Есік қорғанының Алтын адамы - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Есік қорғанының Алтын адамы

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:24
загрузка...
Есік қорғанының Алтын адамы

Жетісудағы сақ патшаларының ең жарқын ескерткіші Есік қорғаны болып табылады. Қорғандағы жерлеу б.д.дейінгі 4-5 ғасыр деп белгіленген. Ол 40-тан астам қорғаннан тұратын үлкен бейіттің оңтүстік шетіне орналасқан. Қорғанның көлденеңі 60 метр, биіктігі 6 метр. үйіндінің астынан археологтар екі жерлеу орнын тапты. Олар ортасы мен бүйіріне (оңтүстік шетіне) орналасқан. Орталық бейіт бірнеше рет тоналған, содан ол бүлінген, шеткі молаға ешкім тимеген. Жерлеу лақаты Тянь-Шань шыршасының өңделген бөренесінен қиып салынған. Оның ұзындығы 2,9 метр, көлденеңі - 1,5 метр, биіктігі - 1,5 метр . Лақаттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар, солтүстік бөлігіне жерленген адам орналастырылған.

"Есік" қорғанындағы бейіт, сірә, былайша тұрғызылса керек: алдымен негізі батыстан шығысқа бағдарланған тік бұрыш түрінде мүрде шұқыры қазылған. Шұқыр түбіне бөренеден қиып жерлеу камерасын жасаған. Оның конструкциясы барынша қарапайым: біркелкі ұзындықтағы бес қатар бөренелерді камера қабырғаларын құрайтындай етіп көлденең орналастырған. Бөренелер бұрыштарында өзара байланыстырылмаған, ал линиялары тиіп тұр, камераның көлденең және ұзына бойғы қабырғаларының бөренелі дөңбек ұштары бұрыштарында біріне-бірі кигізілген, бұл үйіндіден сақтаған. Тастың үсті бөренелермен көлденең жабылған. Бір-біріне тығыз қиюластырған жақсы өңделген он тақтайдан жасалған еденде көмілген адамның түрлі заттары жатты. .

Сірә, өлген адамға арналған еденнің учаскесіне ұсақ алтын белгілермен кестеленген маталық төсеніш жайылған. Оған бар рәсімдерімен жарқыраған парадтық киімімен, толық қару-жарағымен марқұм болған адам арқасынан, басын батысқа қаратып жатқызылған.

Оң жақ беліне ағаш қынапты темір қылыш байланған. . Иықтан асынған былғары белбеудің қайыстарын алтын құрсаулар мен жолбарыс басының кедір-бұдырлы бейнесі әшекейлеген.. Сол жағындағы белдігінде темір ақинақ ілінген, оның ағаш қыны желіп келе жатқан бұлан мен жылқы түрінде орындалған екі алтын табақша тігілген терімен қапталған. . Оның әшекейлерінің арасында екі цилиндрлік қаңылтыр белгі ерекшеленеді. Олар - бүктелген қасқырдың бедерлі бейнесі бар айқаспалы белдіктерге арналған оқ сауыт. .

Сол қолының шынтағында алтын ұшты символикалық жебе, одан жоғары - сабы кең алтын лентамен оралған қамшы, одан да жоғары-қола айнасы мен қызыл бояуы бар сәндік жібек дорба жатыр.

Бөлме еденіне өлгендер азығымен ыдыстар қойылған. Рәсімдік ыдыстар құрамына жазуы бар күміс шыны және бір шетте тұрған алтын жалатқан қола табақ кіреді. . Онда жыртқыш құстардың тұмсығы мен тұяғы түрінде орындалған бірнеше алтын табақшалар жатты.

Ыдыстарды орналастыруда белгілі тәртіп сақталған. Саз және ағаш ыдыстар бөлек тұр. Оңтүстік қабырғада ағаш ыдыстар орналастырылған, оның сыртында - екі қатарда - екі табақ, алдыңғы қатарда - табақшалар мен ожау, . Басқа қабырғада бір қатарға бір-біріне тығыз етіп саз құмғандар тізілген, олардың алдында табақшалар, солардың арасында сондай-ақ бірге - екі күміс кесе мен қасық бар. . Қола кесе жерленген адамның басында, сыртта тұр. Камераның шығыс қабырғасындағы еден учаскесі заттардан бос. Бесшатыр қорғандарындағыдай сияқты камераға ену шығыс жақтан болғанға ұқсайды. .

Жерлеу рәсімінен кейін мүрде қысқа бөренелермен жабылған, шұңқырға топырақ толтырылған, содан кейін үйіндіні көтерген. Со алыстағы дәуірдің жерлеу рәсімінің егжей-тегжейін осы заманғы адамның көз алдына келтіруі қиын. Салт жоралардың аяқталу кезеңінің бір көрінісі ретінде мынандай вариант ұсынуға болады. Көп адам қатысқан қаралы шеру жерлеу орнына қарай баяу жылжуда. Алдыңғы еркектер, бәлкім абыздар, қайтыс болған адамның денесі салынған зембілді көтеріп келеді, одан төгілген алтын жамылғы қозғалыс қимылымен үндес желбірейді, отыз бір адамнан тұратын тізбек (мүрдеге қойылған ыдыстардың санына сәйкес) жоралғы ыдыстары мен тамағы бар ыдыстарды әкеле жатыр, ал одан әрі тоқтаусыз ағынмен туысқандары, жауынгерлер, қарасты аумақтың барлық тұстарынан жеткен тайпаластары келеді. Жерлеу орны бұрыннан дайын және осында тұрған дін басылары дене қашан өздеріне берілетін сағатын күтіп тұр. Және солар өмір таусылған жұмбақ дүниеге аттандырудың құпия-cалтанатты процесін аяқтайды. Міне, ақырында, қаралы шеру діттеген жеріне жетеді, бүкіл үлкен тобыр, оның ішінде туған-туысқандары жоғарыда қалады, мүрдедегі бөлінген орынға жатқызу үшін, алдын-ала зембілден алынған жапқышты төсеп, шұңқырға тек абыздар денені көтеріп түседі. Олар мүрде еденіне екі мың үш жүз жылдан астамнан кейін қазу кезінде археологтар тапқан тәртіппен ыдыстарды орналастырады. Олар мүрдені бөренелермен жабады және содан кейін мыңдаған тайпаластары жерлеу қорғанының алып төбешігін тұрғызуға қатысады. Солай болуы керек. Біз ештеңені білмейміз, ата-бабалардың дінге табыну, жерлеу ғибадатының осы бір күрделі жоралғы салттарынан, барлық егжей-тегжейін, сірә, ешқашан білмеспіз де. Қорған "жылнамасы" шалынған құрбандар мен берілген ас туралы біздер үшін ештеңені сақтамаған. Олар, әрине, болды, бірақ ол қорғаннан тыс басқа жерлерде өткен.

¤кінішке қарай, сақ тайпаларының жерлеу рәсімін көз алдыңа қайта келтіруде жазба деректер жеткілікті көмектеспейді. Оның есесіне сақтарда жерлеу рәсіміндегі өлгендерге табыну толықтығы белгілі Геродот скиф патшасын да, "барлық басқа скифтерді" - қарапайым адамдарын да жерлеу рәсімдерін егжей-тегжейлі суреттейді, олардың ата-баба қабірін аса қасиеттейтінін, ал мүрдеге семсер мен күнге құрбан шалатынын баса көрсетеді. (Геродот). Азия сақтарының рәсімдері туралы жазбаларда одан да аз. Басқа грек тарихшысы Ктесийдің (б.д.дейінгі 400 жыл шамасы) хабарлауының арқасында ғана сақтардың өздерінің әйел патшасы Заринаның табытының үстінен алып қорған орнатқаны және оған алтын статуя қойғаны белгілі болды. Бұл деректер өте маңызды, бірақ сақ жерлеу рәсімін қайта елестету үшін жеткіліксіз. Сондықтан археологиялық деректер зор маңызға ие болады. Міне, солар ғана ертедегі жерлеу рәсімінде орын алған мүмкін болған варианттардың бір көрінісін шамамен объективті түрде жаңғырту мүмкіндігін береді.

Антропологтардың айқындауынша, "Есік" қорғанында жерленген адам 17-18 жаста болған, физикалық түрі бойынша ол сақтарға жатады. Жауынгер киімі де ерекше ынта туғызады. Оның киімдерін, бас киімін және аяқ киімін 4000 астам көркемдігі жоғары алтын тоғалар мен табақшалар әшекейлеген. Есік жауынгерінің киіміндегі жеке жануарлы, өсімдікті сарындағы барлық тоғалар күрделі, толық үйлесімді композицияға біріккен. . Бас киімнің оюлы аймағында көп желілі композиция ерекше айқын және мәнерлі берілген. . Егжей-тегжейлі тоқтамастан, тек құстары отырған өскен ағаштарымен тау түріндегі табақшалар шеңбері бойынша дөңгелене орналасу Жетісу үшін соншалықты тән шын мәніндегі тау пейзажының айқын картинасын жасайтындығына ғана назар аударамыз. . Барыстарымен және таутекелерімен тау көрінісі желісімен келесі аймақ тағы да зор әсер қалдырады. Бұл сюжеттерде ойдан, қиялдан шығарған ештеңе жоқ, шебер күнделікті өмірден көргендерін, туған тауларының көрінісін және сонда тіршілік еткен жануарларды бейнелеген. Бірақ ол жансыз көшірмеші болып қоймаған, көсемнің салтанатты бас киіміндегі жыртқыш аңдар бейнесінің семантикасында терең мән мен мазмұн жатыр.

Есік жауынгерінің бүкіл киімі мұқият ойластырылған. Ол шебердің сән әдістері мол құралдарын шығармашылықпен пайдаланғанын, білімін, іскерлігін білдіреді. Ол үшін жануаралар бейнелері оюдың үзігі ретінде ғана маңызды емес. Зооморфтік сарындардың өміршеңдігін өрнектілікпен үйлесімді үндестік табуы өте күшті көркемдік тиімділік туғызады. Тіптен Есік өнерінің қияли желілері, қаншалықты тосын болса да, шыншыл және өміршең.

Есік қорғанының, сондай-ақ Жетісудың басқа сақ ескерткіштерінің торевтикасында жыртқыштар бейнелері пұтнамаларының жалпы ерекшеліктері, оның шығу тегінің жергілікті екендігін білдіреді және бұл зергерлік бұйымдар сырттан әкелінген деуге негіз жоқ. Бұл заттарда "аң стиліндегі " скифтік-сібірлік өнермен ортақтық көп, сонымен бірге жергілікті металл өңдеушілердің қолтаңбасын сыйпаттайтын ерекше белгілер де аз емес.

Жануарлар түрлерінің ерекшеліктері атап көрсетіледі. Жыртқыштарды бейнелегенде торевт өзінің назарын дене иілісінің жұмсақтығына және азулы ауызына аударады. Тұяқтылардың тұяғы, мүйізді және басқалары мұқият бейнеленген. Алайда гиперболизация шамалы немесе бейнені мұқият сомдау қиынырақ болған жерге қолданған. Мысалы, қанжардың жүзінде барлық жануарлар сұлбасы бейнеленген, оның есесіне жыртқыштардың тырнақты табандары, ақсиған ауыздары және жымқырылған үшбұрышты құлақтары, арқарлардың, ешкілердің және бөкендердің қарағайдай мықты мүйіздері, тұяқтары, қояндардың үлкен дөңгелек көздері, салпақ құлақтары үлкейтіп көрсетілген.

Есік қорғанынан жануарлар бейнесінен басқа өсімдікті және геометриялық өрнектелген заттар табылды. Шиыршықтар, жапырақтар, жапырақшалар, қауыздар, түйнектер түріндегі алуан қиыстырулар неғұрлым жиі ұшырасады. . Геометриялық пішіндерден квадрат, тікбұрыш, ромбалар, дөңгелекшелер, жарты ай жиірек салынған. . Мұндай түр барлық ұсақ тоға-жапсырмаларда бар. Бірақ Есіктегі геометриялық және өсімдікті өрнектерде шартты түрде берілген "аңдық стильдің" кейбір белгілері бар. Бұл тұмсық түріндегі және тұяқ түріндегі пластинкалар. .

Көптеген заттардың арасында жалғыз олжа болып табылатын антропоморфты бейне ерекше ынта тудырады. Мөр жүзігінің қалқаншасында беттің сопақша ұзартылуымен, ұзын көрінген мұрнымен, кесек иегімен адам басының қырынынан теріс батыңқы бейнесі басылған. Көзі бадам дәні тәрізді, құлағы ширатыла көрсетілген. Бас киімі таң қаларлық. . Осы кезеңдегі көшпенділер өнері аңдық бейнелердің толық басымдылығымен сыйпатталатын фактісін ескеретін болсақ, онда антропоморфтық бейнелеулер өте сирек кездеседі.

Есік бұйымдарының көпшілігі металдан құю, қалыптау және нақыштау техникасымен жасалған. Көркем бұйымдардың дөңгелек мүсін, биік бедер, бәкене бедер және жазықтықты сұлбалы бейнелеулер түрі бар.

Есік металл өңдеушілері өндірісте түрлі материалдарды: металды, ағашты, матаны және теріні кең пайдаланады. Олар бір бұйымды жасауда металды ағашпен, түрлі металды өзара, теріні ағашпен, теріні матамен білгір қиыстырды. Қамшының ағаш сабы мен бас киімнің шошақ басы әшекейлері алтынмен апталған. Темір мен алтынды үйлестіру семсерде, қанжарда және қасиетті ағаштар бейнесінде қолданылады. Бұл заттарда темір негіз алтын тіліктермен жозыланды, алтын сымдармен тартылды және табақшалы алтынмен оралды. Шапан мен етіктегі барлық екі мың төрт жүз он бір үшбұрышты алтын тоғалардың қола негізі бар. . Есіктегі өнер туындылары скифтік-сібірлік өнердің "аң стилі" ескерткіштеріне жатады, оның бір ерекшелігі жануарларды бейнелеу сәнділік қызметіне қатаң бағынады. Сарындары мегзеуге ұшырайды және берілген түрінде қалпына келтіріледі, бірақ бейненің табиғилығы мен шыншылдығына зиян келтірмейді.

Қазақстан аумағындағы жазудың ертедегі ескерткіші деген жазуымен күміс ыдыс олжалардың арасында ерекше орын алды. . Бұрынғыға қарағанда, қазір Қазақстанның сақ тайпалары 2400 жылдан бұрын жазуды білген деген мәселені ғылымда берік негізде қоюға болады. Рас, оның тілдік белгілері туралы қорытынды шығару әлі ертерек. Қазіргі уақытта жетісулық сақтардың түрік тіліне жататындығын дәлелдеу мүмкін емес, сол сияқты оларды иран тілінде сөйлейтін халықтар отбасына жатқызу пайдасына сенімді дәлелдер жеткіліксіз. .

Бұл этнографиялық олжаның басқа астары - б.д.дейінгі 4-6 ғасырлардың өзінде қазақстандықтардың жазуы болғандығы маңызды. Жазудың шығу тегі әзірге шамамен болжануы мүмкін. Ежелгі тілдер жөніндегі мамандар И.М.Дьяконов, В.А.Лившиц, С.Г. Кляшторный есіктік жазу әлі күнге әлемдік ғылымға белгісіз әліпбимен жазылған деп санайды. Мұндай тұжырым бұл әліпбиді Жетісу сақтары немесе әлдебір қолданылған жазулар, мысалы арамей жазулары негізіне туыс тайпалар шығарған дегенді болжайды.

Есік қорғаны бейнелеу өнерінің шығармалары өнердің әлемдік тарихындағы жарқын беттер болып табылады. Ертедегі торевтиканың бұл жаућарлары Жетісу сақ тайпаларынан шыққан суретші-шеберлердің қолымен жасалған. Оларды шеттен әкелінген деуге біздің ешқандай дерегіміз жоқ, шығуы жергілікті екендігіне ешқандай күмән жоқ.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 11323 | Загрузок: 856 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.2/8
Всего комментариев: 2
2  
5454545

1  
рахмет сіздерге

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>