Тәңірге құлшылық, біздің ата-бабаларымыз неге тәңірге сиынды - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Тәңірге құлшылық, біздің ата-бабаларымыз неге тәңірге сиынды

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:33
загрузка...
Тәңірге құлшылдық немесе біздің ата-бабаларымыз неліктен тәңірге сиынды

Біздердің көпшілігіміз жаңа туған айды көрген аталарымыз бен әжелеріміздің екі қолын кеудесіне басып, үш рет қайталап, оған сәлем беріп жатқанына талай рет назар аударған болармыз, сірә. Сондағы айтар сөздері былайша:
Бісмілла!
Ай көрдік, аман көрдік,
Ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа! - деп, басталады да:
"Құдай, өзің жарылқай гөр, жақсылығыңды аяма! Аллау акпар!"- дегенді қосып қояды да, өз істерімен одан әрі айналыса береді. Біздерге алыс уақыт тереңінен жеткен "сәлем беру" әдеттен тыс көрініс болса да, оның астарында және осылайша айту әдет-ғұрпында терең, өзінің ұзақ тарихы бар мән жатыр.

Бұл сәлемдесуге кемінде үш-төрт мың жыл. Ертедегі сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, көк түріктер, түркештер, ұйғырлар, қарлұқтар бір дінге, бір құдайға - Тәңірге (Аспанға) табынды.Тек ұйғырлар аз ғана уақыт аралығында ерте христиандықтың бір түрі манихейлікті ұстанды, кейінірек Тәңірге табынуға қайта оралды. Ежелгі уақыттардан түріктер тәңірге табынушылар еді. Тәңірге табынушылықта көк аспан, ашық күн, жарық ай ең қасиетті, құдыретті деп есептеледі. Аспан немесе Күн-Тәңір барлық мәндінің бәрінің жаратушысы, құдыретті иесі деп саналады, ал мемлекетті басқарушы, қаған - елдегі жоғары лауазымды адамға аспан құрметтеген (Тәңірқұты) құдырет ретінде табынды. Сондықтан ғұндар көсемдері туралы: "Ол аспан мен жерден, күн мен айдан жаралған оны таққа отырғызды, ол ғұндардың (Тәңірқұты) ұлы, әрі құдыретті басқарушысы,-делінген" ( "Хан әулетінің кітабы", 96 "А"). ‡йсіндерде көсемдерін Күнби деп атады, мұнда құдырет немесе аспандық мән бар. Таста қашалған ерте түрік жазуларының біздерге жеткен Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл туралы былай деп жазылады: "Жоғарыда аспан пайда болғанда, төменде қара жер көрінді, ал олардың арасында адамзат балалары туындады". Бұл жазулардан таққа ие болу, басқарушы мен халықтың әл-ауқаты Тәңірге деген сенімге сүйенеді деген айқын аңғарылады және де дін мен мемлекеттік саясат қол ұстасып, ажырамай жүрді, екеуі бірге ел мен халықты басқарудың құралы болды. Билеушілердің өздері де, алдымен Тәңірдің (Аспанның) қолдауының, құдырет күшінің арқасында, содан кейін жеке артықшылықтары мен сәттіліктің нәтижесінде олар таққа отырдық, қаған атандық және халықты биледік деп санады. Сондықтан да біздердің ата-бабаларымыз Аспан мен Тәңірді қасиеттеп, тең мәнді тұлғалар санады, сонымен бірге жерлік бастау мен құнарлылықты кейіптеуші ұмай жері ерекше қастерленді және сулар, таулар солардың атымен аталғанын байқауға болады. . Ғұндар мен үйсіндер биік, құдыретті тауларды мекендеді, Чиляншан деп аталатын етектері де Тәңір тауларына лайық делінді. Тянь-Шань, Тәңір таулары деген қытай атаулары ғұндардан қалған атаулар, өйткені Тянь дегеніңіз Тәңір деген сөз.

Біздер, қазақ халқы, үшін де аспан құдайдай қасиетті. Аспан - оның көктігі мен тазалығы - жастық пен көктемнің, берекенің, тәуелсіздік пен бостандықтың белгісі. Тәуелсіз және егеменді Қазақстанның туы мен басқа да мемлекеттік рәміздерінің көкшіл, аспан түстес болуы кездейсоқ емес, бұл ғасырлар тереңінен келе жатқан дәстүр, оған мың-мыңдаған жыл.

Біздердің әкелеріміз, аталарымыз және бабаларымыз өмірінің көпшілік бөлігін ат үстінде, биік көк аспан астында өткізді, олар жылқы тұяғының дүбірі арқылы жерге құлақ түрді. Тамағын төрт аяқты малдан алды, ал жүрегі мен жанын аспан толықтырды, шексіз аспан әлемі олардың рухани азығы болды, кең дала көлемімен аспанға теңелді, сондай-ақ биікке, аспанға ұмтылған таулардың биік төбелері аспанға сәйкестенді.

Табиғаттың кез-келген құбылысына ат берген ертедегі малшылар ең алдымен оның сыртқы түріне, кейпіне, түсіне және бояуына, табиғаттағы орнына назар аударды. Бірде-бір зат көшпендінің көзінен сырт қала алмады. Ол алдын да, артын да жіті қадағалады. Түріктер аспанды тек құдырет деп қана қоймай, оны сүйді, оған сүйсінді, сонымен бірге одан қорықты, сақтанды. Бұған себеп Күн жылу мен жарық беріп, сонысымен өмір сүргізді, және ол аспанмен күн сайын өтіп, сонысымен көшу үлгісін көрсетті. Түріктер табиғатта Күннен күшті ештеңе жоқ екенін түсінді.

Аттың жалы, түйенің қомындағы өркениет өмір мен өлімнің, гүлдену мен солудың бірыңғай қайталамасы ретінде күннің шығуы мен батуынан үлгі алды. Таңертең, бірінші кезекте, біздің ата-бабаларымыз күнге, оның қалай шыққанына назар аударды, сондай-ақ оңы мен солында және артында не болып жатқанын қырағы байқады. Күннің көзі үйге түсуі үшін, киіз үйдің есігі шығысқа қаратылды. Халық пен әскерді осылайша басқарды, оң және сол қанаттың бектері Шығыс пен Батысқа сәйкес болды, сол қанаттағы бек Шығыста, оң қанаттағы бек - Батыста басқарды. Сол немесе шығыстық бек қағаннан кейінгі бірінші лауазымға ие болды. Әскерлер сапар кезінде немесе шайқас үстінде осындай тәртіпті ұстанды.

Уақыт та Күн қозғалысы бойынша есептелінді. Ал Айдың аспанмен жылжуы жылдық күнтізбе негізіне алынды. Табиғаттағы өзгерістер аспан жұлдыздарының қозғалыстарымен байқалды, ал шаруашылық жұмыстары соларға қарап жүргізілді.

Түрік халықтарында Көк-Аспан сөзімен әрқашан Тәңір-Құдай қатар қойылды. Барлығының, қоғам мен табиғаттың өз жөн-жүйесі, тәртібі болды, жаман мен жақсы, керекті мен керексіз тек Құдай-Тәңір арқылы қаралды, адамның тууы, оның борышы мен міндеттері, адамдық мінездерінің көрінуі, адамдық пен киелілік тек Аспан арқылы, Аспан Құдыреті - Тәңір арқылы қаралды. Әр заттың өзінің мәні, құпия-жұмбағы, өлшем-мөлшері болды. Бұл көзқараспен қарасақ, Тәңір-хандық пен Ислам арасында айырмашылықтан гөрі, ұқсастық басым. Сондықтан 8 ғасырдың соңы мен 9 ғасырдың басында Сырдария мен Жетісу алқаптарына ислам келгенде, түркештер мен караханидтер жаңа дінді онша жатсынбай қабылдады. Ал қараханидтер исламды мүлдем мемлекеттік дін ретінде пайдалана бастады. Тарихи шындық осындай. Ал басқа халықтар бөтен дінді әрқашан жаулықпен қарсы алды, осы үшін қаншама қан төгілді десеңізші. Бәрі салыстырмада білінеді және біз де көшпенді мен отырықшы арасындағы айырмашылықты түсіну үшін осы әдісті қолданайық. Көшпенді бүкіл өмірін ертоқым үстінде өткізеді, малдың артынан жүріп отырады, оның көзі аспанды, табиғатты шарлайды, табиғаттағы өзгерістерді, басқа жыл уақытының келгенін бірінші байқайды және ол үстінде күн жарқырап, Аспан-Тәңірі тұрған алдындағы кең жазықтықты, аспан мен даланы, биік тауларды көреді.

Ал диқан жермен жұмыс істеді, оның екі көзі төменге, өз еңбегінің жемісі отырғызылған орынға қарады. ¤се ме, өспей ме, бақыт па, бақытсыздық па, табиғат апаты ма, ауыртпалық па - бәрі диқан үшін жер мен суға, топырақ пен оның құнарлығына байланысты болды. Сондықтан отырықшы диқан көз алдында тек жерді көрді де, өзіне тастан, балшықтан және ағаштан құдай соғып алды, және де құдайлар мен пұттарды өзі, өз қолымен жасап алды.

Егер біреуі желден жүйрік атпенен күніне 500 шақырым жер алып шапқыласа, ал басқалары жаңбыр мен су көмейін ашып-жапқан мұрабтарға қарап елеңдесе, онда екі халықтың өмірі салыстыруға келе ме?

Тәңір-Аспанға, Аспан әлеміне, Ғарышқа және Әлем дүниесіне табына, өздерін Аспан дүниесінен жаралған балалары санаған біздің алыстағы ата-бабаларымыздың өмір салтында аса терең мән жатыр.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 2604 | Загрузок: 381 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>