырды. Неғұрлым ықпалды билер ханның қасындағы атқарушы орган-хан кеңесі құрамына кірді.

XVIII - XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ қоғамында батырлардың әлеуметтік, әрі саяси ықпалы күшті болды. Түркі-монғол сөздігінде "батыр", "баһадур" сөзі шайқас алдында жаумен жекпе-жекпе шығушы батыл адамға қатысты айтылды. XIX ғасырда бұл сөз орыс тіліне еніп жергілікті оңтүстік славяндық "храбр", яғни "войтел" сөзін ығыстырып шығады.

Шыңғысхан заманынан бері "баһадур" термині түркі-монғол тайпаларының әскери басшы тобына титул ретінде беріліп отырған. Осы мағынада Әбілқайыр хандығындағы көптеген баһадурлар жәйлі Масуд бен Усман Кухистани (1590 ж. қайтыс болды), Камал ад-дин Бинай және басқа да шығыс авторлары шығармаларында айтылған. Жеке ерлігі үшін немесе жаумен шайқаста әскерді дұрыс басқарғаны үшін бұл титул хан мен сұлтандарға құрметті атақ ретінде де беріліп отырған. XVIII ғ. бұл атаққа Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай және басқа да хандар ие болған. Алайда, батыр - батыл адамдарға берілетін атақтан бөлек, әскери қызмет атқарушы адамдарға қатысты қолданылатын атау болып та табылады. Қазақтар шайқастар мен шапқыншылықтар барысында өзін көрсете білген, шығу тегі жағынан, қарадан да, "ақ сүйектен" де шыққан батыл, әрі тәжірибелі жауынгерді "батыр" деп атаған. Саясатшы К.Мейендорфтың түсіндіруі бойынша, қазақ қоғамында "батыл, әділ және іскер, соғыс кезінде атқамінер адамдар "батыр" атанған деп көрсетеді. "Батыр" дәрежесі атадан балаға беріліп отырылған, соған қарамастан, атақты батырлардың баласы немесе немересі шайқаста өзін көрсете білгені үшін бұл атаққа ие болған жағдайлар да кездесіп отырған. Бұған мысал ретінде Кіші жүздің жетіру тармағына кіретін табын Бөгенбай (1741 ж. қайтыс болған) батыр және оның ұлы - Тіленші Бөгенбайұлы мен XIX ғ. 20-30 ж.ж. қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарған оның немересі Жоламан Тіленшеұлы да "батыр" атағын имеденген. "Батыр" атағын Орта жүзден шыққан атақты Жәнібек (1751 ж. қайтыс болған) батыр, Кіші жүздің Есет батыры және басқа да адамдардың ұрпақтары иемденген.

Әр түрлі тарихи кезеңдерде қазақ батырлары әскери жасақтардың қолбасшысы болумен қатар, қазақ қоғамындағы ауқатты топтардың қатарында саналған. Қазан төңкерісіне дейінгі авторлардың мәліметтерінде қазақ батырларының көпшілігі ру старшындары ролін атқарып, көшпенділердің саяси құрылымында маңызды орын алған. Жоғары билік орындары батырларды көрші мемлекеттердің билеушілерімен қарым-қатынастарында елшілік сипатындағы жауапты істерді тапсырумен қатар, хандардың билер мен ру старшындарымен қарым-қатынасының шиеленіскен тұстарында да орынды пайдаланып отырған.

Қазақтардың басқарушы элитасында ең көп санды әлеуметтік топ - старшындар ("ақсақалдар") болды. Олар қазақ қоғамының барлық сатыларында реттеуші қызметін атқарды. "Ақсақал" дәрежесін - мал бағуда көп тәжірибесі санасы терең адамға берген.

Табиғаты қатаң аймақта көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтарда кәсіби тәжірибесі мол, адамдық қасиеттерге бай адам - мал мен материалдық байлықты жинақтауда маңызды роль атқарды. Сол себепті, экономикалық салада билік етуші топ қоғамда әлеуметтік-экономикалық, саяси және хұқықтық жағынан реттеуші функциясын атқарып, идеология мен рухани мәдениет саласына белсене араласты. Ақсақалдар, шаруашылықтан тыс әр түрлі уәкілеттіктерді іске асырып, қоғамдық санаға рухани мәдениет пен идеологияны икемдеу, түсіндіру мен енгізумен айналысты. Олардың билігі - қоғамда биліктің орталықтанып, хан, сұлтан, батырлардың ролінің күшейген тұсында тарылып, ішкі-сыртқы саяси қайшылықтар шиеленіскен және өзге мемлекеттермен қарым-қатынастың ұшыққан кезінде әскери-саяси бірлестік деңгейінде күшейе түсетін.

Көшпелі қоғамның әр түрлі билеуші бөлігі мен еркін қауым мүшелерінен бөлек, қазақстанда бас-еркі жоқ, тәуелді тұрғындарды құрайтын құлдар мен төленгіттер тобы да болатын. Сұлтандарға қызмет жасаушылар "төленгіттер" - деп аталынды. Оларға соғыс тұтқындары және қауымнан бөлінген жеке тұлғалар жатты. Төленгіттер соғыс кезінде әскер қызметін атқарса, бейбіт күндері салық жинаушы және т.б. қызметтер атқарды. Бұл әлеуметтік топтың пайда болуына ішкі қайшылықтар мен ұзаққа созылған жоңғармен арадағы соғыстың әсері болды. ¤йткені жоғары билік үнемі қасынан табылатын "қызмет етуші" адамдарға зәру болды.

Тәуелді тұрғындар қатарына орыс, қалмақ, иран және т.б. халықтардың уәкілдерінен құралған тұтқындар - құлдар жатты. Құл еңбегі билік етуші топтардың жеке шаруашылығы мен үй тұрмысында қолданылды. Құлдық қазақ қоғамында әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қалыптаспай, патриархалды үй тұрмысы шеңберінен аса алмады .

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 13204 | Загрузок: 570 | Рейтинг: 4.5/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>