Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Дала бекіністерінің пайда болуы

Скачать реферат с сервера
11.11.2010, 00:58
загрузка...
Дала бекіністерінің пайда болуы

Ондаған жылдарға созылған қазақ-жоңғар соғысы барысында, орыстар қазақ жерінің далалық шекаралық аймақтарында әскери-қорғаныс базаларын дайындау мақсатында бекіністер салып жатты . Әлі де патша үкіметінің нақты мақсаттарының анық болмағанына қарамастан Ресей өзінің шығыс шекараларына көп көңіл бөліп, Азияны одан ары жаулау саясатын ұстанды.

Шығысқа жылжудың өзі бірнеше кезеңнен тұрды. Ермактың Сібірді жаулауы барлау акциясының алғашқы кезеңі болса, кейінірек бұл әрекет басқыншылық сипат алды. Соған қарамастан, 18 ғасырда қазақ жері батыс-солтүстік және солтүстік-шығыста Ресей империясымен, оңтүстік-шығыста-қытаймен, оңтүстікте - Бұқар, Хиуа хандықтарымен, оңтүстік-батыста Астрахан маңында қайтадан Ресеймен шектесіп, қоршауда қалды.

Қазақстан Евразия континентінің оңтүстік-шығысында орналасқандықтан Индияға барар жолда жатты.

Осы кезде орыстар Жайықта (Жайық казак станицалары) тұрды. Ал Гурьев қалашығы (Атырау) Ресейдің сауда-экономикалық қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрды. Ресейдің жаңадан қосылған Орал маңын сақтап қалуға ұмтылысы мен Орталық Азия елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын орнатуы - ол кезде елдің европалық бөлігінде таусылып бітуге айналған жаңа табиғи ресурстарға, алтын және минералды шикізаттарға мұқтаждықтың артуымен үндесіп жатты.

Шығыста Орал магниттік аномалиясы - Магнитка немесе Сібірдің алтын-алмаз кендерінің ашылуы Петербор сарайын отарлауға құштарлығын күшейтіп, стратегиялық зоналардағы жаңа жерлерді игеруге итермеледі.

Жоңғарлармен соғыс олардың толық жойылуымен аяқталғанына қарамастан, қазақ хандығын қатты әлсіретіп, ішкі қақтығыстар тоқтамай, қазақ даласы әр жүздің жеке хандығына айналып, бір орталыққа бағынған мемлекет құрудың мүмкіндігі болмады.

I Петр тұсында орыстың әскери-барлау бөлімдерінің Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарына келуі ойраттардың қарсылықтарын туғызып, шекара аймақтарында өзара қақтығыстар басталды.

Ертіс пен Қытай шекарасына дейінгі жерлерді иемденуге көп күш-жігерін жұмсаған Сібірдің бірінші губернаторы князь М.П.Гагариннің авантюристік жоспары орыс-ойрат қатынастарының шиеленісуі барысында өз жалғасын тапты.

Губернатор патшаға қазақ жерінің шекарасы бойынша біртұтас қорғаныс шептерін салу туралы жоспарын ұсынды. Бұл жоспарға сәйкес, Тоболскіден Жаркентке дейінгі жерлерде бекіністер салыну керек еді. Біріншісі Ертіс жағалауындағы Жәміш көлінің маңында, ал қалғандары жұмыс барысында қажетті жерлерде тұрғызылуы жоспарланды.Патшаға өзінің жобасын ұсынған князь, бұл өңірдегі халықаралық қарым-қатынастың тым қиындығын ескермеген еді. Әсіресе, бұл жылдардағы жоңғарлардың агрессивті жоспары қазақ хандығының мүддесіне қарсы бағытталған болатын.Орыс патшасы әскери-қорғаныс пункттерін (шептерін) салуға таңдалып алынған өңірде, сол жылдары ойраттар билік жүргізіп тұрған еді. Ойраттармен болатын әскери қақтығыстарға қарамастан, Ресейдің стратегиялық көзқарасы нақты қимыл жасауды мақұлдады.

Бекіністер салуға мүмкіншіліктің тууына байланысты хабардың жетісімен-ақ І Петр 1724 жылы 22 мамырда "Алтынды жерлерді иемдену үшін подполковник И.Д. Бухгольцтің басшылығымен әскери экспедиция жарақаттау" туралы жарлыққа қол қойды. Патшаның арнайы жарлығында Бухгольцке "Тоболскіге барып, губернатордан 1500 әскери адам алыңыз, Жәміш көліне барып, сонда бекініс тұрғызып, келесі көктемде адамдарыңызбен жергілікті тұрғындардан алтынды қалай өндіретіндігін сұрастырыңыз. Шведтердің арасынан минералды танитын бірнеше адам таңдап алыңыз", - делінген. Осы жарлықтың нәтижесінде, Ертіс, Алтай, Есіл линиялары құрылды.

Барлық әскери-дипломатиялық дайындықтан кейін, 1715 жылдың басында құрамында драгун, солдат, офицерлер, шеберлер, әр түрлі калибрлі 70 зеңбірегі бар 2797 адамнан тұратын И.Д.Бухгольц отряды жорыққа атанды. Жәміш тұзды көліне жақын маңда қазақтар мен Тобыл, Том қалаларының тұрғындары арасында бұрыннан сауда-саттық жүргізілетін. 1715 жылы 1 қазанда экспедиция Жәміш тұзды көліне жетіп, Ямышев атанған бекіністің негізін қалады.

Жоңғар билеушісі Цеван Рабтан ойрат иеліктерінің шетіне бекініс салынып жатқанын естіп, өзінің інісі Церен-Дондукты 10 000 әскермен бекіністі салуға қарсылық көрсетуге жіберді. Ойрат күштерінің басшысы, И.Д.Бухгольцке бұл жерден кетуін талап етті. I Петрдің қатал бұйрығы мен Д.П.Гагариннің инструкциясында "өз мақсаттарына жетуде нық тұру керектігін" есінен шығармай, бекіністі тастап кетпеуге бел буған И.Д.Бухгольц былай жауап қайтарды: "бейбітшілікті бұзып отырғаным жоқ, бекініс патша бұйрығымен жоңғар иелігіне кірмейтін, Орта жүз қазақтарының жайылымдарымен қиылысқан жерінде салынып жатыр. Қорым жеткілікті, көмек келеді, сонда Цеван Дондуктың патшаның ырқына қарсы тұрғанын көремін". Бухгольц, бейбітшілікті сақтаудың бірден-бір жолы "ойрат әскерін кері әкету", - деп кеңес берді.

Сондай-ақ хатта экспедиция басшысы өзінің күшіне сеніп "ойраттар бекініске шабуыл жасаса, кек қайтарамыз" - деп қоқан-лоқы жасайды. Кейінірек қоршаудағылардың жағдайы қиындады. Жәміш бекінісі қоршауда қала берді. Патша көмегі дер кезінде келіп жетпеді. Кейінірек азық-түлік, ақша, қару-жарақ әкеле жатқан керуенді жоңғарлардың ұстап алуы жағдайды одан әрі қиындатты. 450-ден астам адам тұтқынға түсті. Олардың ішінде "Полтава шайқасында" орыстарға тұтқынға түскен бұрынғы швед артиллериясының сержанты әйгілі Иоган Густав Ренат та болды.

Кейінірек ол Жоңғария картасын жасаған еді. Отрядтың көптеген адамынан, 2500 аттың 2200-нен, сондай-ақ Тобольскіден келе жатқан керуеннен айрылған Бухгольц әскерін күніне 20-30 адамын алып кетіп отырған Сібір жарасы одан әрі сиретті. Ақыр соңында 700 адам ғана қалған отряд 1716 ж. 28 апрельде бекіністі түпкілікті бұзып, Ертіс арқылы кейін қайтты. I Петрдің бұйрығы бойынша қазақ жеріне жіберілген әскери-барлау экспедициясы сәтсіз аяқталды. Алайда бұл экспедициясын орыс қоғамы ұзақ уақыт ұмыта алмаған. Мұның алдындағы Хиуаға барған А. Бекович -Черкасский экспедициясы мүшелері толықтай қаза тапқан болатын.

Салыстырмалы түрде Бухгольц экспедициясы аз шығынмен құтылды. Экспедициясының сәтсіз болуына көптеген жағдайлар әсер етті. Соның бірі - бұл елге қарсы жаулық көзқарастың жоқтығын ойрат билеушілеріне түсіндіре алмаған Сібір генерал-губернаторының дипломатиялық қателігі болды. Сонымен бірге экспедицияның басшылығына сырттан келген адамды емес, өз адамын қойғысы келген М.П.Гагариннің Бухгольцпен арақатынасының дұрыс қалыптаспағаны да әсер етті. Бухгольц жалпы жағдайда дұрыс түсіне алмады. Оның жіберген қателігі ретінде жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары әскерімен байланыс орната алмағандығын көрсетуге болады.

Бұзылған Жәміш бекінісінен ұзағаннан кейін И.Д.Бухгольцке Ертістің Ом өзеніне құяр жерде көптен күткен көмек келіп жетті. Сол жерде 1716 ж. 20 мамырда ол Омбы бекінісінің негізін қалады. 1921 ж. Қазақ автономиясы құрылғанға дейінгі бұл елді мекеннің 200 жылдық тарихы қазақ жерімен байланысты. Петербургтың провинцияларының бірі болып саналатын Омбы қаласы ұзақ уақыт бойы "далалық аймақтың астанасы" деп аталған еді.

XVIII ғасырдың басында Қазақстанмен шекаралас жерлерде бірқатар бекініс пунктерін тұрғызу көптеген шығынды, үлкен күш-жігерді қажет етуімен қатар патша сарайы дипломатиясына біраз қиындықтар әкелді. Алайда кең өлкені отарлаудың міндетіне шексіз байлықты игеру, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Ресейдің жаңа жерлерге бекінуі көшпелілер мекендейтін жерлермен шектесетін жерлерде жаңа әскери-инженерлік құрылыстар мен тірек пункттерін тұрғызуға итермеледі .Патша маңайындағылар қанша бүркемелегенімен бұл бекіністердің тікелей мақсаты - Ресейдің оңтүстік-шығыс шекарасын кеңейту болды. Евразия континентінде жаңа ірі - Ресей империясы пайда болды. Ал, оның негізін қалаушы І Петр патша болды .

Бухгольц Петербургке қайтқаннан кейін М.П.Гагарин жаңа экспедициялар ұйымдастырып аймақты игеру саясатын жалғастырды.Князьдің бұйрығымен Жәміш бекінісі қайта тұрғызылып, Ертіс бойымен орыс отрядтарының ары қарай жылжуына арналған тірек базасына айналды.

Қазақ-ойрат қайшылығының қайта күшеюі кезінде қазақ күштерінің жоңғарларға қарсы қарулы қарсыласуын пайдаланып қалу үшін қазақ жерінің түпкірлерін игеруге жақсы қаруланған аз санды әскери топтар жіберіліп отырды. М.П.Гагарин бірінен кейін бірін Павел Северский және Василий Чередовты Ертіс бойына жаңа бекіністерді салуға аттандырды. 1717 жылдың жазында П.Северский отряды Железинскі, ал В.Чередов отряды Колбасинск бекінісін салды. Екінші бекініс тұрғындарының аздығынан қаңырап қалды. В.Чередов Ертістің оң жағалауымен жүріп отырып, кейіннен Семей атанған жаңа бекініс салуға қолайлы жер таңдады.

Қазақ-ойрат соғысы шиеленіскен сайын губернатор сол кезге дейін сыры беймәлім Зайсан көліне барлаушы экспедицияларды оқтын-оқтын жіберіп отырды. І Петрдің арнайы бұйрығы бойынша майор И.М.Лихаревтің басшылығымен тағы бір әскери команда қазақ жеріне жорыққа шықты. Бұл әскери топ ойрат әскерімен кездесіп қалып, шайқасқа түсті. Орыс артиллериясынан көп шығынға ұшыраған ойраттар үш күндік шайқастан кейін бейбіт келісім шарт жасауға қолдары жетті. И.М.Лихарев артқа шегінуге мәжбүр болып қайтар жолында 1720 жылы ¤скемен бекінісін салды. Бұл Цинь империясымен шекарада Ресейдің әскери-инженерлік құрылыс жүйесінің соңғы нүктесі болды. Ресей редуттары, маяктар және басқа да құрылыстарға сүйеніп, үлкен территорияны бақылауға алды. Осы жылы үш әскери -саяси линияларға негіз болған Сібір, Ертіс, Коливанск бекіністері салынды.

Абакан острогы (1707 ж.), Бикатун бекіністерімен (1709 ж.) бірге бұл жаңа бекіністер көшпелілерге белгісіз жақсы үйретілген зеңбіректерімен, жеткілікті қаруларымен жасақталумен қатар, стратегиялық тиімді Обь-Ертіс өзендері аралығы, Құлынды жерінде Ресей өз позициясын нық ұстады, отрашылдықтың тірегіне айналды.

Кейінірек бұл үлкенді-кішілі бекіністер маңайына казак поселениялары пайда болып, егіншіліктің өркендеуіне, әрі Ресейдің европалық бөлігінен көптеген адамдардың қоныстануына негіз болды. Сонымен бірге патша өкіметі қазақтар мен Жоңғария арасында бейбітшілік орнауына жол бермей қырғыз-қайсақ жерін, өзінің геосаяси саясатынан тыс қалдырмады. Алайда, әскери-қорғаныс пункттерінің рөлін анықтауда біржақты көзқарас ұстануға болмайды. Кейіннен империяның аграрлық-саяси ұмтылысына қарай, олардың функциялары өзгеріп отырды.
Сол кезде қалыптасқан Қазақ хандығының халықаралық жағдайына, яғни қазақ-жоңғар, қазақ-орыс қатынастарына байланысты жоғарғы Ертіс және Алтай маңы бекіністерінің рөлі одан әрі артты . Әскери постылардың болуы Алтайдағы тау-кен өнеркәсіп орындарын ғана емес, мал баққан қазақ халқын жоңғар шапқыншылықтарынан сақтап отырды.

Сонымен бір мезгілде Жайық линиясы кеңейіп батыс аймақтағы қазақтардың өзеннің оң жақ жағалауына өтуіне кедергі бола бастады. Шығыста Ой линиясы орталығы, іргесі 1752 ж. қаланған Петропавловск бекінісі болып табылатын Жаңа Есіл бекінісімен қосылатын. Бұл шеп Сібір және Ертіс шептерімен жалғасып жатты. Личный кабинет Сбербанк Онлайн - это удобное управление банковскими счетами дистанционно, с любой точки мира где есть интернет.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 1806 | Загрузок: 253 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>