Қазақстанның БҰҰ-ға қатынасы - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Қазақстанның БҰҰ-ға қатынасы

Скачать реферат с сервера 22.08.2010, 02:24
загрузка...
Жоспар:
Кіріспе 2
І – Бөлім: Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2
ІІ – Бөлім: Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері 6
2.1 - Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН) 6
2.2 – Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) 7
2.3 - Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН) 8
2.4 - Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ) 9
2.5 - Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН) 10
2.6 – Қазақстанмен БҰҰ – ның ӨДҰ (ЮНИДО) 11
Пайдаланған Әдебиеттер Тізімі 13

Кіріспе

Қазіргі замаңғы әр түрлі халықаралық денгейдегі қауіпсіздік құрылымдармен кепілді байланыстарды орнату және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның көпбағытты және баланс-танған сыртқы саясатының принциптеріменен келісіп, оның ұлттық қауіпсіздік мүдделе-ріменен сәйкес келеді.
Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықара-лық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым. Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ – мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңыз-ды бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз бұл ұйымға 1992 жыл-дың 2 Наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46 сессиясын-дағы нөмір 46/224 резолюциясының қабылдануының нәтижесінде кір-ген.
Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымында осыншама қысқа уақытта мү-ше болғанына қарамастан, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа сәтті кір-геннен басқа, ондағы әсер етуші елдердің қатарына қосылуға да үлгер-ген. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше халықаралық кон-венциялары мен келісімдерге қосылып, олардың шарттарына сәйкес өзінің әр түрлі ұлттық бағдарламаларын шығарып, оларды сәтті іске асыруда. Бұл еліміздің қалыпты әрі қауіпсіз жағдайларда дамуына әсер етеді.
Еліміздің осындай деңгейге жетуі – елбасымыз бен отандық дип-ломатияның ілгерішілді жүргізілген сыртқы саясатының нәтижесі.

ІІ – Бөлім: Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына енгендігі – біздің еліміздің әлемдік қауымдастыққа шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде кіргендігің көрсететің маңызды тарихи акция болып табылады.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік қауымдастықтың қарапайым ғана жаңа мүшесі ретінде емес, ядролық қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы қатарында тұратын, қазіргі кездегі маңызды халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді жақты ұстанатын мемлекет ретінде кірген. 1991 жылы Семей ядролық полигонының Жабылуы мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына қосылуы – Қазақстанға үлкен бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары трибунасынан халықаралық қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын жариялауға моральды құқықты қамтамасыз еткен.
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының алғашқы қатынасқан халықаралық форумы – 1992 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда Қазақстанның халықаралық саясаты жөнін-де елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеген. Сөзінде ол Азиядағы Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары жөніндегі Кенестің шақырылуың ұсынып, Қазақстанның экологиялық зардап шеккен аймақтары туралы баяндама жасаған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің қарусыздандыру облысындағы белсенді рөлі мен бұл саладағы барлық халықаралық келісімдерге жолын ұстаушылықты өте жоғары бағалыды.
Біздің еліміз Орталық Азиядағы бейбіт сақтау мен қауіпсіздік саласына өте үлкен маңыз беріп, бұл аймақта ядролық қарудан бос зонаны құруға атсалысады. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бастаманы асыруға Қазақстанға барынша көмек көрсетуде.
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нығайтуға үлкен көніл бөлгендіктен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату қызметіне белсенді қатысады. 1995 жыл ы ТМД елдерінің бастамасы бойынша Орталық Азиядағы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату батальонына Қазақстан жағынан да бір топ сарбаздар жіберілді. 1996 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік қолдау операцияларына қажетті Резервттік Келісімдер Жүйесіне 51-ші мемлекет етіп қосылған. Қазіргі таңда бұл жүйеге қатысушы елдердің саны 70-ке жуық.
Орталық Азия аймағына және жалпы әлемдік қауымдастыққа қауіп төңдіретін Ауғананстандағы тұрақсыздықты Қазақстан әрқашанда бейбіт жолмен шешуге тырысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті резолюция-ларын қабылдағанға тиянақты ұсыныстарды жасайды.
Біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясы - Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарастырылатын барлық сұрақтар төнірегіне қатысты Қазақстанның мүдделерінен қалыптасады. Осында Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика, экология, әлеуметтік саланың, халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы, адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас жиемқорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша көніл бөлініп, оны нығайтуға шаралар қолданылып, жаңа ұсыныстар жасалынады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 53 сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит төңірегінде резолюцияны қабылдауға бастама жасаған. Бұл резолюцияның қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері мен басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан біздің аймақтағы транспорттық жүйелері мен Европа мен Азия арасындағы транспорттық байланыстың дамыту бағдарламаларың ойластырылып, оларды асыруға халықаралық құқықтық негізін бекітеді.
Резолюцияның шарттары Қазақстан өкіметі, оның министрліктері мен халықаралық ұйымдар бен басқа тараптардың арасындағы келісімдерді құрғанда пайдаланылады, акттердің бәрі оларға сәйкес жасалынады.
Халықаралықаралық және қазақстанстандық сарапшыларының бірлескен жұмысының нәтижесі – Бас Хатшының Семей полигонындағы жағдайы туралы Баяндамаға материалдарды дайындау; төрт негізгі облыстарда: денсаулық сақтауда, экономикада, экологияда, ақпараттықта жобалық ұсыныстарды дайындау болды. Бұл бандама 53 сессида жан – жақты қарастырылды.
1997 жылдың 16 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Семей полигоны жөңінде қабылданған резолюцияға сәйкес Қазақстан өкіметі мекемеаралық комиссияны құрған.
Осындағы ең маңызды мақсат – Семей полигонындағы өткізілген ядролық сынақтардың нәтижелерін жою. Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары ұлттық және халықаралық күштердің қолданылудың бес приоритетті секторларын анықтаған:
1. денсаулық сақтау
2. экология мен қоршаған орта
3. экономиканы қалпына келтіру
4. гуманитарлық көмек
5. ақпараттың таратылуы
Бұл приоритетті секторлардағы жұмыстардың асырылуы 50 млн. доллар төңірегінде қаржы – қаражатты талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрылымдары осындай жұмыстарды қаржыландыра алмағандықтан, олардың атқарылуы тікелей халықаралық ұйымдардың көмегімен байланысты. Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бірнеше резолюциялар қабылдаған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қалыпты дамытудың кең спектрін қарастырудыдағы терең еліктіруі – жоғарғы деңгейдегі әлемдік конференциялардың өткізілуінде айқын көрінді.
1. 1993 ж. Венадағы адам құқықтары жөнінде
2. 1994 ж. Каирдегі халықтың қоныстануы мен дамытуы жөнінде
3. 1995 ж. Копенгагендегі әлеуметтік дамыту жөнінде
4. 1996 ж. Стамбулдағы тұрақты мекендер жөнінде, және т. б.
Қазақстан аталған форумдарда алғашқы күйдегі құжат жобаларына ұсыныстарды ғана жасамай, сонымен қатар оларды ұлттық деңгейде асыруға белсенді ат салысты.
Біздің еліміздің Конституциясы барлық Қазақстан халықтарының теңдігін; адамның нәсіліне, жынысына, тіліне, діни сеніміне, саяси көзқарастарына және басқа уағыздауларына қарамай негізгі құқықтар мен еркіндіктердің жариялануы толығымен Венадағы Декларацияға және Адам құқықтары облысындағы әрекеттер Платформасына сәйкес. Қазақстан Республикасының Президенті жанында Адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылғаны - Біріккен Ұлттар Ұйымында адам құқықтарын қорғау облысында халықаралық құжаттардың іске асырылуына бағытталған нақты қадам ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымында өте жоғары бағаланады.
Жанұяның, әйелдердің, балалардың әлеуметтік қорғанылуы – мемлекеттік саясатының ең приоритетті бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысқан халықаралық әмбебап келісімдерінің бірі – Бала құқықтары туралы Конвенция. 1994 жылы аталған Конвенцияның Қазақстан Республикасының Парламентімен жариялануы Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берген.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің приоритеттерінің бірі халықаралық құқық нормалары мен принциптерін бекіту, олардың ілгерішілді дамытуы мен кодификациясы болып табылады.
Егер де Біріккен Ұлттар Ұйымында алғашқы жылдары жұмыс істеген Қазақстан делегациясы тек халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы мен кодификациясы үрдісінің жалпы байқауымен шектелсе, ұлттық құқықтық базаның дамуы мен құқықтық тәжірибенің нығаюымен – еліміздің бұл шеңбердегі мүмкіндіктеріміз ұлғайған. Енді Қазақстан делегациясы сарапшылық түрде келешек конвенциялар мен резолюциялар баптарының жобалары төңірегіндегі дискиссияларға қатысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Құқық, Халықаралық Сауда Құқығы комиссияларның отырыстарына жиі қатысады.
Осы жылдары ішінде еліміз қарусыздандыру, сауда мен транспорт, экология, терроризммен күресу, гуманитарлы дипломатиялық құқық жөніндегі келісімдердің қатысушысы болып қалды. Осы жылдары еліміз қатысқан құжаттарының көбісіне депозитарий ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы шыққан.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы ғарыштық кеністікті игеру саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап кетуге тура келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 49 сессиясында Қазақстан Ғарыш Кеңістігін Бейбіт Мақсатта Пайдалану жөніндегі Комитетіне (КОПУОС) сайланған. Бұл Қазақстанның ғарыштық саласын игеру үлесінің әлемдік қауымдасты- ғымен мойындалуың көрсетеді. Осымен қатар, біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да арнайы комитеттеріне, ұйымдарына, қорлары мен комиссияларына, агенттіктер мен басқармаларға тұрақты мүше ретінде кіріп, барлық мәселелерді шешуде белсенді рөлді атқаруда.

ІІ – Бөлім: Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері

2.1 - Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)

1965 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдар-ламасы (ПРООН) өзіннің Қазақстанмен ынтымақтастықтағында басты назарды ұлттық мамандарды дайындауға, нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздың әр түрлі секторларындағы жаңа құрылымдары жөнінде консультативті көмек көрсетуге аударады.
Қазіргі уақытта БҰҰ Дамыту Бағдарламасының кеңесшілері мен сарапшылары Қазақстан өкіметіне еліміздегі жүргізіліп жатқан бірнеше ірі ұлттық бағдарламалды іске асыруға көмек көрсетуде, оларға: Ұлттық Жекешелендіру Бағдарламасы, Қоршаған Ортаны Қорғау мен Қалыпты Даму Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әйелдер Жағдайларын Жақсарту Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әлеуметтік Даму Әрекетте-рінің Жоспары, Салауатты Өмірді Қалыптастыру Бағдарламасы, ж.т.б
1993 жылдан бастап, БҰҰ Дамыту Бағдарламасы Қазақстан өкіметіне нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздағы әр түрлі салалары мен еліміздің барлық аймақтарына нақтылы көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы бірнеше экономикалық пен саяси рефор-малардың іске сәтті асырылғандығы есепке алынып, еліміздің ары қарай дамытуының приоритетті бағыттары анықталды, ең маңыз-ды мәселелерді шешуге бірлескен күштердің орталықтандырылған әрекеттері жұмыс істеуде, олардың ішінде:
Әлеуметтік салада – еліміздің білім беру мен ғылым жүйесін жаңарту, жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға нақтылы көмек көрсету.
Экономика саласында – еліміздің шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуына, өңдеу өңдірісінің тұрақталуына, ауыл шаруашылығына, транспорттық инфрақұрылыы мен саудаға көмек көрсету.
Экологиялық салада – Семей полигонының ауданы мен Арал бассейіні маңынын реабилитациясы, Каспий аймағындағы ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға көмек көрсету.
Жақын арада Қазақстан мен БҰҰ Дамыту Бағдарламасы арасында-ғы ынтымақтастық шеңберінде бірнеше жаңа бағдарламаларының іске асырылуы қарастырылуда, олардың ішінде:
Әлеуметтік Даму Бағдарламасы
Еліміздің демократияландыруы мен мемлекеттік басқару жүйесің нығайту Бағдарламасы
Қалыпты даму мақсат-да қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы
Жалпы қарастырып алғанда, Орталық Азия мемлекеттері арасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасының Қазақстандағы жұмысы ең табысты болып саналады. Бұл еліміздің халықаралық бейнесінің тек жағымды көрсеткіштеріне жатқызылады.

2.2 – Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО)
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім Беру, Ғылым және Мәдениет Мәселелері жөнінддегі Ұйымына (ББҒММҰ) 1992 жылдың мамырында кіріп, оның келесідей Конвенцияларына қосылды:
Білім берерлік, ғылыми және мәдени материалдардың кіргізілуі туралы Келісім, оның А және Е толықтаулары мен 1950ж Протоколы
Авторлық Құқық жөніндегі Әлемдік Конвенциясы, ХІІІ Бапқа жататын Декларация мен ХІ Бапқа жататын Резолюция
Әскери жанжал кезінде мәдени құндылқтарды қорғау туралы Конвенция, оның 1954ж Атқарушы Регламенті мен Протоколы
Әлемдік мәдени және табиғи мұралар-ң қорғалуы тур/ы Конвенция
Еуропа елдері аймағының ғылыми дәрежелерің, жоғарғы білім туралы дипломдарың мен оқыту курстарын мойындау Конв-сы, 1979ж
Азия мен Тынық Мұхит елдерінің ғылыми дәрежелерінің, жоғарғы білім туралы дипломдарың, оқыту курстарын мойындау Конв-сы, 1983ж
Еуропалық аймаққа жататын ғылыми квалификацияларың, оқыту курстарын мойындау туралы Конвенциясы, 1997ж
ББҒММҰ Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы ерекше мәдени, тарихи, рухани орталық ретінде мойындап, оған барынша көніл бөлу-де. Нақтылы үлгілерге мынаны жатқызуға болады: ББҒММУ Абайдың 150 жылдығының, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтың 100 жылдықтарының, М.Х. Дулатидің 500 жылдығының, Түркістан қаласының 1500 жылдығының, Тараздың 2000 жылдығының және жақында өткен Махамбеттің 200 жылдығының салтанаттарына белсенді қатысты. Осы салтанаттардың өткізілуің БҰҰ-ның каленьдарына орналатқан.
Осымен қатар, ББҒММҰ «Қазақстанның мәдени жәңе табиғи мұра объектілерінің алдын ала Тізімін» қабылдаған, оған ерекше аталынып кеткен Хожа Ахмет Яссауи Кесеңесі кірген.
2001 жылдың тамызында Қазақстанға ББҒММҰ – ның Бас Хатшысы К. Мацура келіп, Еуразиялық Университетте Отрар кітапханасың қайта қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды қабылдау туралы келісімдерге қол қойған.
Қазақстан ББҒММҰ – ның екі аймақтық бастамаларының құрылтайшысы болып тұр. Оларға біз:
Орталық Азиядағы Зерттеулердің Халықаралық Институты
Көшпенді Өркениеттердің Халықаралық Институты

2.3 - Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)

Кеңес Одағының құлауы мен Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа енуіннен бастап, еліміз бүткіләлемдік есірткілердің заңсыз айналу үрдісінің мәселелерімен соқтырылды.
Глобализацияға бағытталған тенденциялары мен транспорттық инфрақұрылымының дамуы – еліміздегі есірткілердің контрабандасың да бірге дамытқан. Осыған себеп болғаны:
Географиялық орналасуымыз, яғни әлемдік есірткі өңдіру орталық-тары мен тасымалдау жолдарына жақындығымыз.
Өтпелі заманның экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салаларына әкелген өзгерістері мен қиыншылықтары,
Аймақтағы геосаяси өзгерістер, өткір саяси шиелінстер мен әскери жанжалдар және т.б
Бүткіл Орталық Азия мен бұрынғы КСРО елдеріндегі есірткі бизнесі-нің гүлденуі – Қазақстандағы есірткілерді бақылауының жағдайың да шиелендірді. Еліміздегі есірткі заттарының заңсыз пайдалануы мен олардың заңсыз айналуы кең етек алып, экономикамызға, құқылық тәртібімізге, ұлттың денсаулығы мен геноқорына, жалпы қоғамдағы әлеуметік – психологиялық атмосферамызға кері әсер етуде.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткілерді Бақылак жөніндегі Халықаралық Бағдарламаның (ЮНДКП) көпжылдық тәжирибесің ес-керте отырып, Қазақстан Республикасы аталған ұйыммен есірткілердің заңсыз пайдалануы мен айналымы саласында ынтымақтастықты орна-тып, белсенді дамытуда. Бұл ұйым есірткілерді бақылаудың халықара-лық қызметінің бағытталуында шешуші рөлді атқаруда. Біріккен Ұлт-тар Ұйымының қата құру шеңберінде, ЮНДКП Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Халықаралық Қылмысты Алдын Алу Орталығымен (ЦПМП) бірікті-рілгеннің нәтижесінде - Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі Заттарды Бақылау мен Қылмысты Алдын Алу Басқармасы (ЕЗБҚААБ) құрылған.
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЗБҚААБ арасындағы ынтымақтастықтың негізі ретінде, 1996 жылдың 4 мамыр-ында Ташкенттегі өткен Орталық Ази елдерінің есірткілердің өңдірісі-нің, заңсыз айналымының, таратылымының мен психотропты заттар мен прекурсорлардың бақылауы жөніндегі Меморандумға еліміздің сыртқы істер министрінің қол қоюы болды.
Қазақстан Республикасы бұл салададағы Біріккен Ұлттар Ұйымының үш негізгі Конвенцияларына да қол қойған. Олар:
Есірткі Заттар жөніндегі 1961 жылғы Бірыңғай Конвециясы мен 1972 жылдың Протоколы
Психотропты Заттар жөніндегі 1971 жылғы Конвециясы
Есірткі Заттары мен Психотропты Заттардың Заңсыз Айналымына қарсы 1988 жылғы Конвенциясы
Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЗБҚААБ ұсыныстары бойынша, Қазақ-стан Республикасының «Есірткі заттар, психотропты, прекурсорлар мен олардың заңсыз пайдалануы мен айналымына қарсы ету шаралары ту-ралы» Заң қабылданған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2000-2005 жылдары арасында Наркомания мен Наркобизнеске Қарсы ету Стратегиясың қабылдаған. Оның негізін-де әр жылда Наркомания мен Наркобизнеске Қарсы ету Мемлекеттік Бағдарламасы жасалынады. Республикамыздың Ішкі Істер Министрлі-гінде де, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде де, басқа да құқылық тәртіпті сақтаушы органдарда есірткілерге қарсы ету арнайы басқармалары мен бөлімшелері құрылған. Аталған мекемелердің басқа мемлекеттер мен Интерпол сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы белсенді түрде, үлкен қарқынмен дамуда.

2.4 - Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)

1993 жылдың Желтоқсанында республикамыздың «Ядролық Қаруды Таратпау жөніндегі Келісімге» қол қоюы – оның 1994 жылдың 14 Ақ-панында Атомдық Энергия жөніндегі Халықаралық Агенттікке (АЭХА) 121 мүшесі ретінде кіруге жағдай жасаған. Келісім шарттарына сәйкес 1994 жылдың 26 Маусымында Алматыда Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасында «Ядролық Қаруды Таратпау жөніндегі Келісімге» бай-ланысты «Гарантияларды қолдану туралы Келісімге» қол қойылып, 1995 жылдың Шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Үкі-мімен жарияланған.
Келісімге сәйкес республикамыздың барлық ядролық қызмет АЭХА гарантиялары астында. Еліміздің белсенді ядролық объектілеріне: Ақтаудағы Маңғышлақ Атомдық энергокомбинатының БН – 350 реакто-рына, Өскемендегі «Үлбі Металлург Зауытына», Курчатов қаласындағы және Алатау кентіндегі Ұлттық Ядролық Орталықтың зерттеу реактор-ларына және республикамыздың басқа да ядролық объектілеріне АЭХА инспекциялары жиі өтуде. Инспекциялардың мақсаты - Қазақстанның ресми мәлімдеген ядролық материалдардың саның мен сақтау жағдай-ларың тексеру (верификациялау)
АЭХА – ның өз мүше-елдерімен техникалық ынтымақтастық бағдар-ламасы атомдық энергияның және ядролық-физикалық технологилар-дың қауіпсіз мақсаттарына пайдалану денгейінің жоғарлауына, қорша-ған ортаны қорғауына, өңдірісте, ғылымда, әлеуметтік салада жаңа ілгерішілді әдістердің пайда болуына бағытталған.
Қазақстан Республикасының АЭХА – ның техникалық ынтымақтас-тық бағдарламасына қатысуы – елімізге қазіргі замаңғы ядролық тех-нологияларға, олардың өмірдің кез-келген облыстарында қолданылуына, сәйкес ақпараттарды алуға жол беріп, еліміздің ядро-лық энергияның мен ядролық-физикалық технологилардың бейбіт мақсаттарында пайдаланылуының қауіпсіздік деңгейін әлемдік деңгей-ге жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама арқылы және жалпы АЭХА – мен ара қатынасу ар-қылы республикамыздың халықаралық ғылыми байланыстарымыз е-дәуір кеңейтіліп, Қазақстанның халықаралық көрінісің де жоғарлатады.
Соңғы жылдары ішінде АЭХА – ның бірнеше жобалары шеңберінде бұл ұйымның Қазақстанға жұмсалатың қаржы-қаражатның басым бөлі-гі елімізде шығарылатың жаңа құралдар ман технологияларды сатып алуға жұмсалады. Бұл еліміздің ғылыми дамуына пайдалы әсер етеді.

2.5 - Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының Босқындар Ісі жөніндегі Басқармасы (БҰҰ ЖКБІБ) Тәжікістандағы азамат соғысы салдарымен байланысты Орталық Азияда 1993 жылдың Ақпанынан бастап қызмет етуде. ЖКБІБ – сы Душанбе мен Ташкенттегі өз өкілет-тіктерің ашып, тәжік босқындарының Ауғанстаннан репатриациялауға және отанына оралған соң, бұрын тұрған аймақтарына реинтеграция-лауға нақтылы шаралар жүргізген.
ЖКБІБ Қазақстан Республикасындағы өз өкілеттілігін тек 1995 жылда ашқан. Оның негізгі міндеттеріне:
БҰҰ ЖКБІБ – ның мандат асты босқындарына халықаралық қорғау мен гуманитарлық көмектің көрсетілуің қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасындағы босқындар мәселелеріне қатысты барлық мемлекет емес ұйымдармен қатар мемлекеттік құрылымдардың потенциалын дамытып, оны мүмкіндігінше тікелей қолдау.
Қазіргі кездегі БҰҰ ЖКБІБ – ның Қазақстан Республикасындағы қыз-меті негізінен екі бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден тұ-рады. Бұл компоненттер негізінде ЖКБІБ – ның барлық бағдарламала-ры іске асырылады. Оларға біз:
1. Дәстүрлі емес қызмет: ең қажет ететін босқындар мен олардың жаңұяларына шектелген материалды және медициналық көмекті көр-сету. Осы облыстағы бағдарламалар республикамыздың мемлекеттік те, мемлекеттік емес ұйымдары да арқылы іске асырылады.Сонымен қатар, ЖКБІБ – сы тәжік босқындарының отанына ерікті түрде оралуы-на арналған бағдарламаны асырады. ЖКБІБ мәліметтері бойынша - Қазақстан Республикасында 17-20 мың босқындар бар. Олардың көбісі Ауғанстаннан, Тәжікістаннан, Шешенстаннан, Ираннан келген.
2. Дәстүрлі емес қызмет: бұл негізінен миграция саласында жоғары маманды ұлттық кадрлерді дайындауға көмектесу. Бұл салада ЖКБІБ – сы босқындармен байланысты жұмыс істейтін органдарға техникалық – материалдық көмек көрсету. ЖКБІБ – сы адам құқықтары, халықара –лық баспана, халықаралық құқық туралы семинарлар мен конферен-цияларды, оқыту курстарын жиі өткізу арқылы мемлекеттік органдарға халықаралық стандарттарды жеткізуге әрекеттер жасайды. Қазақстан Республикасының арнайы органдарымен босқындар жөніндегі жұмыс- тарды өткізудің заңдылықтарын қалыптастыруда.

2.6 – Қазақстанмен БҰҰ – ның ӨДҰ (ЮНИДО)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Өндірістік Даму Ұйымы БҰҰ – ның өн – дірістік саласындағы қызметін бағыттауы үшін 1966 жылы Бас Ассам –блеясының резолюциясында қабылданған. Қазіргі таңда ӨДҰ – ның 170 – тей мүше-елдері бар. ӨДҰ өтпелі экономикалы және дамушы ел- дерде өндірістің қалыпты дамуымен айналысады.
Қазақстан Республикасы БҰҰ –ның ӨДҰ қатарына 1997 жылы кірген.
Қазақстанның оған кіріунен бұрын бұл ұйым елімізде әр-түрлі бағдар- ламалар жүргізген. Олардың ішіне:
Инвестициялық жобалардың бағалауы мен қалыптастыруы
Инвестициялаудың акционерлік емес түрлердің құқықтық, салық-тық және қаржылық анализімен айналысатын адамдар мен ұйымдарды оқытып – дайындау
1995 жылдың өзінде ӨДҰ мен БҰҰДБ – ның бірлескен жобалары Қа-зақстанның кіші қалаларындағы мемлекеттік өндірістердің реструкту-ризациясын бастаған. Мысалы ретінде, Алматы облысындағы Текелі қаласындағы қорғасын – мырыш комбинатының қайта ашылуы. ӨДҰ өндіріспен ғана шектелмей, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға да үлес қосады. Алматыда Шағын және Орта Кәсіпкерліктің Қолдау Орталығы ашылды.
Американдық «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен, ӨДҰ – ның сарапшылық қолдауымен және БҰҰДБ – ның координа- циясымен Атырау қаласында «Бизнесті Дамыту Орталығын» және оның микронесиелік мехаизмін құрған. ӨДҰ Әлемдік Банкі, БҰҰДБ мен ТАСИС - тің «Каспий экологиялық бағдарламасына» да қатысушы жақ болып шықты.
Қазіргі таңда БҰҰ – ның ӨДҰ Қазақстан Республткасы үшін арнайы интегралданған бағдарламаны құруға жұмыс істеуде. Оған келесі бағыттар кіредә:
Өндірістік дамудың стратегиясы
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамытуы
Инвестицияларды тартуға қолдау
Шығынсыз өндірісті қалыптастыру

Пайдаланған Әдебиеттер Тізімі

1. Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. - Астана’01

2. Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана. - Алматы’99

3. Токаев К. Внешняя Политика Казахстана в Условиях Глобализации. – Алматы’00

4. Мухамеджанов М.Б. Формирование Основных Приоритетов Внешней Политики Казахстана. – Алматы’97

5. Есжан А.К Казахстан и Мировое Сообщество. – Астана’99

6. Лукьянов И.П. ООН Сегодня и Завтра. – Москва’01

7. Степаненко Б.В. Программы ООН в СНГ. – Москва’99

8. Ермекбаев А.Б. ЮНЕСКО в Казахстане. – Алматы’02

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Аслан
Просмотров: 4546 | Загрузок: 426 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>