Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Наурыздың шығуы немесе Мади патшаның өлімі

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:28
загрузка...
Наурыздың шығуы немесе Мади патшаның өлімі

Наурыз - ең ежелгі Жаңа жыл. Ертедегі халықтар Жаңа жылды көктемде мейрамдады, өйткені көктемде табиғат оянады, күзде мол өнімге кенелетініне үміттеніп, астық тұқымдастарды және басқа дақылдарды себуге болады. Жаңа жылды, ал сонымен бірге жаңа өмірді қарсы алу дәстүрінен еуропалық елдерде қарағайдың немесе шыршаның мәңгі жасыл бұтағы қалды ... Мәселе Жаңа жылды қыста қарсы алатын елдерде Көктемнің бейнесі ретінде қылқан жапырақты өсімдіктер аталды, міне, сондықтан шыршалар мен қарағайлар 1 қаңтардың алдында безендіріледі.

Наурыз фарсиден аударылғанда Жаңа жыл дегенді білдіреді. Бірақ ертедегі Жаңа жылдың өзінің тарихы біздердің алыстағы ата-бабаларымыз - скифтермен тікелей байланысты. Ертедегі грек тарихшысы Геродот жазғанындай, скифтер б.д.дейінгі YII ғасырдың 70-жылдарында Азия далаларынан Ассирия мен Вавилонияға келді және 28 жыл сонда билік жүргізді. Ассирия патшасы Ассархаддон скифтермен одақ құрып, өзінің қызын Ишпақайдың баласына, скиф ханзадасы Партатуаға берді. Ишпақай патша кезінде скифтер мен киммерийліктердің Кіші Азияға жорығын бастап барды да. Скиф патшаларының бір ұрпағы ауысып, енді ассириялық ханшадан туған Партатуаның ұлы Мади скифтерді басқарды. Кіші Азияда скифтер ассириялықтар жағында Мидия мен Вавилонға қарсы соғысты, соққан дауылдай Месопотамия, Сирия және Палестина арқылы өтіп, Египет шекараларына жетті. Перғауын Псаметтих олардың шабуылдарынан алым-салықтармен есептесіп, скифтермен келісімге үлкен қиыншылықтармен қол жеткізді.

Ежелгі Жаңа жылдың алдында, көктемде, 595 және 594 жылдардың аралығында мидиялық патша Киаксар скиф көсемдерін мерекелік тойға шақырды. Барлық сақтықтарын жоғалтып, қонақтар асыра ішіп, ұйықтап қалғанда, мидиялықтар оларды тас-талқан етті. Бұл оқиға туралы "Географиясында" Страбон былай деп жазады: "Бүкіл халықтық мейрам кезінде түнде парсы қолбасшылары сақ көсемдеріне шабуыл жасап, оларды жойып жіберді. Осы жазықтықта жартастардың біріне топырақ үйіп, парсылар жартасты төбе түріне ұқсатты, содан кейін қабырғасын тұрғызды және Ананте мен онымен ортақ мехрабы бар құдайларға - Оман мен Анадат парсы тәңірлеріне ғибадатхана салды, жыл сайынғы қасиетті Сахеи мейрамын белгіледі және оны қазір де өткізіп тұрады". Страбон.

Әңгіме скиф патшасы Мади мен оның әскербасыларын парсылар алдап шақырып алып, содан кейін тойдан соң ұйықтап жатқан жерлерінде өлтірілген белгілі оқиға туралы болуда. Парсылар-мидиялықтар мұны аса зор жеңіс деп қабылдауы мүмкін, өйткені аса қорқынышты жауларынан құтылды. Қолбасыларын жоғалтқан скиф әскерлері өз далаларына қарай қашты. Сол кезден бері Таяу Шығыс елдерінде көктемгі күн мен түннің теңесуіне тура келетін көктем мерекесі Сахеи тойланады.

Көшпенділердің сенгіштігі мен ақкөңілдігі туралы Страбон, әрине, парсылардың жауыздығын ақтамастан, одан әрі былай деп жазады: "¤йткені біз скифтерді ең ақжарқын, зұлымдыққа қабілетсіз, сондай-ақ бізге қарағанда неғұрлым ұқыпты және неғұрлым тәуелсіз санаймыз. Жалпы айтқанда, бізде қабылданған өмір салты олардың ортасына сән-салтанат пен ләззатқа ынтызарлықты енгізе отырып, бүкіл халықтардың дерлік әдет-ғұрыптарын бұза сақтады, ал бұл дерттерді қанағаттандыру үшін - пасық тіміскілеулер мен ашқарақтықты тудыратын олардың сансыз көріністері пайда болады. Осы іспетті адамгершіліктен азғындау едәуір дәрежеде тағы тайпаларға да қатысты болды ... ". Страбон. Бұдан екі мың жылға жуық бұрын ұлы тарихшы әрі географтың аузымен алтын сөздер айтылған еді. Олар қазір де қаншалықты маңызды десеңізші! Сол алыс жылдардан бері көктемгі күн мен түннің теңелуінде, 21-22 наурызда, орта азиялық және парсылық (ирандық) Жаңа жыл - Наурызды тойлау дәстүрі жалғасып келеді. Ал бұл мерекенің негізінде мидиялық-парсылық қасиетті Сахеи мейрамы жатыр, өйткені дәл осы күні жауыз парсылар сақ көсемдерін жеңді.

Жаңа жылды көктемде, көктемгі күн мен түннің теңелуінде тойлау дәстүрі осы күнгі үндістанда да сақталған. үнділік күнтізбеде есеп б.д. дейінгі 78 жылдан, яғни ежелгі уақыттардан бері жүргізіледі және бұл дәуір - Саха дәуірі деп аталады.

Сол алыс жылдардан бері көктемгі күн мен түннің теңелуінде, 21-22 наурызда, орта азиялық және парсылық (ирандық) Жаңа жыл - Наурызды тойлау дәстүрі жалғасып келеді. Ал бұл мерекенің негізінде мидиялық-парсылық қасиетті Сахеи мейрамы жатыр, өйткені дәл осы күні жауыз парсылар сақ көсемдерін жеңді.

Жаңа жылды көктемде, көктемгі күн мен түннің теңелуінде тойлау дәстүрі осы күнгі үндістанда да сақталған. үнділік күнтізбеде есеп б.д. дейінгі 78 жылдан, яғни ежелгі уақыттардан бері жүргізіледі және бұл дәуір - Саха дәуірі деп аталады.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 1895 | Загрузок: 321 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>