Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Қазақстанның тас ғасыры

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:32
загрузка...
Тарихқа дейінгі уақыт Қазақстанның тас ғасыры

Біз кімбіз және қайданбыз - қайсымызды ынтықтырмады бұл сұрақ. Біздің арғы аталарымыз қайдан шықты және олар қалай өмір сүрді? Олар Қазақстан аумағына қашан қоныстанды және ол қалай жүзеге асты ?

Тарихтың аса ертедегі кезеңін палеолит деп атайды. Ол шамамен 2,6 млн. жылды қамтыды және ол бұдан 10 мың жыл бұрын аяқталды. Зерттеушілердің көпшілігі палеолитті ерте және кейінгі деп бөледі. Ерте палеолитті архантроптардың және палеонтроптардың тіршілік еткен уақыты. Осы ұзақ кезеңде бірнеше археологиялық дәуір (олдувэйлік, ашельдік, мустьерлік) алмасты және материалдық мәдениет едәуір дамыды. Кейінгі палеолит - Homo sapiens тіршілік еткен уақыт , оған осы заманғы адамзат жатады. Жоғарғы палеолиттің (30-40 мыңға жуық) қысқа ғана созылғанына қарамастан, адамзат осы уақыт ішінде үлкен жолдан өтті.
Қазақстан аумағында әзірге палеолиттік адамның сүйек қалдықтары табылған жоқ. Алайда бұл миллион жылдар бұрын адамдар аумақта болған жоқ дегенді білдірмейді. Бұған Қазақстанның көптеген аймақтарында - Қызылтауда, Борықазғанда, Шақпақатада, Семізбұғыда және басқа жерлерде анықталған қоныстар дәлел бола алады.


Бүкіл тас ғасырының барысында еңбек құралдарын дайындауда басымдылық тасқа берілген. Тас бұйымдар түрлері мен сыйпатты типтеріне қарай шапқы, қырғыш, түйреуіш, соққы, бұрғы, пышақ, тескіш және басқалары болып бөлінеді. Алғашқы қауымның ертедегі тарихты зерттеуші археологтардың міндеті де тасты сөйлету, олардан барынша ақпарат алу, өйткені тек тас қана адамзаттың алыстағы өткенінің куәсі болып табылады.

Төменгі палеолитте (б.д. дейінгі 2,5 млн.жыл - 10 мың жыл) тасты сындыру үшін адам басқа тасты пайдаланды, оларды бір-біріне әтейі ұрғылады. Мұндай техника "жарып түсіру" техникасы немесе "малтатас мәдениеті" деген атқа ие болды, өйткені шикізат материалы ретінде көбіне өзен малтатастары пайдаланылған. . Кейін жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін соққыштар пайда болды. Көбіне олар сырты қотыр-қожырлы цилиндрлі немесе жұмыр түрінде болып келді. . Оңтүстік

Тас ғасырының келесі кезеңі - 10 мың жылдықтан басталып, б.д. дейінгі 5500 жылы аяқталған мезолит. Және де тас ғасыры б.д.дейінгі 5500 жылдан 3000 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтитын неолитпен аяқталды.
Қазақстанда (Қаратау қыраты) табылған құралдар жоғарыда аталған техникамен өңделген. Тастың екі жағына бірдей өңдеу ниетімен соққылар беріліп отырған және осылайша тас шеті кедірлене үшкірленеді. . Борықазған, Қызылтау және басқа қоныстарында кездесетін дайындалған құралдардың кейде шапқыш ретінде пайдаланылғанын көрсетеді.

Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан - Батпақтан, Жаман - Айбаттан, Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігі - Құдайкөлден табылды. Құралдардың арасынан тастың екі жағынан өңделген құралдарды, жануарлар терілерін илеуге және ағаш өңдеуге арналған қырнауыштарды, сондай-ақ сындырғыштар мен қалақтар жарылып алынған толып жатқан нуклеустер-домалақ тастарды атауға болады.

Батыс Қазақстанда осы уақыттың көрнекті ескерткіштері Шақпақата, ¤нежек кешендері болып табылады. Тас бұйымдарының ішінен нуклеустер, қырнауыштар, бифастар, найза ұштары және леваллуа шапқыштары ерекшеленеді. Зерттеулер нәтижелері тас өңдеудегі техника дамуының эволюциясын байқауға мүмкіндік береді.

Келесі - мустье кезеңінде тас өңдеудің өзге
тәсілі пайда болды. . Бұл Ш.Уәлиханов атындағы тұрақтың материалдарында жақсы байқалады. . Ол 6 мәдени қатпардан тұрады, бұл жерден көптеген тас бұйымдары, оттың орындары мен ошақтар, жылқылардың, қодастардың, қасиетті бұғылардың және ақбөкендердің сүйектері табылды. . Мәдени қатпарлары бүлінбеген күйінде жатқан бұл Қазақстан аумағындағы жалғыз тұрақ болып табылады. Тереңде (2,30-6,50 м.) жатқанына қармастан, еңбек құралдарын жасау ісмерханасын табу және адамдар мұнда ұзақ уақыт бойы, шын мәнінде мустьеден жоғары палеолитке дейін үздіксіз тұрғанын анықтау мүмкіндігі табылды. .

Мустье кезеңінің жаңа ескерткіштері соңғы жылдары Орталық Қазақстанда - ¤гізтау 1 және 2, ‡лкен Ақмая тұрақтарында табылды. Табылған балталар, қырнауыштар, оймалы құралдар және нуклеустер жергілікті шикізат - сұр кварцтен дайындалған.

Кейінгі дәуір - жоғарғы палеолитте (б.д.дейінгі 10 мың жыл - 5500 жыл) тас құралдарын өңдеу жетілдіріле түскен. Домалақ тастардан жұқа қалақшалар жару керек болды. Олар көбіне сүйек пен ағаш саптарға сына ретінде қағылды, содан кейін олар пышақ пен қырғыш ретінде пайдаланылды. Жұқа жүзді құралдар, мәселен, сүңгі, найза ұштарын жасауға мүмкіндік бергенқысқыш техника кеңінен қолданылған..

Шығыс Қазақстандағы Шульбинка тұрағында 5000 тас бұйымдар ішінде қырғыштар, үшкірлер, кескілер, тескірлер,нуклеустер қашау тәрізді құралдар, сондай-ақ малтатастан қаланған ошақтар және баспана іздері кездеседі. Құралдар дайындауға шикізат ретінде жартылай асыл тастар-халцедон, яшма, кремень, тау хрустальдері қолданылған. Мұндай коллекция Алтай мен Сібір тұрақтарында бар, бұл олардың мерзімін 30-25 мың жыл кейінге шегеруге мүмкіндік береді.

Мезолитте шаруашылық пен материалдық мәдениет елеулі өзгерістерге ұшырайды, бірақ, өкінішке қарай, бұл кезеңнің ескерткіштері Қазақстанда онша көп емес. Осы уақытта микроқұймалар, яғни геометриялық формадағы үшкірленген құралдар кең пайдаланылады.

Келесі дәуір-неолит республиканың барлық аймақтарында табылған көптеген ескерткіштерімен сыйпатталады. Қазақстан неолиттінің маңызды проблемаларының бірі тас индустриясының өзгешелігін анықтау және неолит мәдениетінің таралу вариантын бөлу проблемасы болып табылады. Аңшылық пен балық аулаушылықпен қатар егіншілік пен мал бағушылық пайда болады. Қыш ыдыс-аяқтар жасау, садақ пен жебені ойлап табу, сондай-ақ тастан тегістелген құралдардың пайда болуы да маңызды жаңалықтар болды; аралау мен бұрғылау кең тарайды.

Неолит дәуірінің тұрақтары Қазақстан аумағының барлық жерінде кездеседі. . Бірақ солардың ішінде неғұрлым мәндісі Қараүңгір (Оңтүстік Қазақстан) үңгірі саналады. Бұлардан тас, сүйек құралдары, керамика, жанаурлардың-құланның, аюдың, бұғының, киіктің, қабанның, жылқының және басқаларының сүйектері табылды.

Қазақстанның тас ғасыры жалпы әлемдік мәдениеттің бөлінбес бөлшегі екені даусыз. Мұнда Ескі дүние палеолитіне тән барлық кезеңдері ерекшеленеді.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 13836 | Загрузок: 1010 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.4/13
Всего комментариев: 2
2  
Kak skachivat?

1  
Kak skachivat`?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>